• Мое избранное
Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес 
«Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.03.2015 жылғы № 357 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандары; 
2) Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2011 жылғы 8 шілдедегі
 № 781 қаулысымен
 бекiтiлген
Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелерге кеме құжаттарын беру және жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Кеме журналын беру және жүргізу тәртібі
2. Кеме журналы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде тіркелген өздігінен жүретін әрбір кемеде жүргізіледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Кеме журналы кеменің тоқтаусыз пайдалану кезеңі көрсетілген кеме құжаты болып табылады. 
4. Кеме журналы, кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап, құқығы сақталған бүкіл уақыт кезеңі бойы жүргізіледі.
5. Кемені тұраққа жауапты сақтауға немесе жөндеуге тапсырған кезде, кеме журналы кемеде қалады, бірақ оны толтыру кемеде экипаж болмайтын уақытқа тоқтатылады.
6. Кеме журналындағы барлық беттер нөмірленуі, тігілуі және кеме иесінің мөрімен бекітілуі тиіс.
7. Кеме журналын вахта бастығы (капитанның вахтадағы көмекшісі) жүргізеді.
8. Мәтінді енгізген вахта бастығы оны өзгертеді және толықтырады, ал капитан – тек толықтырады.
9. Кеме журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде анық және ұқыпты түрде көк немесе қара түсті пастамен (немесе сиямен) жазылады.
10. Кеме журналы оқиға болған сәтте немесе одан кейін вахта үдерісінде толтырылады. Жүрдек кемелердің ішкі су жолдарында жүзуі кезінде кеме журналы аялдамада толтырылады.
11. Кеме журналының уақыты кеме сағаты бойынша 0 ден 24 сағатқа дейін 1 минут аралықпен жазылады. Сағаттар минуттардан нүктемен бөлінеді.
12. Әр тәуліктің жазбасы кеме журналының жаңа бетіне жазылады. Тәулік соңына дейін толтырылмаған кестелер, бағандар және жолдар "Z" белгісімен сызылады.
13. Навигациялық сипаттағы жазбалардың көлемін, навигациялық картадағы төсеммен және тіркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бірге кеме бағытын қалпына келтіруге болатынын ескере отырып капитан белгілейді. Сонымен бірге, картадағы төсем, картаны қайталап пайдаланғанға дейін сақталады, ал өздігінен жазу таспалары – курсограмма, реверсограмма, эхограмма – екі жыл бойы сақталады.
14. Кеме орны вахталық жүру кезегі соңында, сондай-ақ, капитанның немесе вахта бастығының пікірі бойынша қажетті барлық жағдайларда кеме журналында тіркеледі.
15. Жүзудің ерекше шарттары бар ауданға жақындаған кезде қалыпты іс-шаралардың орындалуы тіркелмейді. 
16. Вахта бастығы өз жазбаларына лауазымын көрсете отырып қол қояды. Қол қойғаннан кейін вахта бастығы өзінің тегін көрсетеді.
17. Капитан кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әр беттің соңына қолын қойып куәландырады. Кемеге қатер төнген жағдайда кеме капитаны кеме журналын сақтап қалуға барлық қажетті шараларды қолданады.
18. Толтырылған кеме журналдары жалпы негізде қызметтік құжаттармен бірге екі жыл сақталады да, одан кейін кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.
19. Кеме журналын жүргізу қағидасы капитан мен вахта бастығының кеме журналына, кемеге қатысты және олардың пікірінше кеменің, кеме иесінің, жолаушылардың мүдделерін және жүкті қорғау үшін маңызы бар қандай да болмасын жазбаны енгізу құқығын шектемейді.
Басқа тұлғалардың кеме журналындағы осы жайлы қандай да болмасын жазбалары мен талаптары жоққа шығарылады.
20. Күні (күні, айы, жылы) кеме журналы айналымының әрбір сол жақ бетінде жазылады. Күнінен оңға қарай апта күні көрсетіледі, сонымен қатар кеме уақытын санау жүйесі (журналға ең алғаш жазба және өзгерту жазылғанда).
21. Екінші жолда кеме тұрағының орны (рейд, порт, жағалау атауы), ал жүзіп жүрген кемеде – жүзу ауданы (өзен, канал, су қоймасының, көл, теңіз, олардың шығанағының немесе бөлігінің атауы) көрсетіледі. Бұдан әрі жолда сол бойынша жүзу жүргізілетін немесе кеме тұрағының орны көрсетілген карта нөмірі көрсетілуі мүмкін.
21-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22. Кеме журналында кеменің тәулік бойғы жұмысы; гидрометеорологиялық деректер; жүзіп өткен қашықтық; навигациялық ахуалдың жай-күйі, оқиғалар мен іс-қимылдар; бас қозғалтқыштардың жұмысы; көмекші қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
22-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23. Кеменің тәулік бойғы жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде:
23-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) рейс нөмірі (ол өзгерген кезде жазылып отырады);
2) іс жүзіндегі дәйектілікпен кеме аялдамаларының пункттері;
3) кеменің осы аялдама пунктіне жүзіп келген уақыты;
4) осы пункттен жүзіп кеткен уақыты;
5) жолаушылар саны (экипажды есепке алу немесе жағалау деректері бойынша), осы аялдама пунктінен жөнелтiлген сәттегi кемедегi жүктiң саны мен атауы;
6) осы жөнелту пунктінен жөнелтілген сәттегi кеменiң (құрамның) ең үлкен шөгуі көрсетіледі.
24. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
24-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
25. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
25-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
26. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
26-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
27. Гидрометеорологиялық деректер туралы мәліметтерді толтыру кезінде мыналар көрсетіледі:
27-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) ауа райы мен теңіз (су тоғаны) жай-күйі туралы деректер;
2) желдің нақты бағыты (100 аралықпен градуспен) және оның секундына метр жылдамдығы;
3) толқындану бағыты (толқындану келетiн бағыт) 100 аралықпен және баллмен көрсетiлген теңiз бетiнiң (көл, су қоймасы) жай-күйі. Өзенде және порт суларында тиiсiнше «өзен», «порт» деп жазылады;