• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 шілдедегі
№ 912 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына  сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау  қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын (бұдан әрі – беру жоспары) жасау тәртібін айқындайды.
1) өздерінің сұйытылған мұнай газының жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1010 Қаулысымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне;
3) сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде өз мұқтаждықтары үшін сатып алатын адамдарға қолданылмайды.
Осы адамдар тобы бойынша сұйытылған мұнай газының көлемдері тиісті өңірдің балансында және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша жоспардан тыс ретінде ескеріледі.
1) газ желісі ұйымы – газ толтыру станциясын (пунктін), топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) беруші – Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1010 Қаулысымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) өңір – газ желісі ұйымдарының өтінімдері бойынша сұйытылған мұнай газы берілетін облыс және республикалық маңызы бар қала, астана;
4) газ желісі ұйымының өтінімі – газ желісі ұйымының белгілі бір кезеңге сұйытылған мұнай газына деген қажеттілік туралы осы Қағидаларда белгіленген нысандағы жазбаша өтініші.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
5. Беру жоспарын Қазақстан Республикасының ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган ай сайын әзірлейді.
6. Беру жоспарын уәкілетті орган жоспарланған жылдың алдындағы айдың жиырма бесінен кешіктірмей бекітеді және осы мерзімде ол берушіге, өңірлердің әкімдеріне, газ желісі ұйымдарына жіберіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
7. Беру жоспарына сәйкес өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығы аккредиттелген газ желісі ұйымдарына беріледі.
2. Өңірлер мен газ желісі ұйымдарының өтінімдерін беру және қарау тәртібі
8. Беру жоспары газ желісі ұйымдары алдағы күнтізбелік айға уәкілетті органға беретін өнімдердің негізінде әзірленеді.
9. Өтінімдер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және ағымдағы күнтізбелік айдың бесінен бастап он бесін қоса алғандағы кезеңде уәкілетті органға беріледі.
1) газ желісі ұйымының толық атауы мен оның орналасқан жері;
2) оған жақын өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері;
3) сұйытылған мұнай газының жоспарланған көлемін тиеу және жеткізу тәсілі, түсіру орны;
4) түрлері (пропан-бутан фракциясы, пропан, бутан), партиялары мен тиеу күндері бойынша бөле отырып, сұйытылған мұнай газын сатып алудың мәлімделген көлемі;
5) аудандары мен санаттары және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелері бойынша бөле отырып, тұтынушыларға мәлімделген көлемді жоспарланған тарату көрсетіледі.
11. Өтінімге заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама қоса беріледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.07.2013 жылғы № 671 қаулысымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11.09.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидаларда көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
1) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ағымдағы айдың алдындағы ай үшін сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтер бермеген;
2) аккредиттелетін газ желісі ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдері уәкілетті органның қарауына қабылданбайды.
13. Газ желісі ұйымдарының ұсынылған өтінімдерін уәкілетті орган тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу мен тұтыну мониторингінің деректерін ескере отырып, сатып алуға мәлімделген сұйытылған мұнай газы көлемдерінің негізділігі тұрғысында қарайды.
14. Егер қарау нәтижелері бойынша мәлімделген көлемдер экономикалық және техникалық жағынан негізделген деңгейден асып түссе, уәкілетті орган мәлімделген көлемді негізделген деңгейге дейін азайту туралы шешім қабылдайды.
3. Сұйытылған мұнай газының көлемдерін айқындау және бөлу тәртібі
15. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін уәкілетті орган өткен кезеңдерде сұйытылған мұнай газын сақтау мен өткізудің іс жүзіндегі көлемдерін ескере отырып, газ желісі ұйымдарының өтінімдері негізінде есептелетін ішкі нарықтың қажеттілігін негізге алып айқындайды.
16. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін беруші сұйытылған мұнай газын өндірудің жалпы көлеміне пайыздық арақатынаста әрбір беруші үшін белгілейді.
Пайыздық қатынас барлық жеткізушілер үшін бірдей белгіленеді.
17. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Беру жоспарында бекітіледі.
18. Беру жоспары мыналарды қамтиды:
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1010 Қаулысымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
3) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі.
19. Сұйытылған мұнай газын өңірлер арасында бөлуді беруші мен газ желісі ұйымдарының географиялық орналасуына байланысты уәкілетті орган жүзеге асырады.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1010 Қаулысымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19-1. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында бөлуді беру жоспарының негізінде беруші жүзеге асырады.
Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1010 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20. Егер өңірдің аумағында екі және одан көп берушінің сұйытылған мұнай газын өндіру және сақтау жөніндегі объектілері орналасқан болса, бөлу осындай берушілер арасында барабар жүзеге асырылады.
21. Пропан өндіруді жүзеге асыратын берушілер үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының жалпы көлеміндегі пропанның үлесін уәкілетті орган белгілейді.
22. Пропанды бөлу уәкілетті орган айқындайтын өңірлер арасында жүзеге асырылады.
22-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1010 Қаулысымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23. Берушіде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиелмеген көлемдері пайда болған жағдайда газ желісі ұйымының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты мұндай беруші уәкілетті органды алдын ала хабардар етумен тиелмеген көлемдерді өзге адамдарға өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
1) газ желісі ұйымының ақысы төленген сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы не алудан бас тартуы туралы уәкілетті органның қолы қойылған берушінің атына хаты;
2) газ желісі ұйымының күнтізбелік он күннің ішінде сұйытылған мұнай газын беру шартын жасасу туралы, оған ақы төлеу не тиеу туралы берушінің жазбаша сұрау салуына жауабының болмауы газ желісі ұйымының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы болып танылады.
24. Газ желісі ұйымы беру жоспарының шеңберінде сатып алынған сұйытылған мұнай газын ұсынылған өтінімге сәйкес өңірлердегі тұтынушыларға және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелеріне өткізуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ішкі
нарығына сұйытылған мұнай
газын берудің жоспарын жасау
қағидаларына
1-қосымша
_____________________________
 _____________________________
 (уәкілетті органның атауы)
 _____________________________
 _____________________________
 _____________________________
 (газ желісі ұйымының атауы мен орналасқан жері,
 аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі мен күні)
      Мәлімделген кезең ___________________________                           (күнтізбелік жыл, айлар)
      Берілетін көлемнің барлығы, кг ___________________________        оның ішінде партиялармен
 
Партия № /кезеңдер Партиядағы газ көлемі, кг Маркасы (ПТ, ПБТ, БТ) Беруші Берушінің тиеу күні










Жыл бойынша ЖИЫНЫ



Жеткізу тәсілі _____________________________________________________        (т/ж не автомобиль көлігімен – әрбір беруші үшін жеке)
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
сұйытылған мұнай газын берудің
жоспарын жасау қағидаларына
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1010 Қаулысымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын ерудің_________(жылғы)_______(айы) арналған жоспары

Р/с

Берушінің

атауы, орналасқан

жері

Өңір

Өңірге беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна

Газ желісі ұйымдарының атаулары, орналасқан жері

Әрбір өңірге маркалары мен партиялары бойынша бөлу

Әр партияның жөнелтілген күні

Жөнелткен орны, жеткізу тәсілі

бутан техникалық

техникалық

пропан бутан

техникалық

пропан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
 сұйытылған мұнай газын берудің
 жоспарын жасау қағидаларына
 3-қосымша
Газ желісі ұйымдары мен өңірлер бойынша бөле отырып, сұйытылған газды беру жөніндегі берушінің мәліметтері
 
Р/с № Облысы Газ желісі ұйымы Беру, тонна
жоспар келісім-шарт жасалғаны ақы төленгені жоспар бойынша тиелгені % жоспардан тыс тиелгені барлық тиелгені %
1 2 3 4 5 6 7 8=7/4 9 10=7+9 10/4
1 Ақмола облысы Барлығы









1-газ желісі ұйымының атауы









2-газ желісі ұйымының атауы









...









n-ші газ желісі ұйымының атауы


















Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
 сұйытылған мұнай газын берудің
 жоспарын жасау қағидаларына
 4-қосымша
20__жылы сұйытылған газдың импорты бойынша берушінің ақпараты
 20__ жылғы ___ __________ жағдай бойынша
 ________________________________________
 (берушінің атауы)
 
Облыстар мен қалалар Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан Жыл басынан бері
Ақмола












Қарағанды












ШҚО












Атырау












БҚО












ОҚО












Павлодар












Маңғыстау












Қостанай












СҚО












Жамбыл












Алматы












Қызылорда












Ақтөбе












Астана қ.












Алматы қ.












Барлығы