"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Концессиялық жобаларға қойылатын өлшемдерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 783 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған концессиялық жобаларға қойылатын өлшемдер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 783 қаулысымен бекітілген
Концессиялық жобаларға қойылатын өлшемдер
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларға сәйкестiгi.
2. Концессия шартының қолданылу мерзiмi.
3. Концессия объектiсiн концессия шартында белгiленген техника-экономикалық көрсеткiштерге дейiн жеткiзу мерзiмi.
4. Концессия шартында белгiленген көлемде тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) өндiрудi iске асыруды бастау мерзiмi.
5. Концессионерлердiң қызметiн болжанатын мемлекеттiк қолдау көлемi мен шарттары.
6. Жаңа технологияларды тарту.
7. Концессия шарты объектiсiнiң техника-экономикалық көрсеткiштерi.
8. Концессиялық жобаға тартылатын инвестициялардың көлемi.
9. Концессиялық жобаны iске асыру үдерiсiнде жұмыспен қамтылудың өсуiн ынталандыру.
10. Қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздігі саласындағы тиiстi талаптарды сақтау деңгейi.