• Мое избранное
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Қаулысы

Редакция 13.03.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
1) Ұлттық жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірмей Ұлттық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2015 жылғы № 128 Қаулысымен (01.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2015 жылғы № 128 Қаулысымен (01.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1428 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
бекітілген
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013–2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары
Ұлттық жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2013 жылғы № 715 Қаулысымен (15.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1428 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2014 жылғы № 295 Қаулысымен (30.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2014 жылғы № 753 Қаулысымен (02.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2015 жылғы № 128 Қаулысымен (01.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с
Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушы Орындау мерзімі Қаржыландыру көзі
1 2 3 4 5 6
Ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар
1. Жұмыс органдарының Ұйымдастыру комитеті жанындағы Жұмыс штабтарының 2013 – 2017 жылдарға арналған жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуі және бекітуі Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы ЭБЖМ, ИЖТМ, БҒМ, СІМ, МАМ, ККМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы ақпан талап етілмейді
2. Көрмені ұйымдастыру жөніндегі қажетті актілерді, сондай-ақ рәсімдік және қаржылық құжаттарды қабылдау кестесін бекіту Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині 2013 жылғы ақпан талап етілмейді
3. ЭКСПО-2017 қолдау қоры жұмысының жаңа регламентін әзірлеу, Қор комиссиясының құрамын жаңарту Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы ЭБЖМ, СІМ, БҒМ, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы наурыз талап етілмейді
4. Астана қаласының әкімдігі жанындағы ЭКСПО-2017 қолдау қорын бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландыруды ұлғайту мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭБЖМ, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы ақпан талап етілмейді
5. Халықаралық көрмелер бюросы (бұдан әрі - ХКБ) Атқарушы комитетінде Тіркеу дерекнамасын ресми бекітуді есепке ала отырып, 2014 – 2018 жылдарға түзетулермен Ұлттық жоспарға өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
6. ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссарын (бұдан әрі – Комиссар) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу және тағайындау Қазақстан Республикасы Президентінің актісі СІМ 2013 жылғы ақпан талап етілмейді
7. Көрмеге қатысу шарттарына қол қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және ЭКСПО-2017 қатысушы елдері бас комиссарларының отырыстарын өткізу шарттарға қол қою және бас комиссарлардың отырыстарын өткізу Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2014 - 2016 жылдар талап етілмейді
8. Мына:
1) көрмені өткізу үшін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер бөлінісінде жылдар бойынша қажетті қаражат көлемін айқындау;
2) мемлекеттік-жеке серіктестік пен демеушілікті қоса алғанда, көрмені қаржыландыру көздері;
3) көрмені бюджеттік және бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландырудың ашық тетіктерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан талап етілмейді
9. Әлемдік тәжірибені талдау негізінде көрмені өткізуден, оның ішінде көрмені даярлау, өткізу және өткізуден кейінгі кезеңде кірісті көбейту мен шығынды азайту жолымен, барынша көп экономикалық нәтижеге қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу Іс-қимыл жоспарының жобасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы маусым талап етілмейді
10. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, ИЖТМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек талап етілмейді
10-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХКБ арасындағы ЭКСПО-2017 өткізуге байланысты жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімнің жобасын әзірлеу Келісім жобасы СІМ (жинақтау), ҚОСРМ, ЭБЖМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы желтоқсан талап етілмейді
10-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХКБ арасындағы ЭКСПО-2017 өткізуге байланысты жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы СІМ (жинақтау), ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім - бойынша 2015 жылғы қазан талап етілмейді
10-3. Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны (Париж, 1928 жылғы 22 қараша) ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу заң жобасы СІМ (жинақтау), ЭБЖМ, ҚОСРМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы ақпан талап етілмейді
10-4. ЭКСПО-2017 көрмесінің қазіргі заманғы талаптарға сай келетін кедендік инфрақұрылымын құру мәселесін пысықтау, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ 2016 жылғы шілде талап етілмейді
10-5. Кедендік бақылаудан кедергісіз өткізу мақсатында ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды кедендік қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ 2016 жылғы шілде талап етілмейді
Халықаралық көрмелер бюросымен өзара іс - қимыл жөніндегі іс - шаралар
11. ХКБ Бас ассамблеяларындағы Қазақстан Республикасы делегаттарының қатарынан ХКБ жанындағы Қазақстан ресми өкілін айқындау – ХКБ-да Қазақстан Республикасының халықаралық кеңсесін құру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат СІМ 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
12. ХКБ Хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау және алдыңғы ЭКСПО-лар тәжірибесін зерделеу үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ жанында ХКБ жанындағы Қазақстанның халықаралық кеңсесін құру (3 адам) мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат СІМ, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
13. ХКБ-ға тіркеу жарнасын төлеу үшін бюджеттік өтінім дайындау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
14. Қазақстандық делегацияның, оның ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен ХКБ Атқарушы комитетіне дайындауды және оның қатысуын қамтамасыз ету (мамыр, қазан), Тіркеу дерекнамасының таныстырылымымен ХКБ-ның 153 және 154-ші Бас ассамблеяларына қатысу (маусым, қараша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭБЖМ, СІМ, Қаржымині 2013 жылғымамыр ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
14-1. Қазақстандық делегацияның ХКБ Атқару комитетіне (мамыр, қазан) және ХКБ Бас ассамблеясының 155-156-ші сессияларына (маусым, қараша) қатысуы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ 2014 жылғы шілде, желтоқсан 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)
14-2. Қазақстандық делегацияның ХКБ Атқару комитетіне (мамыр, қазан) және ХКБ Бас ассамблеясының сессияларына (маусым, қараша) жыл сайынғы қатысуы ҰЭМ-ге ақпарат Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ жыл сайын, 2015 жылғы шілде, желтоқсан, 2016 жылғы шілде, желтоқсан, 2017 жылғы шілде, желтоқсан 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)
Тіркеу дерекнамасын және техникалық құжаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар
15. Тіркеу дерекнамасының жобасын әзірлеу, ХКБ Атқарушы комитетінде ілгерілету және тіркеу жөніндегі Ұлттық консультант кеңсесін құру мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭБЖМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы қаңтар талап етілмейді
16. Тіркеу дерекнамасының жобасын әзірлеу және бекіту Мемлекеттік комиссияның хаттамасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
17. Тіркеу дерекнамасының жобасын ХКБ-мен бірге тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), СІМ 2013 жыл бойы ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
18. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу тұжырымдамасының жобасын әзірлеу Мемлекеттік комиссияның хаттамасы ҚОСРМ , ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы сәуір талап етілмейді
19. ЭКСПО-2017 көрмесіне өтінім дерекнамасын жаңарту, оның ішінде сандық және қаржылық көрсеткіштерді нақтылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ҚОСРМ , СІМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы қараша ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
20. Тіркеу дерекнамасының бірінші кезеңінің жобасын Мемлекеттік комиссияда ұсыну (Жалпы ережелер, 1 және 2 арнайы ережелер, көрмені өткізуден бас тартқан жағдайда өтемақы туралы құжат, Қатысу шарты) Презентация «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
21. Тіркеу дерекнамасының бірінші нұсқасын ХКБ Атқарушы комитетіне енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
22. Тіркеу дерекнамасының екінші кезеңінің жобасын әзірлеу (мазмұны бойынша жоспар, мастер-жоспар, көрмеден кейінгі пайдалану жоспары, коммуникациялық жоспар, коммерцияландыру жоспары, қаржы жоспары) Тіркеу дерекнамасының екінші кезеңінің жобасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ҚОСРМ , СІМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар 2013 жылғы маусым-қазан ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
23. Тіркеу дерекнамасының түпкілікті нұсқасын ХКБ Атқарушы комитетіне енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан талап етілмейді
24. Тіркеу дерекнамасының түпкілікті жобасын ХКБ Бас ассамблеясының 154-сессиясында бекітуге шығару Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қараша талап етілмейді
24-1. ХКБ Бас ассамблеясының 155-ші сессиясында Тіркеу дерекнамасын бекіту ХКБ шешімі Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы маусым талап етілмейді
24-2. Көрмеге дайындалудың және оны өткізудің операциялық жоспарын әзірлеу мәселесін пысықтау ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, 2015 жылғы қыркүйек талап етілмейді
25. ХКБ-ның ресми логотипін және туын алу мәселесін пысықтау және Қазақстан атынан ресми қабылдау ұйымдастыру ХКБ-ның ресми логотипін және туын алу Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы маусым талап етілмейді
« Астана ЭКСПО -2017» ұлттық компаниясы » акционерлік қоғамын құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі іс - шаралар
26. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ны құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, БҚА 2013 жылғы қаңтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылға арналған резерві
27. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталының кезең-кезеңімен капиталдандырылуын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар ЭБЖМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
28. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші басшысын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу және тағайындау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭБЖМ 2013 жылғы қаңтар талап етілмейді
29. Қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді, қызметтің негізгі бағыттарын көрсете отырып, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу Тұжырымдаманың жобасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ 2013 жылғы мамыр ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
30. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту Директорлар кеңесінің шешімі «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы маусым талап етілмейді
31. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ персоналының бұрын ЭКСПО өткізген жетекші көрме компаниялары мен корпорацияларында тағылымдамадан өту және оқу мәселелерін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭБЖМ,«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы ақпан талап етілмейді
32. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ құрылғаны туралы ХКБ Хатшылығына ресми хабарлау СІМ нотасы СІМ 2013 жылғы ақпан талап етілмейді
33. ЭКСПО-2017 логотипінің редизайны және оны халықаралық және ұлттық деңгейлерде тіркеу мәселесін пысықтау Мемлекеттік комиссияның хаттамасы ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы ақпан-сәуір ЭДСМ-ның 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
34. Париж қаласында (Франция) ХКБ Атқарушы комитетінің жұмысы шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметін халықаралық презентациясы презентациясы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
35. Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің корпоративтік атрибутикасын және имидждік өнімін жасау Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарлама сы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
35-1. ЭКСПО-2017 маскоты (символ) нұсқаларын әзірлеу символдың нұсқалары «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), МАМ 2014 жылғы қыркүйек 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)
35-2. Мемлекеттік комиссияда ЭКСПО-2017 маскотын (символ) таныстыру тұсаукесер «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ 2015 жылғы шілде талап етілмейді
36. Алматы және Қарағанды қалаларында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ презентациясымен ЭКСПО-2017 тақырыбы бойынша екі өңірлік іс-шара ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ 2013 жылғы желтоқсан ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарлама сы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
37. ИЖТМ ұйымдастыратын шетелдік туристік көрмелерге «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қатысуын пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ИЖТМ, Комиссар ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
38. ЭКСПО-2017 қатысушы дамушы елдерге көмек бағдарламасын іске асыру ҰЭМ-ге СІМ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) 2015-2016 жылдар қаңтар, шілде 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым», бюджеттік бағдарламасы)
ЭКСПО -2017 жер учаскесін және аумағын дайындау жөніндегі іс - шаралар
39. Бұрын мәлімделген жер учаскесін жаңа орналасу жеріне ауыстыру бөлігінде өтінім мәліметін өзгерту мүмкіндігі мәселесін ХКБ Хатшылығымен келісу ҚР СІМ нотасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ҚОСРМ , СІМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы маусым талап етілмейді
40. ЭКСПО-2017 символы болатын объектінің үздік нобай-идеясына халықаралық сәулет конкурсын ұйымдастыру үшін бюджеттік өтінім енгізу (2013 жылғы қыркүйекте конкурсты қорытындылап, жобаны іске асыру бойынша жауапты орындаушыны айқындау) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы ақпан талап етілмейді
41. Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, ЭКСПО-2017 символы болатын нысанның үздік эскиз-идеясы бойынша халықаралық сәулет конкурсын ұйымдастыру және өткізу Конкурстың әділқазылары шешімнің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині 2013 жылғы қазан *Үкіметтің 2013 жылғы арналған резерві
42. 2017 жылға қарай «Смарт-Астана» жобасын іске қосу жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ «Ақылды қала» қағидаттары бойынша объектілерді салу және жаңа коммуникацияларды басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігіне ақпарат Астана қаласының әкімдігі, ЭБЖМ,ӨДМ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
43. Инженерлік инфрақұрылымды сумен,газбен,жылумен,электрмен жабдықтау және кәріз қамтамасыз ете отырып, ЭКСПО-2017 аумағында құрылыс салуды жобалауға техникалық тапсырманы әзірлеу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) Астана қаласының әкімдігі, ЭБЖМ 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
43-1. Көрме кешені объектілері құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу Сараптаманың қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздеме «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі 2014 жылғы наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)
43-2. Көрме кешені объектілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жобалау-сметалық құжаттама «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, ЭМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы қараша – 2015 жылғы желтоқсан 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (025 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)
43-3. ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесін әзірлеу құрылыс кестесі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі 2014 жылғы мамыр талап етілмейді
43-4. ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және аяқтау пайдалануға беру актісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, ЭМ, Астана қаласының әкімдігі 2017 жылғы қаңтар 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (025 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)
43-5. «Қазақстан» ұлттық павильонын салу Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы шілде – 2016 жылғы желтоқсан 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)
43-6. Көрме павильонын салу Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ келісім бойынша) 2014 жылғы қазан – 2016 жылғы желтоқсан 2014-2016 жылдарға арналған Республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)
43-7. Ойын-сауық және сауда аймағын салу Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша) 2015 жылғы сәуір - 2016 жылғы желтоқсан Талап етілмейді
43-8. ЭКСПО-2017 қатысушылары үшін көп функционалды тұрғын үй кешенін салу Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы қыркүйек - 2016 жылғы желтоқсан талап етілмейді
44. Көрме объектілерін салу кезінде бірегей құрылыс және басқа да жаңа материалдар мен технологияларды және Астана қаласының инфрақұрылымын қолдану және пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)) 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
45. ЭКСПО-2017 объектілерін салуға бөлінген жер учаскесін сатып алу және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталына беру мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, АУЗР, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан Талап етілмейді
46. Астана қаласында және басқа өңірлерде салу үшін қажетті нақты объектілер мен коммуникациялардың тізбесін айқындау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы қазан талап етілмейді
47. Көрмені өткізуді ескере отырып, Астана қаласының бекітілген бас жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, Қаржымині 2013 жылғы ақпан талап етілмейді
47-1. ЭКСПО-2017 аумағын ескере отырып, Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) 2016 жылғы қараша талап етілмейді
« Болашақ энергиясы » ЭКСПО -2017 тақырыбын дамыту жөніндегі іс - шаралар
48. Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірлеу жөніндегі ұсынысты пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ҚОСРМ , ИЖТМ, БҒМ, ӨДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек талап етілмейді
49. Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын Мемлекеттік комиссиясындағы презентациясы Презентация ҚОСРМ , ИЖТМ, БҒМ, ӨДМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек талап етілмейді
50. Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын бекіту Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ҚОСРМ , ИЖТМ, БҒМ, ӨДМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан талап етілмейді
51. «Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған таза энергия көздерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын әзірлеу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ, ЭБЖМ, ИЖТМ, ҚОСРМ 2013 жылғы маусым талап етілмейді
52. Көрме тақырыбымен байланысты қазақстандық бастамаларды (энергиялық-экологиялық стратегия, «Жасыл көпір», Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту стратегиясы) осы Ұлттық жоспармен біріктіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың халықаралық алаңдарда кешенді ілгерілеуін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ҚОСРМ , ИЖТМ, БҒМ, СІМ 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
53. Конференциялар мен форумдарға қатысу мәселесін пысықтау:
- «Болашақ энергиясы» ЭКСПО - 2017 тақырыбын Астана экономикалық форумының панельді сессияларында дамыту;
- Қазақстанның индустрияландыру күні шеңберінде «Болашақ энергиясы» тақырыбына халықаралық конференцияларды (көрме-форум) ұйымдастыру және өткізу;
- Абу-Дабидегі (Біріккен Араб Әмірліктері) болашақ энергиясы дүниежүзілік форумына және Болашақ энергиясы бойынша еуропалық форумға жыл сайын қатысу;
- бизнес-қоғамдастық ұйымдастырған бизнес-форумдар мен алаңдарға Қазақстанның қатысуы
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) ЭБЖМ, ИЖТМ, ҚОСРМ , БҒМ 2013 жылғы маусым талап етілмейді
54. Астана қаласында «Жасыл көпір» жыл сайынғы халықаралық көрмелер мен конференцияларды өткізу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ҚОСРМ , ЭБЖМ, ИЖТМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
55. «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша оқушылар, студенттер және талапкерлер үшін тақырыптық оқу бағдарламаларын әзірлеу тақырыптық бағдарламалар БҒМ, ИЖТМ, ҚОСРМ 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
56. Баламалы энергетиканы дамытудың перспективалы кластерлік үлгісін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҚОСРМ , ИЖТМ, ЭБЖМ, КММ, БҒМ, ӨДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, 2013 жылғы шілде талап етілмейді
56-1. «Болашақ энергиясы» "ЭКСПО-2017 тақырыбына арналған жыл сайынғы форумды дайындау және өткізу ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ЭМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі 2015-2017 жылдар талап етілмейді
56-2. Астана қаласында және Қазақстанның өңірлерінде «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбына байланысты жастар, бұқаралық және мәдени іс-шаралар өткізу ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), БҒМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2015-2016 жылдар 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (040 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)
56-3. ЭКСПО-2017 тақырыбын танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Cамұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Парасат холдингі» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша), «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар жыл сайын: 2014 жылғы 10 шілде, 2015 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2016 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2017 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде талап етілмейді
56-4. Мынадай:

1) жасыл технологияларды пайдалана отырып, пилоттық жобаларды іске асыру;

2) «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасының жыл сайынғы көрме-конференциясына қатысу бойынша іс шаралар өткізу
ЭМ-ге ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Парасат» холдингі» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша), «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар жыл сайын: 2014 жылғы 10 шілде, 2015 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2016 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2017 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде талап етілмейді
Туризмді дамыту жөніндегі іс - шаралар
57. Астанадан 30 км дейінгі радиуста орналасқан елордамен шектесетін елді мекендерде Олимпиада қалашығы үлгісіндегі эко- және этноауылдарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ ИЖТМ, АШМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, 2014 жылғы тамыз Талап етілмейді
58. Төсек орындарының санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының қонақүй кешендерін, демалыс үйлерін және сауықтыру орталықтарын енгізудің және кеңейтудің
2013 – 2017 жылдарға арналған жоспарының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ИЖТМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы тамыз талап етілмейді
59. Қонақүй қызметтерін көрсететін объектілердің сыйымдылығын ұлғайту мақсатында оларды салу және реконструкциялау жобаларын жеңілдікті қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, ҰЭМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы маусым талап етілмейді
60. ЭКСПО-2017 өткізуді есепке ала отырып, Астана қаласында туризм, оның ішінде экотуризм саласын дамыту бойынша мастер-жоспар әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ИЖТМ, ҚОСРМ, ККМ, Комиссар Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы тамыз талап етілмейді
61. Ұлттық брендті құру мүмкіндігімен не жол маңы сервисінің атақты брендтері мен франшизаларын тарта отырып, 2016 жылға қарай Астана-Щучье және Астана-Қарағанды тас жолдарын жол маңы сервисінің заманауи пункттерімен қамтамасыз ету және жарақтау бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ИЖТМ, ККМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері, ӨДМ 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
62. Көрме қонақтарын өңірлерде қолайлы болуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
62-1. Көрме аумағында қонақтардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін еріктілер қызметі бойынша іс-шаралар өткізу ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2015-2017 жылдар 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)
62-2. Қолданыстағы стандарттарға, техникалық регламенттерге, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес ЭКСПО-2017 көрме-кешенін қоса алғанда, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және халықтың басқа да аз қозғалатын топтары үшін Астана қаласының әлеуметтік инфрақұрылымдарының қол жетімділігін қамтамасыз ету ҰЭМ-ге ақпарат Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) 2017 жылғы қаңтар талап етілмейді
Астана қаласын дайындау және Қазақстанның өңірлерін тарту жөніндегі іс - шаралар
63. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып, Астанада салынуы жоспарланған ЭКСПО-2017 аумағымен шектесетін ЭКСПО-сити тұрғын алаптарының құрылысын салу жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы маусым талап етілмейді
63-1. Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 аумағында cауда ойын-сауық орталығының құрылысы бойынша ұсыныстар әзірлеу Үкіметке ақпарат ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы шілде талап етілмейді
64. ЭКСПО-2017 тұрғын объектілерін Астана қаласының тұрғын үй қорына беру және пайдалану тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
65. Индустриялық парктің және «Астана – жаңа қала» АЭА бекітілген аумағын кеңейтудің орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
66. Әлемдік тәжірибе негізінде көрмені өткізу кезінде, одан кейін де тікелей және жанама кірістерді алудың қосымша резервтерін іздеу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан талап етілмейді
67. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының көрмеге қатысу жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы тамыз талап етілмейді
ЭКСПО -2017 ұйымдастыру және өткізу жағдайларында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі іс - шаралар
68. Мыналарды:
- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жаңа бағыттармен толықтыруды;
- көрме мақсаттары үшін жеткізілетін ШОБ объектілерінің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге шағын және орта бизнес субъектілерін тарту жөніндегі егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын әзірлеу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ, ИЖТМ 2014 жылғы маусым талап етілмейді
69. Астана және Алматы қалаларының қалалық шекараларынан тыс жерлерде танымал қазақстандық және әлемдік брендтерді төмен бағалармен көтерме-бөлшектеп саудалау орталықтарын ашу бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы мамыр талап етілмейді
70. ЭКСПО-2017 ұйымдастыруға және өткізуге тартылған көрмені ұйымдастырушылардың, мемлекеттік органдар мен қызмет көрсету саласы өкілдерінің тілдік сауаттылығын (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру) көтеру бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек талап етілмейді
71. Көрме индустриясының саласында тартылған отандық компанияларды оқыту үшін көрмелік қызметтердің халықаралық стандарттарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы маусым талап етілмейді
72. Көрмені өткізу кезінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы маусым талап етілмейді
73. Көрмені өткізуге дайындалу үшін өңірлер арасында автомобиль, темір жол және әуе көлігін дамыту, сондай-ақ халықаралық әуе қатынасының мәселесін пысықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
74. ЭКСПО-2017 ұйымдастырудың және өткізудің әлеуетін есепке ала отырып, Астанада және басқа да өңірлерде бизнес-инкубаторлар, технопарктер және ғылыми-технологиялық алаңдар желісін құру бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, АШМ, ҚОСРМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
Ақпараттық жария ету және сүйемелдеу жөніндегі іс - шаралар
75. Ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөнінде 2013 жылға арналған жедел медиа-жоспарды әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар 2013 жылғы қаңтар талап етілмейді
76. Ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөніндегі 5 жылдық медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат МАМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар 2013 жылғы ақпан талап етілмейді
77. Ел ішіндегі және барлық халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөніндегі медиа-жоспардың жыл сайын әзірленуін қамтамасыз ету Медиа-жоспар ИДМ
СІМ
тамыз, жыл сайын талап етілмейді
Қоғамдық тәртіпті қорғауды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс - шаралар
77-1. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен ЭКСПО-2017 дайындық барысы туралы баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру және өткізу ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ тоқсан сайын 2015-2017 жылдар 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)
77-2. Бұқаралық ақпарат құралдары арасында оң имидж қалыптастыру және олардың ЭКСПО-2017 тақырыбына ниеттестігі деңгейін арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастыру ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жыл сайын 2017 жылға дейін 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым», бюджеттік бағдарламасы)
78. ЭКСПО-2017 аумағында Астана қаласының Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының шығарылған автоматтандырылған жұмыс орындары бар қазіргі заманғы байланыс және техника құралдарымен қамтамасыз етілген Полиция бөлімінің ғимаратын (үй-жайын) салу, сондай-ақ жаңа теміржол вокзалын жобалау кезінде үй-жайларды бөлу бойынша мәселені пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ІІМ, ККМ, Астана қаласының әкімдігі, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек талап етілмейді
Барынша жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар
79. Демеушілерді тарту, кемінде 8 ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ИДМ, ЭМ жыл сайын: 2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан, 2017 жылғы маусым талап етілмейді
80. Жаңа технологиялардың әлемдік көшбасшы брендтерін тарту (халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысу, форумдар ұйымдастыру және т.б.), кемінде 8 ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ИДМ, ЭМ жыл сайын: 2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан, 2017 жылғы маусым талап етілмейді
81. ЭКСПО-2017 өткізудің тікелей және жанама экономикалық әсерін бағалау ҰЭМ-ге ақпарат ҰЭМ, АШМ, ЭМ, БҒМ, Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ келісім бойынша жыл сайын, 2015 жылғы 15 мамырдан бастап 2018 жылғы 15 мамырға дейін талап етілмейді
82. ЭКСПО-2017 объектілерін көрмеден кейінгі кезеңде пайдалану тетігін әзірлеу ҰЭМ-ге ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, МСМ, ИДМ, Астана қаласының әкімдігі, «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша) 2017 жылғы сәуір талап етілмейді
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2015 жылғы № 128 Қаулысымен (01.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
АШМ                      - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                           министрлігі
Әділетмині               - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ                      - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                           министрлігі
Еңбекмині                – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИЖТМ                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                           технологиялар министрлігі
ККМ                      - Қазақстан Республикасы Көлік және
                           коммуникация министрлігі
Қаржымині                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚОСРМ                      – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
МАМ                      - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
                           ақпарат министрлігі
МГМ                      - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                           министрлігі
ӨДМ                      - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
                           министрлігі
СІМ                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                           министрлігі
ІІМ                      - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                           министрлігі
ЭБЖМ                     - Қазақстан Республикасы Экономика және
                           бюджеттік жоспарлау министрлігі
БҚА                      – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
СА                       – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
«Астана ЭКСПО-2017»      - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы»
ұлттық компаниясы» АҚ      акционерлік қоғамы
Комиссар-ЭКСПО-2017      - халықаралық мамандандырылған көрмесінің
                           Комиссары
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ        - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
                           акционерлік қоғамы
мемлекеттік комиссия     - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
                           көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі
                           мемлекеттік комиссия
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»    - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
                           акционерлік қоғамы
Тіркеу дерекнамасы       - ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу құқығын
                           алған елдің құжаты, оның көрмені
                           ұйымдастыру және өткізу бойынша 
                           міндеттемелерін көздейді
Ұйымдастыру комитеті     - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
                           көрмесін өткізу мәселелері жөніндегі 
                           ұйымдастыру комитеті
Ұлттық жоспар            - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
                           көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің
                           2013–2018 жылдарға арналған ұлттық
                           жоспары
ХКБ                      - Халықаралық көрмелер бюросы
ХКБ Атқарушы комитеті    - Париж қаласында (Француз Республикасы)
                           орналасқан Халықаралық көрмелер бюросының
                           атқарушы комитеті
ЭКСПО-2017 Қолдау қоры   - бюджеттен тыс қаражат есебінен құрылған
                           және Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы
                           Астана» корпоративті қорында ЭКСПО-2017
                           шеңберіндегі іс-шараларды қолдау үшін
                           көзделген қаражат
ИДМ                      - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
ЭМ                       - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
ҰЭМ                      - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
МСМ                      - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Даму» КДҚ» АҚ           - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

*                        - Бюджет заңнамасының белгіленген
                           талаптарына сәйкес қаралатын болады