• Мое избранное
Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 430 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
«Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 07.04.2015 жылғы № 314 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 7 сәуірдегі
 № 430 қаулысымен
 бекітілген
  • 5
Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 88-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібін регламенттейді.
2. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібі
1. Арнайы мекемелерде (уақытша ұстау изоляторларында (бұдан әрі - УҰИ) белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарында (бұдан әрі - ҚТО), әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орындарында (бұдан әрі - АҚО) медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмекті, арнайы мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Шұғыл медициналық көмекке, сондай-ақ онкологиялық, венерологиялық аурулар, АИТВ-инфекциясы, туберкулез, қант диабеті мен үздіксіз бақылау және емдеу көрсетілетін басқа да аурулар бойынша амбулаторлық немесе стационарлық тексеруге және емдеуге мұқтаж адамдар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің тиісті медициналық ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) қажетті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Гаупвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге медициналық көмек «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында көзделген тәртіппен көрсетіледі.
2. Медициналық көмек көрсету кезінде арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
3. Арнайы мекемелердің емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс мәселелері жөніндегі қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ішкі істер органдары) бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі, ішкі істер органдары департаменттерінің медициналық қызметтері (бұдан әрі - медициналық қызметтер) және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында арнайы жабдықталған медицина қызметкерінің кабинеті (бұдан әрі - медициналық кабинет) немесе медициналық пункт жұмыс істейді.
5. Медициналық кабинет медициналық қызметтің басшысы бекіткен тізбеге сәйкес медициналық тағайындалу бұйымдарымен және медициналық техникамен, залалсыздандыру құралдарымен және жуу материалдарымен қамтамасыз етіледі.
6. Арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің қызметі арнайы мекеменің бастығы бекіткен, медициналық қызметпен келісілген жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.
7. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерді арнайы мекемелер белгіленген тәртіппен медициналық қызметке ұсынады.
8. Арнайы мекеменің басшысы медициналық қызметпен келісілген медицина қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін, медицина кабинетінің жұмыс кестесін, медициналық изолятордағы науқастар үшін ішкі тәртіп ережесін әзірлейді және бекітеді.
9. Арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері:
1) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді;
2) арнайы мекемелердің үй-жайларында індетке қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етуді;
3) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару жергілікті органының медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
10. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлері:
1) келіп түскен, күнделікті аралау жүргізу, медициналық көмекке жүгінген, арнайы мекемеден кеткен кезде медициналық тексеру жүргізу арқылы жұқпалы, венерологиялық, тері, психикалық, паразиттік және басқа да қауіпті ауруларды анықтауды;
2) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді;
3) стационарлық емге мұқтаж науқастарды ауруханаға жатқызуды;
4) дәрігер-мамандар мен консультанттардың ұсыныстары мен тағайындауларын орындауды;
5) дәрі-дәрмектік препараттарға, залалсыздандыру құралдары мен медициналық жабдықтарға қажеттілікті есептеуді, оларды сатып алу туралы тиісті өтінімдерді арнайы мекеменің басшылығына белгіленген тәртіппен ұсынуды, оларды сақтаудың, берудің және есепке алудың белгіленген тәртібін орындауды;
6) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды орналастыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, монша-кір жуумен қамтамасыз ету, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды санитарлық өңдеу;
7) жұқпалы науқастар анықталған кезде санитарлық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді;
8) залалсыздандыру іс-шараларының жүргізілуіне бақылауды қамтамасыз етуді;
9) санитарлық-ағарту жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді;
10) ішкі істер органдары департаменттерінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобына (бұдан әрі - СЭҚТ) және біруақытта санитарлық-эпидемиологиялық саулық саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - МСЭҚКД) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың арасында жұқпалы науқастар анықталғаны туралы шұғыл хабарламалар жіберуді;
11) уәкілетті орган бекіткен медицина қызметкері кабинетінің бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
11. Айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы аурулармен ауыратынына күдік туындаған және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды анықтау мақсатында жаңа келгендердің бәріне арнайы мекемеге келген бірінші тәулік ішінде бастапқы алдын алу медициналық тексеру жүргізіледі. Қабылдау мекеме бойынша кезекші қызметкер немесе бақылаушылар қызметі өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
Бұл ретте тері, венерологиялық, психикалық аурулардың белгілеріне, педикулезбен, қышымамен ауыратындыққа ерекше көңіл бөлінеді.
Тексеруді медицина қызметкері арнайы жабдықталған медициналық кабинетте жүргізеді. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардан бастапқы жауап алу және оларға медициналық көмек көрсетуді тіркеу журналында тіркеледі.
12. Тексеру барысында міндетті түрде:
1) денсаулық жағдайына шағымдарды, өмір және ауру тарихын жинау;
2) антропометриялық зерттеулер (бойы, дене салмағы);
3) тынысын, жүрек соғуының жиілігін, артериялық қан қысымын және дене температурасын өлшеу;
4) терісінің және көзге көрінетін шырышты қабаттарының жағдайын сипаттау;
5) ішкі органдарын обьективті зерттеу жүргізіледі.
13. Медицина қызметкері болмаған жағдайда арнайы мекеме бойынша кезекші шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды, сондай-ақ жарақат белгілерін, педикулезді, қышыманы анықтау үшін денесінің терісін және басының шашын (денесінің түгін) қарап, жаңадан келіп түскендердің денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізеді.
Жаңадан келіп түскендердің өзін нашар сезінуіне шағымы немесе ауру (жарақат) белгілері болған жағдайда арнайы мекеме бойынша кезекші дереу жедел медициналық жэрдем-бригадасын шақыруға міндетті.
Сұрау нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық жағдайына шағымдары және көрсетілген медициналық көмек туралы арнайы мекеменің медициналық кабинетінде сақталатын медициналық көмек көрсетуге жүгінушілерді тіркеу журналына, ал медицина қызметкері болмаған кезеңде - арнайы мекеме бойынша кезекшінің журналына жазба жазылады.
Сондай-ақ медицина қызметкері негізгі ұсыныстарымен және тағайындауларымен бірге медицина ұйымдары дәрігер-мамандарының консультациялық көмегін ұйымдастырады.