Toggle Dropdown
1
Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірде № 6923 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 21.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес өткізілетін іс-шараларды реттеу және деңгейін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр М. Құл-Мұхаммед
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
31 наурыздағы 2011 жылғы
№ 56 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
3
Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі – Үлгілік қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдерді (бұдан әрі – конкурстар мен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Үлгілік қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Toggle Dropdown
2) конкурс – жеңіске аса үздік үміткерді (үміткерлерді) айқындау мақсатында өткізілетін қоғамдық-мәдени, көркемдік-шығармашылық іс-шара;
Toggle Dropdown
3) мәдениет саласындағы уәкілетті орган – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
4) фестиваль – мәдени-бұқаралық іс-шара, музыка, театр, цирк, эстрада, кино және басқа да өнер түрлерінің жетістіктерін көрсету (байқау), оның ішінде конкурстық көрсету.
Toggle Dropdown
2-тарау. Конкурстардың және (немесе) фестивальдердің мақсаттары мен міндеттері
Toggle Dropdown
3. Конкурстар мен (немесе) фестивальдердің мақсаттары мен міндеттері:
Toggle Dropdown
1) өнердің шығармашылық жетістіктерін анықтау және талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
Toggle Dropdown
2) барлық жас топтарындағы дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
Toggle Dropdown
3) ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
Toggle Dropdown
4) халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
Toggle Dropdown
6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
Toggle Dropdown
8) азаматтардың эстетикалық тәрбиесіне жағдайлар жасау;
Toggle Dropdown
9) мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
10) жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.
Toggle Dropdown
3-тарау. Фестивальдерді және (немесе) байқауларды өткізу тәртібі
Toggle Dropdown
4. Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы республикалық конкурстар және (немесе) фестивальдерді ұйымдастыру уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның келісімі бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады. Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізуді келісу үшін жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға қолдаухат жолдайды.
Toggle Dropdown
6
6. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган осы Үлгілік қағида негізінде әрбір конкурс және (немесе) фестивальға жеке Конкурс және (немесе) фестивальді өткізудің қағидасын бекітеді (бұдан әрі - Қағида).
Toggle Dropdown
7. Қағидада конкурсты және (немесе) фестивальді өткізудің мерзімдері мен өткізілетін орны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Мерзімдері, мақсаттары мен міндеттері басқа конкурстардың және (немесе) фестивальдердің мерзімдерін, мақсаттары мен міндеттерін қайталайтын конкурсты және (немесе) фестивальді өткізуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
9. Республикалық конкурстарда және (немесе) фестивальдерде Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің өкілдері қатысуы қажет.
Toggle Dropdown
4-тарау. Ұйымдастыру комитеті
Toggle Dropdown
10. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган конкурсты және (немесе) фестивальді өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрамын бекітеді.
Toggle Dropdown
11. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен конкурсты және (немесе) фестивальді өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құралады. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
12. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
13. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу мәселелері жөнінде мүдделі органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
14. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
Toggle Dropdown
15. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Toggle Dropdown
5-тарау. Конкурстың және (немесе) фестивальдің қазылар алқасы
Toggle Dropdown
16. Конкурсқа және (немесе) фестивальға қатысушылардың өнерін бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады.
Toggle Dropdown
Мәдениет саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырған қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
Жергілікті атқарушы орган ұйымдастырған қазылар алқасының құрамы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
17. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.
Toggle Dropdown
18. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелері қол қояды.
Toggle Dropdown
19. Қазылар алқасы бағаларының критерийлері:
Toggle Dropdown
1) орындаудың сапалық деңгейі;
Toggle Dropdown
2) орындаушылық шеберлігі (орындаушының, аранжировкаларының дербестігі);
Toggle Dropdown
3) жұмыстағы жаңашылдық деңгейі мен инновациялық көзқарасы. Конкурстар және (немесе) фестивальдер шығармашылық қызметтің түрлі салаларында өткізілетін болғандықтан Қағидада қосымша критерийлер көзделуі мүмкін