• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 13.07.2005 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 17 қаңтар N 45
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінің
 2003 жылғы 17 қаңтардағы
 N 45 қаулысымен
 бекiтiлген
Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдалану ЕРЕЖЕСI
1. Осы Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер мен мемлекеттiк нормативтерге сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже ерекше режим белгiленетiн әскери және басқа объектiлердi (бұдан әрi - ерекше режим объектiлерi) жаңадан игерiлетiн (жайластырылатын, салынатын) аумақтарда орналастыруды жоспарлаған әрi орналастырған кезде, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қала құрылысы регламентациясының әдiстерiмен режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.