• Мое избранное
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 Қаулысына толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.02.2008 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 705 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.02.2008. № 108 Қаулысымен (07.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 7, 75-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
1-тармақтың 2) тармақшасы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасарлары" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кiру жөнiндегi келiссөздердегi Қазақстан Республикасының арнайы өкілі" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі