«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 5 қазандағы № 364 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қарашада № 8077 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 25.05.2014 жылдан бастап ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 27.03.2014 жылғы № 102 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғаңда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Босатылатын оқ-дәрілерді, кару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. A. Paу
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. __________________ Қ. Әбсаттаров 2012 жылғы 12 қазан
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің м.а. 2012 жылғы 5 қазандағы № 364 бұйрығына 1-қосымша
«Тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электронды мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Электронды мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетеді.
2. Қызмет «Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген «Тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - стандарт).
3. Электронды мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі – ішінара автоматтандырылған.
4. Электронды мемлекеттік қызметті көрсету түрі – транзакциялық.
5. Осы регламентте пайдаланылатын түсініктер және қысқарған сөздер:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта қалпына келтірілген және қолданысын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензияның сәйкестендіру нөмірін орталықтан құрайтын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асырушы лицензиаттың (объектілері, орындары, учаскелері) филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметті қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);
4) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорлар – ақпаратты автоматты жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай ұқсастыруын ендіру және мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олардың өкілеттіліктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді беру мақсатында жеке бірыңғай нөмірлердің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЖТМДБ);
6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорлар – ақпаратты автоматты жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай ұқсастыруын ендіру және мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олардың өкілеттіліктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді беру мақсатында жеке бірыңғай бизнес нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
7) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің және қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
8) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (тұтынушы, қызмет көрсетуші);
9) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
10) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар;
11) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
12) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға салалас электронды құжат түріндегі лицензия;
13) электрондық мемлекеттік қызметтер – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
14) электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру үшін арналған ақпараттық жүйесі;
15) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
16) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банкілердің, ұйымдардың және «электрондық үкімет» арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
17) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызмет көрсетуші қызметінің тәртібі
6. Қызмет көрсетушінің қадамдық іс-қимылы және шешімі (ЭҮП арқылы электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) осы регламентке 1-қосымшада келтірілген:
1) тұтынушы өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-та тіркеуді жүзеге асырады, ол тұтынушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-та тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс - тұтынушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-қа тұтынушы пароль енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЭҮП-да тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-процесс – тұтынушы деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны құру;
5) 3-процесс – тұтынушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарының есебімен, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, оны тұтынушының толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығару;
6) 4-процесс – қызметтерді ЭҮТШ-та төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға түседі;
7) 2-шарт - қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;
8) 5-процесс – қызметтерді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсеткені үшін төлемдердің болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
9) 6-процесс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылған) жоқ болуын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |