• Мое избранное
Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктік қызмет көрсету мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктік қызмет көрсету мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316 Қаулысы

Редакция 27.08.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қаржы жүйесіндегі ақша ағынының біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету, ұлттық компанияларға банктік қызмет көрсетудің сапасы мен сенімділігін жақсарту, жалпы тәуекелді төмендету мақсатында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынымын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) органдарына:  
халықаралық стандарттарға көшірілетін 1-топтағы өзара аффилирленбеген отандық кемінде үш банкте ақша қалдықтарын орташа айлық есеппен әр банктегі жалпы қалдықтардың 25%-ін орналастыруды қамтамасыз ете отырып, белсенді операциялар бөлігінде банктік қызмет көрсетуге көшу туралы шешімдердің қабылдануын қамтамасыз етуді;  
осы шарттарды 1999 жылдың сәуірінен бастап орындауды заңдарда белгіленген тәртіппен ұсынсын.  
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі осы қаулының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін және оның орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті баяндама ұсынатын болсын.  
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 1999 жылғы 29 наурыздағы
 N 316 қаулысына
 қосымша
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2002 № 702, 27.08.2008 № 776 Қаулыларымен. (29.03.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
Қаражаттары бірінші топтағы банктерде орналастырылуға жататын акционерлік қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) Тізбесі
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ 
2. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" ЖАҚ 
3. "ЭйрҚазақстан" ЖАҚ 
4. "Қазақстан темір жолы" РМК 
5. "Қазақтелеком" ААҚ 
6. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ 
7. "KEGOC" ААҚ 
8. "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" ЖАҚ 
9.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.08.2008 № 776 Қаулыcымен). (28.06.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
10. "Қазақстан-Жібек жолы" ҰК 
11. "Шаруашылық басқармасы" АҚ 
12. "Резерв" РМК 
13. "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" АҚ 
14. "Аэронавигация" РМҚК