• Мое избранное
Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2013 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3107

Редакция 14.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 
1. Ұсынылып отырылған Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 
2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті (Н.Б.Бертісбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен тіркелуін қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Б.Е.Оразбаевқа жүктелсін. 
4. Ереженің 5-тармағының 4) тармақшасы және 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтары 2005 жылдың 31 қаңтарына дейін қолданылатын болып белгіленсін. 
5. Осы бұйрық 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін ереженің 5-тармағының 3) тармақшасын, 24, 25, 26 және 27 тармақтарын, 32-тармақтың 4) тармақшасын қоспағанда, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің 
міндеттін атқарушы
Келісілді: 
Қазақстан Республикасының 
Табиғи монополияларды реттеу 
және бәсекелестікті қорғау 
жөніндегі агенттік төрағасының 
міндеттін атқарушы
      _______________________ 
       "______" _______________ 2004 ж.
Қазақстан Республикасы
 Энергетика және минералдық
 ресурстар министрінің
 2004 жылғы 10 қыркүйектегі
 N 213 бұйрығымен бекітілген
 "Жүйелік оператордың қызмет
 көрсетуі, жүйелік және қосалқы
 қызметтер нарығын ұйымдастыру
 және жұмыс істеу ережесін
 бекіту туралы"
Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы  
 қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі 
1. Жалпы ережелер 
1. Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызмет нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Ереже электр энергиясы көтерме рыногының барлық субъектілеріне олардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан міндетті.
2. Осы Ережеде қабылданған негізгі ұғымдар,  
 айқындамалар мен қысқартулар 
3. Осы Ережеде мынандай негізгі ұғымдар мен айқындамалар пайдаланылады: 
1) қуаттың қайталама (тұрақты) резерві - бастапқы реттеудің активті резервін қалпына келтіруді қамтамасыз ету және қайталама реттеуді қамтамасыз ететін электр стансалардың қуаты; 
2) электр энергиясын сатып алу/сату шарты - электр энергиясының көтерме сауда рыногы субъектілерінің арасындағы белгіленген кезеңде оларды табиғи жеткерумен бірге электр энергияның шартты көлемдерін сатып алу-сатуға жасасылған келісім; 
3) қуат - электр энергиясының сапалы сипаттамасын білдіретін активті электр қуаты; 
4) Қазақстан біртұтас электр энергетикалық жүйесінің қалыпты жұмыс режимі - режимді жоспарлау кезінде көзделген электр энергия жүйесінің барлық элементтері жұмыс істейтін тұрақталған жұмыс режимі және жасасылған шарттардың ережелеріне сәйкес электр энергиясының барлық тұтынушыларын электрмен жабдықтау қамтамасыз етіледі; 
5) электр жабдықтауды шектеу - тұтынушыларға электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтату; 
6) жедел басқару - тікелей диспетчердің басшылығымен жабдықтармен және құрылғылармен жүргізілетін операцияларды орындау; 
7) жедел жүргізу - иелігінде аталған жабдықтар мен құрылғылары бар жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары деңгейдегі диспетчердің рұқсатымен жабдықтармен және құрылғылармен бірге жүргізілетін операцияларды орындау; 
8) қуаттың бастапқы резерві - бастапқы реттеуді қамтамасыз ететін қуат резерві; 
9) Қазақстан біртұтас электр энергетикасы жүйесінің авариядан кейінгі жұмыс режимі - электр энергетикасы жүйесінің зақымдалған элементін авариялық ажыратқаннан кейін туындаған және қалыпты жұмыс режимі үшін қарастырылған электрмен жабдықтау схемасын қалпына келтіргенге дейін жалғасатын тұрақты режим; 
10) тұтынушы-жүктемені реттеуші - Жүйелік оператордың талаптарына сәйкес электр энергиясын тұтыну режимін жедел өзгерту бойынша технологиялық мүмкіндігі бар электр қондырғыларының электр энергиясын тұтынушы; 
11) Қазақстанның біртұтас электр энергетика жүйесіндегі қуат резерві - электр энергияның сенімділік нормаларымен және сапа стандарттарымен белгіленген, Жүйелік оператор айқындағандай құрылымы мен шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге дайындық дәрежесі бар энергия өндіретін ұйымдардағы энергия қондырғаларының қуаты; 
12) жүйелік шектеулер - Қазақстан біртұтас энергетика жүйесінің технологиялық жұмыс істеу өлшемдерінің шекті ұйғарымдық мәндері; 
13) технологиялық ретсіздік - энергия қондырғыларының немесе олардың элементтерінің істен шығуын туындататын техникалық ахуал өлшемдерінің келеңсіз ауытқулары, электр энергиясы сапасының бұзылуы, сондай-ақ тұтынушылардың электр қабылдағыштарының толық немесе ішінара жоспарсыз өшірілуі.
4. Осы Ережеде электр энергетикасында жалпы қабылданылған мынадай қысқартулар қолданылады: 
1) АСДУ - автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі; 
2) ПА - аварияға қарсы автоматика; 
3) РЗА - реле қорғанышы және автоматика; 
4) РДЦ - өңірлік диспетчерлік орталық; 
5) СДТУ - диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары; 
6) БЭЖ - біртұтас электр энергиясының жүйесі.
3. Жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтер 
5. Жүйелік оператор қайтарым негізінде жүйелік қызметтердің мынандай түрлерін электр энергиясы көтерме сауда рыногының субъектілеріне көрсетеді: 
1) Ұлттық электр тораптары бойынша электр энергияны жеткізу жөніндегі қызметтер; 
2) Қазақстанның біртұтас электр энергиясы жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтер; 
3) Қазақстанның біртұтас электр энергиясы жүйесінде (одан әрі - Қазақстан БЭЖ) электр энергиясының өндірілу/тұтынылуын теңгеруді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;