• Мое избранное
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісін (сипаттамасын) бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2009 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісін (сипаттамасын) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 Қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.08.2009. № 1260 Қаулысымен (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 (02.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 (02.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
Редакция 24.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының бланкілерін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісі (сипаттамасы) бекітілсін. 
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 (02.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты бланкілерін оның сипаттамасына сәйкес жасауды қамтамасыз етсін. 
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 (02.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң         бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1996 жылғы 23 қаңтардағы
 N 87 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгiсi
 (сипаттамасы) a а
1. Ықтиярхат - мөлдiр пластикалық қаптамасы бар, көлемi 70Х100 мм, баспаханалық жолмен жасалған, түрлi-түстi кәртiшке. Мұндағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген.
2. Оның бет жағында:
а) жоғарғы шетiнде:
                ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                          РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН       деп жазылған, бұлардың арасында диаметрi 20 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген.
б) олардан төмен - Шетелдіктің тұру ықтиярхаты
                 Вид на жительство иностранца       деген жазулар бар;
в) елтаңбаның астында қоныстану ықтиярхатының нөмiрi көрсетiлген;
г) сол жағында мөлшерi 33х43 мм сурет кәртiшкесi жапсырылған. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 Қаулысымен (02.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
3. Суретiнiң оң жағында төрт көлбеу сызық тартылған. Олардың астында:
Тегi/Фамилия
Аты/Имя
Әкесiнiң аты/Отчество
Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения
Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған.
4. Сырт жағында сегiз көлбеу сызық тартылған. Олардың астында:
Туған жерi/Место рождения
Азаматтығы/Гражданство
Тұрғылықты жерi/Место жительства
Берген мекеме/Орган выдачи
Берiлген күнi қолданылу мерзiмi/Дата выдачи-срок действия
Қолы/Подпись
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1996 жылғы 23 қаңтардағы
 N 87 қаулысымен
 бекiтiлген
Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсi (сипаттамасы) b b Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Үлгі алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 Қаулысымен (02.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)