Toggle Dropdown
4
Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін және тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу ережесі
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 457-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4029
Toggle Dropdown
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө өкіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін және тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру және заң қызметі департаменті (А.С.Жайлаубаева) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісілгеннен кейін заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге қамтамасыз етілсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары К.Б.Есекеевке жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі Кеңсесінің
Toggle Dropdown
2005 жылғы 26 желтоқсандағы
Toggle Dropdown
келісілген
Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2005 жылғы 8 желтоқсандағы
N 457-Ө бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу
(жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін және
тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ереже
Toggle Dropdown
1. Осы Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін және тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) куәландырушы орталықпен электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін, сондай-ақ куәландырушы орталықтармен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің пайдаланыстағы және кері қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Ережеде Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық қолтаңба туралы" Заңымен анықталған түсініктер, сондай-ақ келесі терминдер мен түсініктемелер қолданылады:
Toggle Dropdown
1) тіркеу куәлігін тіркеу - тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәлігін енгізу;
Toggle Dropdown
2) тіркеу куәлігін қайтарып алу (жою) - осы куәландырушы орталықта тіркеу куәлігінің күші жойылды деп тану рәсімі;
Toggle Dropdown
3) кілтті ақпаратты тасымалдағыш - электрондық цифрлық қолтаңба жабық кілтінің қорғалған қоймасы (смарт-карта, кілтті дискета және басқалар);
Toggle Dropdown
4) өтініш беруші - тіркеу куәлігінің иесі болуға үміткер жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) Тіркеу орталығы - тіркеу куәліктерін жасау және беру кезінде иелерінің сәйкестендіру, аутенфикациялау, өкілеттігін тексеру операцияларының орындалуына жауапты куәландырушы орталықтың құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
6) объектілік сәйкестендіру - ITU-T сериясы X.660|ISO/IEC 9834 ұсыныстарына сәйкес меншіктенген цифрлық код.
Toggle Dropdown
2. Тіркеу куәліктерін беру және тіркеу тәртібі
Toggle Dropdown
3. Тіркеу куәліктерін беру және тіркеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өтініш беруші мен куәландырушы орталық арасындағы қолдары қойылған өтініш пен жасасқан шарт негізінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Тіркеу куәлігін тіркеу үшін өтініш Ережеге 1, 2 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
Toggle Dropdown
5. Қағаз жүзінде рәсімделген өтініштегі мәліметтер Куәландырушы орталықтың тіркеу орталығында өтініш берушінің жеке өзінің келуімен, тиісті құжаттарын көрсетуімен расталады.
Toggle Dropdown
6. Тіркеу куәлігі бар өтініш берушінің тіркеу куәлігін жаңадан тіркеу туралы өтініші электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. Сонымен өтініштегі мәліметтер пайдаланыстағы тіркеу куәлігіндегі электрондық цифрлық қолтаңба кілтін пайдаланумен қалыптасқан өтініш берушінің қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
Toggle Dropdown
7. Тіркеу куәлігін тіркеу үшін өтініш куәландырушы орталыққа түскен күнінен бастап бес күндік жұмыс мерзімінен аспай қаралады.
Toggle Dropdown
8. Тіркеу куәлігін тіркеуде егер:
Toggle Dropdown
өтініш берушімен қажетті ақпарат ұсынылмаған;
Toggle Dropdown
өтініш берушімен жалған ақпарат ұсынылған;
Toggle Dropdown
өтініш беруші пайдалануға ұсынған электрондық цифрлық қолтаңбаның құралы куәландырушы орталықпен қолдау таппаған жағдайларда қабылданбайды.
Toggle Dropdown
9. Тіркеу куәліктерін тіркеуден бас тартылған жағдайда осы ереженің 7-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей өтініш берушіге ресми хабар беріледі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген негіздеме болмаған кезде, куәландырушы орталық осы ереженің 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
11. Егер өтініш берушіде басқа куәландырушы орталықпен берілген тіркеу куәлігі болған жағдайда, онда оны мойындауға куәландырушы орталықтар арасындағы тиісті келісімді талап етеді.
Toggle Dropdown
12. Куәландырушы орталықпен берілген тіркеу куәлігі мынадай мәліметтерді құрайды:
Toggle Dropdown
тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі және оны қолдану мерзімі;
Toggle Dropdown
электрондық цифрлық қолтаңбаның иесін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін деректер, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі (СТТН, СТЖН, СН);
Toggle Dropdown
электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті;
Toggle Dropdown
электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін жасау үшін қолданылатын электрондық цифрлық қолтаңба құралдары туралы деректер және электрондық цифрлық қолтаңбаның алгоритімінің стандарттық белгілері;
Toggle Dropdown
электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану салалары мен оны қолдануды шектеу туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
куәландырушы орталықтың қолы үшін пайдаланылатын деректемелері мен электрондық цифрлық қолтаңба алгоритімінің стандарттық белгілері;
Toggle Dropdown
заңнамамен бекітілген тәртіппен электрондық құжат айналымының жүйесін басқарушымен келісілген электрондық құжат айналымының жүйесі үшін қажетті қосымша ақпарат;
Toggle Dropdown
куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы тиіс.
Toggle Dropdown
13. Тіркеу куәлігін беру электрондық құжат нысаны мен оның қағаз жүзіндегі көшірмесі түрінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
14. Электрондық құжат нысандағы тіркеу куәлігіне тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қол таңбасымен қол қойылады.
Toggle Dropdown
15. Куәландырушы орталықпен өтініш берушіге:
Toggle Dropdown
электрондық құжат нысандағы тіркеу куәлігі;
Toggle Dropdown
қағаз жүзіндегі тіркеу куәлігінің көшірмесі;
Toggle Dropdown
электрондық құжат нысандағы куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігінің түпнұсқасы;
Toggle Dropdown
қорғалған кілтті ақпарат жазылған таратқыш, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті беріледі.
Toggle Dropdown
16. Тіркеу куәлігінің тіркеліміне жедел қолжетімділік барлық электрондық құжат айналымына қатысушыларға қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
3. Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу (жою) тәртібі
Toggle Dropdown
17. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық:
Toggle Dropdown
тіркеу куәлігінің иесінің талабы бойынша немесе оның өкілінің сенім хаты болса;
Toggle Dropdown
тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болғанда;
Toggle Dropdown
тіркеу куәлігін пайдалану кезеңінің біткені бойынша;
Toggle Dropdown
куәландырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесінің арасындағы келісімде көзделген жағдайларда;
Toggle Dropdown
заңды күшіне енген сот шешімі бойынша кері қайтарылып алынады.
Toggle Dropdown
18. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) туралы иесінің өтініші қағаз жүзінде немесе электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
19. Өтініш берушіде пайдаланыстағы электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) туралы өтініші электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. Сонымен, өтініштегі мәліметтер пайдаланыстағы электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады.
Toggle Dropdown
20. Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) өтінішін алған күннен бастап бір жұмыс күнінен аспай тіркеу куәлігін кері қайтарып алу жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
21. Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін кері қайтарып алған (жойған) жағдайда тиісті ақпаратты хабарлайды, тиісті ақпаратты күнін және уақытын көрсетіп тіркеу куәлігінің тіркеліміне енгізу жолымен бұл туралы электрондық құжат айналымына қатысушыларға бұл туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
4. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін,
оның ішінде олардың көшірмесін қағаз
жүзінде сақтау тәртібі
Toggle Dropdown
22. Куәландырушы орталық электрондық құжат нысанындағы және қағаз жүзіндегі тіркеу куәліктерінің көшірмелерін, оларды барлық қолдану мерзімі кезінде сақтайды. Сонымен бірге олардың сақталуын қамтамасыз етуге жататын шарттар жасайды және тіркеу куәліктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес куәландырушы орталықпен олардың ақпараттарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасалады.
Toggle Dropdown
Куәландырушы орталықта кері қайтарылып алынған тіркеу куәліктерінің мерзімі 5 жылдан кем болмайды.
Toggle Dropdown
23. Осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қайтарылып алынған тіркеу куәліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен куәландырушы орталықтың ведомстволық (жеке) мұрағатына сақтауға түседі.
Toggle Dropdown
Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу,
Toggle Dropdown
сақтау, кері қайтарып алу (жою),
Toggle Dropdown
оның ішінде олардың қағаз
Toggle Dropdown
жүзіндегі көшірмесін және тіркеу
Toggle Dropdown
куәліктерінің тіркелемін жүргізу
Toggle Dropdown
ережесіне 1-қосымша
Toggle Dropdown
КІЛТ ПЕН ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ЖАСАУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ
Toggle Dropdown
ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ТІРКЕУ ҮШІН ӨТІНІШ (жеке тұлғадан)
Toggle Dropdown
Мен_______________________________________________________________,
Toggle Dropdown
(Тегі, аты, әкесінің аты)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
мекен жайы бойынша тұратын
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
төлқұжаты/жеке куәлігінің сериясы және нөмірі, кім және қашан берілді, СТТН, ӘЖК, зейнет ақысының куәлігі).
Toggle Dropdown
Осы өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес:
Toggle Dropdown
(тиісті тармақты таңдауыңыз қажет)
Toggle Dropdown
1. электрондық цифрлық қолтаңбаның кілті мен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тіркеу куәлігін менің атыма жасауыңызды,
Toggle Dropdown
2. Құрылған куәландырушы орталықпен___________________________
Toggle Dropdown
куәландырушы орталықтың атауы
Toggle Dropdown
мынадай электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін тіркеу куәлігімен
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
ашық кілттің пайдаланатын орны
Toggle Dropdown
және менің тіркеу куәлігімді куәландырушы орталықтың куәліктерінің тіркеу тізілімінде тіркеуді өтінемін.
Toggle Dropdown
Электрондық цифрлық қолтаңбаның кілті үшін сәйкестендіру деректері:
Toggle Dropdown
__________________________________________ Тегі, Аты, Әкесінің аты
Toggle Dropdown
__________________________________________ елінің атауы
Toggle Dropdown
__________________________________________облысының, ауданының атауы
Toggle Dropdown
__________________________________________ елді мекенінің атауы
Toggle Dropdown
__________________________________________ жұмыс орнының атауы
Toggle Dropdown
__________________________________________ лауазымының атауы
Toggle Dropdown
__________________________________________ сәйкестендіру нөмірі
Toggle Dropdown
______________________________________ электрондық почтасының адресі
Toggle Dropdown
Тіркеу куәлігін пайдалану облысы (заңды мәні бар болатын электрондық цифрлық қолтаңбамен электрондық құжаттың қатынасын анықтайтын объектілік сәйкестендіру)
Toggle Dropdown
1. 1- пайдалану облысы
Toggle Dropdown
2. 2- пайдалану облысы
Toggle Dropdown
3. 3- пайдалану облысы
Toggle Dropdown
Тіркеу куәлігін пайдалану кезеңі___________________________________
Toggle Dropdown
Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін жасау және электрондық
Toggle Dropdown
цифрлық қолтаңба алгоритмінің стандарттық белгілері үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдары туралы деректер:
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Атауы мен версияның нөмірі
Toggle Dropdown
Сәйкестендіру алгоритмі_____________________________________________
Toggle Dropdown
алгоритмінің атауы
Toggle Dropdown
(Электрондық құжат айналымы жүйесін басқарушысымен келісім бойынша куәландырушы орталықпен анықталған электрондық құжат айналымы жүйесі үшін қажетті қосымша ақпарат.)
Toggle Dropdown
Қолы ____________ Т.А.Ә.А ______________
Toggle Dropdown
2005 жылғы "____"__________
Toggle Dropdown
Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу,
Toggle Dropdown
сақтау, кері қайтарып алу (жою),
Toggle Dropdown
оның ішінде олардың қағаз
Toggle Dropdown
жүзіндегі көшірмесін және тіркеу
Toggle Dropdown
куәліктерінің тіркелемін жүргізу
Toggle Dropdown
ережесіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
КІЛТ ПЕН ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ЖАСАУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ
ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ТІРКЕУ ҮШІН ӨТІНІШ (заңды тұлғадан )
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________,
Toggle Dropdown
(заңды тұлғаның атауы)
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның мекен жайы _________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
тіркеу туралы куәлігі N _______________ 2005 жылғы "____"
Toggle Dropdown
_______________берілді, тұлға_______________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________ негізінде пайдаланымдағы
Toggle Dropdown
Т.А.Ә.а. төлқұжаты/жеке куәлігінің сериясы және нөмірі, кім және қашан берілді, тұратын жері, СТТН, ӘЖК, зейнет ақысының куәлігі, сенімхаттың нұсқауы).
Toggle Dropdown
осы өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес:
Toggle Dropdown
(тиісті тармақты таңдауыңыз қажет)
Toggle Dropdown
1. электрондық цифрлық қолтаңбаның кілті мен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тіркеу куәлігін менің атыма жасауыңызды,
Toggle Dropdown
2. Мыналарды:
Toggle Dropdown
электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін тіркеу куәлігімен_____________________________________
Toggle Dropdown
ашық кілттің пайдаланатын орны
Toggle Dropdown
куәландырушы орталықпен жасалған тіркеу куәлігімді
Toggle Dropdown
___________________________________________________
Toggle Dropdown
куәландырушы орталықтың атауы
Toggle Dropdown
куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерінің тіркелімінде тіркеуді өтінемін.
Toggle Dropdown
Электрондық цифрлық қолтаңбаның кілті үшін сәйкестендірілген деректер:
Toggle Dropdown
__________________________________________ Тегі, Аты, Әкесінің аты
Toggle Dropdown
____________________________________________ елінің атауы
Toggle Dropdown
__________________________________________ облысының,ауданының атауы
Toggle Dropdown
__________________________________________ елді мекенінің атауы
Toggle Dropdown
__________________________________________ жұмыс орнының атауы
Toggle Dropdown
___________________________________________ лауазымының атауы
Toggle Dropdown
__________________________________________ сәйкестендіру нөмірі
Toggle Dropdown
______________________________________ электрондық почтасының адресі
Toggle Dropdown
Тіркеу куәлігін пайдалану облысы (заңды мәні бар болатын электрондық
Toggle Dropdown
цифрлық қолтаңбамен электрондық құжаттың қатынасын анықтайтын объектілік сәйкестендіру)
Toggle Dropdown
4. 1- пайдалану облысы
Toggle Dropdown
5. 2- пайдалану облысы
Toggle Dropdown
6. 3- пайдалану облысы
Toggle Dropdown
Тіркеу куәлігін пайдалану кезеңі____________________________________
Toggle Dropdown
Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін жасау және электрондық цифрлық қолтаңба алгоритмінің стандарттық белгілері үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдары туралы деректер:
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Атауы мен версияның нөмірі
Toggle Dropdown
Сәйкестендіру алгоритмі_____________________________________________
Toggle Dropdown
алгоритмнің атауы
Toggle Dropdown
(Электрондық құжат айналымы жүйесін басқарушысымен келісім бойынша куәландырушы орталықпен анықталған электрондық құжат айналымы жүйесі үшін қажетті қосымша ақпарат.)
Toggle Dropdown
Т.А.Ә.А _________________
Toggle Dropdown
Лауазымы ________________ Қолы ______________
Toggle Dropdown
2005 жылғы "____"_____________
Toggle Dropdown
Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу,
Toggle Dropdown
сақтау, кері қайтарып алу (жою),
Toggle Dropdown
оның ішінде олардың қағаз
Toggle Dropdown
жүзіндегі көшірмесін және тіркеу
Toggle Dropdown
куәліктерінің тіркелемін жүргізу
Toggle Dropdown
ережесіне 3-қосымша
Toggle Dropdown
СЕНІМ ХАТ
Toggle Dropdown
Елді мекенінің атауы, қаласы
Toggle Dropdown
200__ жылғы "________"
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________,
Toggle Dropdown
(заңды тұлғаның атауы)
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның мекен-жайы _________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
тіркеу туралы куәлігі N __________ _____________2005 жылғы "_____"
Toggle Dropdown
___________________________ берілді, тұлға ________________________
Toggle Dropdown
___________________________ осы сенімхаттың негізінде уәкілеттенеді
Toggle Dropdown
Т.А.Ә.а. төлқұжаты/жеке куәлігінің сериясы және нөмірі, кім және қашан берілді, тұратын жері, СТЖН, СН)
Toggle Dropdown
(ұйымның атауы____________________________________________________-
Toggle Dropdown
(тиісті тармақты таңдауыңыз қажет):
Toggle Dropdown
1. электрондық цифрлық қолтаңба мен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тіркеу куәлігін жасау,
Toggle Dropdown
2. қолтаңбаны куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерінің тіркелімінде менің тіркеу куәлігімді тіркеу,
Toggle Dropdown
3. куәландырушы орталықта тіркелген кері қайтарып алынатын (жойылатын) тіркеу куәлігі ____________ тұлғаның атымен жүзеге асырылсын
Toggle Dropdown
Өкіл осы сенімхатта анықталған тапсырманы орындау үшін Куәландырушы орталықтың тиісті құжаттарында қолын қоюға құқығы беріледі
Toggle Dropdown
Тегі, Аты, Әкесінің аты ____________________________________________
Toggle Dropdown
куәландырамын.
Toggle Dropdown
Сенім хат бір ай мерзімге берілді.
Toggle Dropdown
Қолы_____________ Т.А.Ә.А ______________________
Toggle Dropdown
2005 жылғы "____"_________
Toggle Dropdown
Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу,
Toggle Dropdown
сақтау, кері қайтарып алу (жою),
Toggle Dropdown
оның ішінде олардың қағаз
Toggle Dropdown
жүзіндегі көшірмесін және тіркеу
Toggle Dropdown
куәліктерінің тіркелемін жүргізу
Toggle Dropdown
ережесіне 4-қосымша
Toggle Dropdown
ТІРКЕУ КУӘЛІГІН КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛУ (ЖОЮ) ҮШІН ӨТІНІШ
Toggle Dropdown
(жеке тұлғаның атынан)
Toggle Dropdown
Мен_______________________________________________________________,
Toggle Dropdown
(Тегі, аты, әкесінің аты)
Toggle Dropdown
_________________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын
Toggle Dropdown
төлқұжаты/жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, кім және қашан берілді, тұратын жері, СТЖН, СН)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тіркеу куәлігін (жоюдың) алудың себебі: жабық кілттің жабылу себебіне, жұмыстың тоқтатылуы және т.с.с)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі мен берілген күні)
Toggle Dropdown
сериялық нөмірмен тіркеу куәлігінің кері қайтарылуын (жоюуын) сұраймын.
Toggle Dropdown
Қолы_____________ Т.А.Ә.А ______________________
Toggle Dropdown
200__ жылғы "____"_________
Toggle Dropdown
Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу,
Toggle Dropdown
сақтау, кері қайтарып алу (жою),
Toggle Dropdown
оның ішінде олардың қағаз
Toggle Dropdown
жүзіндегі көшірмесін және тіркеу
Toggle Dropdown
куәліктерінің тіркелемін жүргізу
Toggle Dropdown
ережесіне 5-қосымша
Toggle Dropdown
ТІРКЕУ КУӘЛІГІН КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛУ (ЖОЮ) ҮШІН ӨТІНІШ
Toggle Dropdown
(заңды тұлғаның атынан)
Toggle Dropdown
Мен_______________________________________________________________,
Toggle Dropdown
(заңды тұлғаның атауы)
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның мекен жайы _________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
тіркеу туралы куәлігі N ____________ _________ жылғы "_____"____
Toggle Dropdown
берілді,____________________________________________________________
Toggle Dropdown
тұлға _____________________________________________________негізінде
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
тіркеу куәлігін (жоюдың) алудың себебі: жабық кілттің жабылу себебіне, жұмыстың тоқтатылуы және т.с.с)
Toggle Dropdown
___________________________________________________
Toggle Dropdown
(тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі мен берілген күні)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________уәкілетті
Toggle Dropdown
тұлғаға берілген ___________________________________________________
Toggle Dropdown
(лауазымы, Т.А.Ә.А. сенім хаттың түпнұсқасы, төлқұжаты/жеке куәлігінің сериясы және нөмірі, кім және қашан берілді, тұратын жері, СТЖН, СН)
Toggle Dropdown
сериялық нөмірімен тіркеу куәлігін кері қайтаруды (жоюды) сұраймын.
Toggle Dropdown
А.Т.Ә.А ____________________
Toggle Dropdown
Лауазымы ________________
Toggle Dropdown
Қолы _____________
Toggle Dropdown
2005 жылғы "____"__________