• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 508 Қаулысы

Осы редакция 13.05.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің  16-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы»18 маусымдағы
 N 508 қаулысымен
 бекітілген
Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі 
1. Осы Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және озон қабатын бұзатын заттарды импорттауға және экспорттауға, сондай-ақ озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға 
қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін белгілейді.
2. 1985 жылғы Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының және 1987 жылғы Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының тараптары болып табылатын мемлекеттерден және мемлекеттерге озон қабатын бұзатын заттарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, оларды Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік тасымалдауды қоспағанда, осы Ережеге сәйкес берілетін рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.
3. Жеке және заңды тұлғалар озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды әкелуге және экспорттауға рұқсат алу үшін осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына құжаттарды ұсынады: 
1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға 
арналған өтінім; 
2) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар 
заттарды жеткізуге арналған келісім-шарттың, шарттың көшірмесі; 
3) комиссия шартының немесе тапсырманың көшірмесі (тапсырыс 
беруші ретінде делдал әрекет ететін жағдайда); 
4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, заңды тұлға жарғысының немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмелері; 
5) статистикалық карточканың және салық төлеуші куәлігінің 
нотариалдық куәландырылған көшірмелері; 
6) сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификаты не шетелдік ұйым берген және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында танылған сәйкестік сертификаты; 
7) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
4. Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 
1) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға 
арналған өтінім; 
2) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, заңды тұлға жарғысының немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмелері; 
3) статистикалық карточканың және салық төлеуші куәлігінің 
нотариалдық куәландырылған көшірмелері; 
4) озон қабатын бұзатын заттарды қайта өңдеу және алу жөніндегі жабдықтың техникалық паспорты; 
5) өндірістік-техникалық базаның бар екендігін және меншік немесе жалға алу құқығында пайдаланылатынын растайтын құжаттар: 
құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді сақтауға арналған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылық; 
жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бұзатын заттарды есепке алуды және тасымалдауды қамтамасыз ететін қызметтер; 
6) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 
7) өтінім берушінің штатында тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, кемінде екі инженерлік-техникалық қызметкер - жауапты орындаушылардың бар екендігін растайтын құжаттар; 
8) озон бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметкерлердің кәсіптік даярлығын растайтын құжаттар.
5. Өтінім мен құжаттар тігіліп, басшының қолымен және өтінім беруші ұйымның мөрімен куәландырылуы тиіс (заңды тұлғалар үшін).
6. Құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді жеке 
тұлғаның жеке мүлкі немесе тұрмыстық аспаптары бар контейнерлерде немесе осындай коммерциялық емес жағдайларда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтетін жағдайда озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға және экспорттауға рұқсат алу талап етілмейді.
7. Рұқсатты осы Ережеге 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган береді.
8. Рұқсатты уәкілетті орган тиісті құжаттармен бірге өтінім берілген күннен бастап отыз күннен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
9. Өтінім материалдары осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім берушіге жазбаша түрде рұқсат беруден бас тартудың себептері туралы дәлелді жауап жіберіледі.
10. Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар 
заттарды әкелуге және әкетуге рұқсат бір мәміле бойынша экспорттық немесе импорттық операцияны жүзеге асыру үшін рұқсат берілген күннен бастап бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге беріледі. 
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бір жыл мерзімге беріледі. 
Рұқсат иеліктен шығарылмайтын және біреуге берілмейтін болып табылады.
11. Рұқсаттар беруге арналған өтінімдерді қарау үшін ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы үшін өтінім берушілер жауапты болады.
12. Рұқсат алған өтінім берушілер: 
1) сатып алушы ұйымдардың және қолданатын болжамды облыстардың