• Мое избранное
2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.03.2011 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2010 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 18.03.2011 № 266 Қаулысымен. (19.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 19.07.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге жарты жылдықтың  қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 4 желтоқсандағы
 N 2010 қаулысымен
 бекітілген
2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2010 № 344, 19.07.2010 № 733 Қаулыларымен. (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
 
Р/с
N
Іс-шаралар Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі Болжамды шығыстар (млн. теңге) Қаржыландыру көздері
1 2 3 4 5 6 7
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру
1 Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, камқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны беру "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Еңбекмині 2010 ж. I тоқсан 2010 жыл - 5196,7;
2011 жыл - 9510,1
Республикалық бюджет
2 Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы әдістемелік құралдарды, нұсқауларды әзірлеу және басып шығару Жарияланымдар, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) 2011 - 2012 ж.ж. 20 қаңтар 2010 жыл - 5,140;
2011 жыл - 9,500
Республикалық бюджет
3 Бала құқықтары туралы конвенция ережелерін орындау жөніндегі мәселелерді өңірлердің стратегиялық жоспарларына енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ (жинақтау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 ж. 20 шілде Талап етілмейді

4 Мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын тарта отырып, барлық санаттағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бөлігіндегі заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ (жинақтау), ДСМ, Еңбекмині ІІМ, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 - 2012 ж.ж. 20 қаңтар және 20 шілде 2010 жыл - 4,000;
2011 жыл - 4,340
Республикалық бюджет
2. Мүдделі министрліктермен, ведомстволармен және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
5 Барлық санаттағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық үйлестіру мен ынтымақтастықты жетілдіру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ (жинақтау), ІІМ, ДСМ, Еңбекмині, ҮЕҰ (келісім бойынша) 2011 ж. 20 қаңтар Талап етілмейді

6 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жөнінде әдістемелер әзірлеу және енгізу әдістемелік ұсынымдар БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 ж. 20 шілде Талап етілмейді

7 Отбасылармен және балалармен, оның ішінде мүгедек балалармен әлеуметтік жұмыс жасаудың, сондай-ақ отбасылық нашар тұрмыстың алдын алудың жаңа технологиялары мен нысандарын енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ (жинақтау), Еңбекмині ІІМ, облыстарды ң, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 ж. 20 қаңтар Талап етілмейді

8 Балалардың ақпараттық саладағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттемелерді орындау жөнінде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар, талдамалық есеп, ұсыныстар БҒМ (жинақтау , ҮЕҰ (келісім бойынша) 2011 ж. 20 қаңтар 2010 жыл - 5,075 Республикалық бюджет
9 Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерінің республикалық ақпараттық деректер банкін құру Деректер банкі, БFМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына орналастыру БҒМ (жинақтау) ҮЕҰ (келісім бойынша) 2010 ж. 20 шілде Талап етілмейді

10 Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық органдарының қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ 2010 - 2011 ж.ж. 20 қаңтар 2010 жыл - 660,230;
2011 жыл - 816,335
Республикалық бюджет
11 Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) 2010 - 2011 ж.ж. 10 қаңтар, 10 шілде Талап етілмейді

12 Ведомстволық тиеслілігі әр түрлі ұйымдар мен органдардың қызметін мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нормаларын сақтауды көрсеткіш ретінде енгізу жөнінде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар, талдамалық есеп, ақпарат БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) 2011 ж. 20 қаңтар 2010 жыл - 5,075 Республикалық бюджет
3. Балалардың сапалы білім, медициналық және әлеуметтік қызметтерді алуы үшін жағдайлар жасау
13 Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж. 10 қаңтар Талап етілмейді

14 Пенитенциарлық ұйымдардағы кәмелетке толмағандардың қоғамда толыққанды бейімделуіне ықпал ететін білім беру қызметтерін алуға құқықтарын қамтамасыз етуді мониторингілеу жүйесін енгізу жөнінде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар, талдамалық есеп, ақпарат БҒМ (жинақтау), Әділетмині, АҚҰО, ҮЕҰ (келісім бойынша) 2012 ж. 20 қаңтар 2011 жыл - 5,075 Республикалық бюджет
15 Психофизикалық ауытқуларды анықтау және психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияға уақтылы жіберу мақсатында сәбилерді скринингтік тексеруден міндетті өткізуді қамтамасыз ету БҒМ-ге ақпарат ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 - 2012 ж.ж. 10 қаңтар Талап етілмейді

16 Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметке кірігуін қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар әзірлеу Әдістемелік ұсынымдар, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ 2011 - 2012 ж.ж. 20 қаңтар Талап етілмейді

17 Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді сауықтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту Бірлескен бұйрық Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, ДСМ 2010 ж. IV тоқсан Талап етілмейді

18 Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандардың ведомстволық бағыныстылықтың барлық түрлері мен үлгілеріндегі органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау моделін әзірлеу Нұсқаулық хат БҒМ 2011 ж. 20 шілде Талап етілмейді

19 Балалар үйлері, мектеп-интернаттар, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы түзету білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мекемелер мен ұйымдар қызметінің мониторингін жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ, АҚҰО (келісім бойынша) 2010 - 2011 ж.ж. 20 шілде Талап етілмейді

20 "Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштері" атты анықтамалық материалды әзірлеу және басып шығару Жинақ, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ 2011 - 2012 ж.ж. 20 шілде 2010 жыл - 0,5;
2011 жыл - 0,5
Республикалық бюджет
21 Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту Бірлескен бұйрық Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ 2010 ж. IV тоқсан Талап етілмейді

22 Арнайы түзету білім беру ұйымдарын ашу (қайта жаңарту) БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж. IV тоқсан Ақтөбе облысы:
2010 жыл - 217,860
2011 жыл - 508,340
Қостанай облысы:
2010 жыл - 50,000
Жергілікті бюджет
23 Жалпы оқыту жүйесін жетілдіру және мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 ж. 20 қаңтар Талап етілмейді

4. Өмірде қиын ахуалға тап болған балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, панасыз қалудың және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін шаралардың кешенді жүйесін қалыптастыру
24 Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде өмірде қиын жағдайға тап болған ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ (жинақтау), ІІМ, Еңбекмині, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж. 20 шілде Талап етілмейді

25 Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған "Адамның адамгершілік-рухани өсу мектебі" тақырыбында оқыту семинарларын, тренингтер өткізу Ұсынымдар, талдамалық есеп БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) 2011 ж. 2011 жыл - 4,075 Республикалық бюджет
26 Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мерзімді баспа басылымдарын әзірлеу және шығару Мерзімді баспа басылымы БҒМ 2010 - 2011 ж.ж. 2010 жыл - 15,460;
2011 жыл - 15,460
Республикалық бюджет
27 Мектептегі каникулдар кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, спорттық және сауықтыру лагерлері мен бос уақытты ұйымдастыру мекемелерін құру жөнінде шаралар қабылдау БҒМ-ге ақпарат ТСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері , ҮЕҰ (келісім бойынша) 2010 - 2011 ж.ж. 10 қаңтар Талап етілмейді

28 Қызығушылықтар бойынша қоғамдық балалар ұйымдарын одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдау БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) 2010 - 2011 ж.ж. 10 шілде Талап етілмейді

29 Қиын жасөспірімдерге арналған әлеуметтік психологиялық оңалту қызметін құру БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) 2011 ж. 10 шілде Талап етілмейді

30 Жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік оқу орындарында құқық қорғау бағытындағы қоғамдық жасақтар құру БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) 2011 ж. 10 қаңтар Талап етілмейді

31 Балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салуды және оларды жоюды қамтамасыз ететін тиімді іс-шаралар қабылдау БҒМ-ге ақпарат Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж. 10 шілде Талап етілмейді

32 Қадағалаусыз, панасыз қалған, оның ішінде оқымайтын балаларды есепке алу жүйесін енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар ІІМ 2010 ж. 20 шілде Талап етілмейді

33 Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу Әдістемелік ұсынымдар ІІМ (жинақтау), БҒМ 2011 ж. II тоқсан Талап етілмейді

34 Бірлескен кешенді жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу БҒМ-ге ақпарат ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 ж. 10 қаңтар Талап етілмейді

35 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталықтарын ашу жөнінде ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар БҒМ 2011 ж. 20 шілде Талап етілмейді

5. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу
36 Барлық санаттағы балаларды білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ (жинақтау) ДСМ, Еңбекмині, ҮЕҰ (келісім бойынша) 2011 ж. 20 шілде Талап етілмейді

37 Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін жаратылыстану-математикалық бағыттағы және техникалық-шығармашылықтағы қосымша біліммен қамтуды қамтамасыз ету Нұсқаулық хат БҒМ 2010 ж. 10 қаңтар Талап етілмейді

38 Болашақ аналармен жұмыс жасау үшін босану ұйымдарын психолог мамандармен жасақтау жөнінде шаралар қабылдау БҒМ-ге ақпарат ДСМ (жинақтау) облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 ж. IV тоқсан Талап етілмейді

39 БАҚ-ты тарта отырып, нысаналы топтар (оқушылар, студенттер) арасында әлеуметтік жетімдік проблемалары туралы түсіндіру науқанын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар ақпарат БҒМ (жинақтау) ДСМ, Еңбекмині, БАМ облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ҮЕҰ (келісім бойынша) 2010 - 2011 ж.ж. 20 шілде Талап етілмейді

40 "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде патронаттық және асырап алушы отбасыларға көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту және сапасын жақсарту Бірлескен бұйрық БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ 2011 ж. 10 шілде Талап етілмейді

41 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар БҒМ 2010 - 2011 ж.ж. 20 шілде Талап етілмейді

42 Облыстық, қалалық білім департаменттеріне, басқармаларына, аудандық білім бөлімдеріне балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қосымша мамандар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 ж. 20 шілде Ақтөбе облысы:
2010 жыл - 8,195
2011 жыл - 10,653
Атырау облысы:
2010 жыл - 0,595
2011 жыл - 4,764
Шығыс Қазақстан облысы:
2010 жыл - 37,812
2011 жыл - 38,988
Жамбыл облысы:
2010 жыл - 18,606
2011 жыл - 17,591
Қарағанды облысы:
2010 жыл - 53,253
2011 жыл - 69,232
Маңғыстау облысы:
2010 жыл - 1,357
2011 жыл - 1,813
Солтүстік Қазақстан облысы:
2010 жыл - 11,542
2011 жыл - 15,004
Оңтүстік Қазақстан облысы:
2010 жыл - 10,149
2011 жыл - 13,193
Жергілікті бюджет
43 Патронаттық отбасыларда тәрбиеленетін, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша мониторинг және бақылау жүргізу БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж. 10 шілде Талап етілмейді

44 Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар ауылдарын ашу БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж.IV тоқсан Ақтөбе облысы:
2010 жыл - 100,000
2011 жыл - 100,000
Алматы облысы:
2010 жыл - 100,000
2011 жыл - 364,000
Жергілікті бюджет
45 Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған отбасы үлгісіндегі үйлерді ашу БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж. IV тоқсан Ақтөбе облысы:
2010 жыл - 10,495
2011 жыл - 30,000
Оңтүстік Қазақстан облысы:
2011 жыл - 132,000
Астана қ.:
2011 жыл - 800,000
Жергілікті бюджет
46 Балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бітірушілері үшін жасөспірімдер үйлерін ашу БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 ж. IV тоқсан Шығыс Қазақстан облысы:
2011 жыл - 10,000
Маңғыстау облысы:
2011 жыл - 250,000
Астана қ.;
2011 жыл - 920,000
Жергілікті бюджет
47 Балалардың үйлері мен мектеп-интернаттарды балалар үйлері және отбасы үлгісіндегі ауылдарға қайта бейіндеу арқылы жетім балаларға арналған балалар мекемелерін деинституционализациялау БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж. Талап етілмейді

6. Балалардың мәдени және шығармашылық өмірге қатысу құқығын іске асыруға ықпал ететін жағдайлар жасау
48 Балалардың әлеуметтік бастамаларын, балалардың қоғамдық қозғалыстарын және балалардың қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша ұлттық заңнамаға зерттеу жүргізу Ұсынымдар, талдамалық есеп БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) 2011 ж. 2011 жыл - 5,075 Республикалық бюджет
49 Мүмкіндіктері шектеулі балалардың салауатты өмір салтын, әлеуметтік бейімделуін, оңалуы мен қоғамға кірігуін қамтамасыз ету жөніндегі "Sресіаl Оlуmрісs" бағдарламасын іске асыруға жәрдем көрсету БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж. 10 қаңтар Талап етілмейді

50 "XXI ғасырдың балалары: мемлекет пен қоғам өміріне қатысу" балалар саммитін өткізу БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 ж. 10 қаңтар Талап етілмейді
51 "Жұлдыз-ай" мүгедек балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығының республикалық фестивалін өткізу БҒМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 ж. 10 шілде Талап етілмейді
52 Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған республикалық "Таң Шолпан" конкурсын өткізу БҒМ-нің бұйрығы БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2010 - 2011 ж.ж. ақпан 2010 жыл - 4,868;
2011 жыл- 3,945
Республикалық бюджет

Республикалық және жергілікті бюджеттердің барлық қаражаты:


2010 жыл - 6 766,912;
2011 жыл - 13 409,983
Жиыны: 20 176,895


Оның ішінде:


2010 жыл - 5 897,048;
2011 жыл - 10 374,405
Жиыны: 16 271,453 2010 жыл - 869,864;
2011 жыл - 3 035,578
Жиыны: 3 905,442
Республикалық бюджет



Жергілікті бюджет
Ескертпелер:
2010 - 2011 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын шығыстар көлемі "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және мәслихаттардың шешіміне сәйкес тиісті қаржы жылына анықталады, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көрсетіледі.
Бұдан басқа, халықаралық ұйымдардың, коммерциялық банктердің және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа да көздердің техникалық және гранттық көмектерін тарту ұйғарылып отыр.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ        - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым                     министрлігі
ІІМ        - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ДСМ        - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау                     министрлігі
МАМ        - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат                     министрлігі
БАМ        - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат                     министрлігі
ТСМ        - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт                     министрлігі
Еңбекмині  - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты                     әлеуметтік қорғау министрлігі
АҚҰО       - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
ҮЕҰ        - үкіметтік емес ұйымдар
БАҚ        - бұқаралық ақпарат құралдары