• Мое избранное
Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4411 болып енгізілді.

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 2
Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Заңы 6 бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (әрі қарай - Агенттік) қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің және олардың еншілес ұйымдарының келесі тізбесі бекітілсін: 
1) Moody's Investors Service; 
2) Standard & Poor's; 
3) Fitch;
4) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі" акционерлік қоғамы;
5) "Рейтинговое агентство "Эксперт РА Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
6) «Рейтинговое агентство «KZ-rating» («Рейтинговое агентство «КЗ-рейтинг») жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
1-тармақ өзгертілді ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 09.12.2009 № 04.2-44/187, 14.04.2010 № 04.2-40/80 бұйрықтарымен. (08.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.  
3.   Агенттігінің тіркеу департаментіне: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қолданылсын; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзім ішінде Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарларына жеткізілсін.  
4. Агенттіктің даму департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етілсін.  
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.
 Қазақстан Республикасы 
Алматы қаласының өңірлік

қаржы орталығының қызметін

реттеу Агенттігінің Төрағасы