Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Осы редакция 01.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы N 188 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу ережесi;
2) Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қарашадағы N 1198 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 46, 560-құжат);
2) "Қазақстан Республикасында орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзудiң құрылымы, мазмұны және тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 қазандағы N 1030 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 42, 496-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы N 188 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін белгiлейдi (бұдан әрi - Ереже).
2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлiгi болып табылады және орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi органмен (бұдан әрi - уәкілетті орган) және оның аумақтық органдарымен бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзіледi.
3. Орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға қатысады.
4. Жеке орман иеленушілер мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажет материалдарды уәкілеттi органға бередi.
5. Мемлекеттік орман кадастры орман қорының құқықтық режимiн, оны орман иеленушілерiне бөлудi, орман қорының сандық және сапалық жай-күйін, мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөнiндегi мәлiметтер жүйесiн және орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызмет нәтижелерiн бағалау үшiн қажетті орман қорының экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы басқа да деректердi қамтиды.
Мемлекеттiк орман кадастры көрсеткіштерінiң тiзбесін және ормандардың экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкілеттi орган айқындайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |