• Мое избранное
Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 442 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 26.03.2015 жылғы № 207 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 201-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 11 сәуірдегі
 № 442 қаулысымен
 бекітілген
  • 2
Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 201-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүліктің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік мүлікті тізілімде есепке алу, тіркеу және ақпараттық мақсаттарды жүзеге асыруға арналған және оның құқық белгілеу немесе құқық куәландыру мәні жоқ.
3. Тізілім деректері мемлекетке тиесілі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық уәкілетті орган – аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
2) бұйрық – тізілімде тіркелетін және есепке алу объектілері бойынша деректерді өзгертуге бағытталған іс-қимыл;
3) облыстық уәкілетті орган – облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
4) орындаушы – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (республикалық меншік бойынша) немесе облыстық (аудандық) уәкілетті органның (коммуналдық меншік бойынша) тізілімдегі бұйрықтың орындалуын жүзеге асыратын қызметкері;
5) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжай бойынша Интернет желісінде орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
6) тіркеуші – ұйымның немесе мемлекеттік заңды тұлғаның тізілімде бұйрықтарды тіркеу құқығы берілген уәкілетті тұлғасы;
7) ұйымдар – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2. Тізілімді жүргізу тәртібі. Тізілімде мемлекеттік мүлікті есепке алуды ұйымдастыру
5. Тізілімде мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша республикалық және коммуналдық мүліктің бөлек есебі, ал жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша – облыстық және аудандық коммуналдық мүліктің бөлек есебі жүзеге асырылады.
6. Тізілімнің есепке алу объектілері (бұдан әрі – есепке алу объектілері) мыналар:
1) мемлекеттік заңды тұлғалар мен оларға бекітіліп берілген мүлік;
2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;
3) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері;
4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;
5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері;
6) мемлекеттік материалдық резерв болып табылады.
7. Есепке алу объектілері мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілетін және бекітіліп берілмейтін болып бөлінеді.
Бекітіліп берілмейтін есепке алу объектілеріне жер пайдаланудағы жер учаскелері, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері және мемлекеттік материалдық резерв жатады.
Бекітіліп берілетін есепке алу объектілеріне мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік – негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты қамтитын ұзақ мерзімді активтер мен сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер жатады.
8. Тізілімде мемлекеттік мүлікті бірыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (11.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бекітілетін есепке алу объектілерін тізілімде есепке алуды:
1) республикалық мүлік бойынша - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
2) облыстық коммуналдық мүлік бойынша - облыстық уәкілетті орган;
3) аудандық коммуналдық мүлік бойынша - аудандық уәкілетті орган ұйымдастырады.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саладағы уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, сондай-ақ шетелдегі жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алуды ұйымдастырады.
  • 1
9. Тізілімге есепке алу объектілері бойынша деректерді беретін мемлекеттік органдар есепке алу объектілері бойынша тізіліммен интеграциялау үшін ведомстволық ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұйымдастырады, атап айтқанда:
1) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты бюджетке салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) жер пайдаланудағы жер учаскелеріне қатысты жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысымен (11.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) облыстық коммуналдық мүлікке жатқызылған акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне қатысты облыстық уәкілетті орган;
6) аудандық коммуналдық мүлікке жатқызылған акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне қатысты аудандық уәкілетті орган;
7) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілеріне қатысты мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне қатысты зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) мемлекеттік материалдық резервке қатысты атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
10. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) тізілімде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады;
2) тізілімді жүргізеді және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тізілімді пайдаланушыларға ақпарат береді;
3) тізілімнің қосымша кіші бөлімінің қосымша мәліметтерінің құрамын қалыптастырады;
4) тізілімнің жұмыс істеуін қолдаумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Тізілім деректерінің құрылымы
11. Тізілім мынадай екі кіші бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша.
12. Негізгі кіші бөлім:
мемлекеттік заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің, сондай-ақ ұйымдарының атаулы тізбесін;
мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты меншік құқығы мен ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларына және/немесе қатысу үлестеріне билік ету құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган туралы мәліметтерді;
ұйымды және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган туралы мәліметтерді қамтиды.
13. Есепке алу объектісі бойынша тізілімнің қосымша кіші бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) есепке алу объектісін, оны басқа объектілерден ажыратуға мүмкіндік беретін жеке сипаттамаларын көрсете отырып, сипаттау;
2) шартқа сәйкес есепке алу объектісінің белгілі бір мемлекеттік заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға немесе мемлекеттік емес тұлғаға тиесілі екендігі немесе бекітіліп берілгені туралы мәліметтер;
3) есепке алу объектісінің теңгерімдік құны;
4) есепке алу объектісіне үшінші тұлғалардың құқықтарымен салынған ауыртпалықтардың болуы туралы мәліметтер мен ауыртпалықтар түрі;
5) есепке алу объектісінің күтіп ұсталуына не сақталуына жауапты тұлғалардың деректемелері;
6) есепке алу объектісіне құқықтардың туындауына және тоқтатылуына негіздемелер, ал Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген мемлекеттік мүлікке құқықтарды тіркеу міндетті болған жағдайда – есепке алу объектісінің және (немесе) оған құқықтардың мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер.
14. Қосымша кіші бөлімде мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қажетті әртүрлі серпінді көрсеткіштер қамтылады:
1) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлік туралы мәліметтер;
2) бекітіліп берілмейтін есепке алу объектілері туралы мәліметтер;
3) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілері туралы мәліметтер.
5) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторинг нәтижелері;
14-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау бойынша ақпарат;
14-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін ұсынылатын есепке алынатын объектілер туралы мәліметтер;
14-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) жасалған мүліктік жалдау (жалға алу) және сенімгерлік басқару шарттары бойынша, атап айтқанда шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтер;
14-тармақ 8-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар;
14-тармақ 9-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) республикалық және коммуналдық мүлікке жататын концессия объектілері жөнінде жасалған концессия шарттары бойынша мәліметтер;
14-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) Ресей Федерациясына мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасының мүлкі бойынша мәліметтер.
14-тармақ 11-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тізілімнің деректерін өзгерту
15. Мынадай бұйрықтар тізілімде тіркелуге жатады:
1) есепке алу объектісі туралы деректерді тізілімге енгізу;
2) есепке алу объектісі туралы деректерді өзекті ету;
3) есепке алу объектісін тізілімнен алып тастау.
16. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар ведомстволық ақпараттық жүйелерден алынған есепке алу объектілері туралы мәліметтердің осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген бұйрықтарды тізілімде тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін нысандарға, көлемге және деректерді тізілімге беру мерзімділігіне сәйкес берілуін қамтамасыз етеді.
17. Тізілімнің мәліметтерін өзекті етуді мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) тізілімде есепке алу объектілері туралы объективті және тиісті ақпаратты көрсетуге мүмкіндік беретін жаңарту, толықтыру, өзгерту және өзге де іс-қимылдар жолымен жүзеге асырады.
  • 1
18. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті тізілімге енгізу, өзекті ету және алып тастау, сондай-ақ олармен жасалатын мәмілелер тізілімге бұйрықтарды енгізу (тіркеу) және орындау арқылы мемлекеттік заңды тұлғаның бухгалтерлік есеп жүйесінде бес жұмыс күні ішінде өзгерістерді көрсету күнінен бастап мынадай тәртіппен жүргізіледі:
  • 1
1) тіркеуші тізілімнің веб-порталы арқылы тіркеушінің ЭЦҚ қойылған бұйрықты төмендегідей тіркеп, сақтайды:
бұйрықта оны тіркеу үшін негіздемені көрсете отырып, мүлік жөніндегі деректерді толтырады;
оның негізінде мүлік мемлекеттік заңды тұлғаға бекітілген (сатып алынған) немесе оның негізінде мәміле жасалған «Acrobat Reader» электрондық форматында сканерленген құжатты, мәмілені мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік органмен немесе облыстық (аудандық) уәкілетті органмен, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу туралы құжатты оған қоса бекітеді;
2) орындаушы тізілімде тіркеуші сақтаған бұйрықты үш жұмыс күні ішінде тексереді және оны орындайды не бас тарту себебін көрсете отырып, орындаудан бас тартады;
3) бұйрық тізілімде орындалғаннан кейін бұйрықтың орындалуы туралы есеп электронды форматта қалыптастырылады.
19. Бұйрықты орындау немесе орындаудан бас тарту туралы есепті тіркеуші тізілімнің веб-порталынан басып шығаруға және олардың негізінде бұйрықты тіркеу жүргізілген немесе жүргізілмеген құжаттармен бірге сақтауға жатады.
20. Тіркеуші сақтаған бұйрық осы Қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда орындаушы бұйрықтың тізілімде орындалуын тоқтата тұрады.
21. Тіркеуші анықталған сәйкессіздіктерді жоймаған жағдайда, бұйрықты тоқтата тұрған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде орындаушы бұйрықты тізілімде орындаудан алып тастайды.
22. Есепке алу объектісі оған мемлекет құқығының тоқтатылуына байланысты тізілімнен алынып тасталған кезде бұл объектіні қадағалау тоқтатылады. Тізілімнің есепке алу объектісін бір мемлекеттік органның басқаруынан екіншісіне беру, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың иеленуіне және (немесе) пайдалануына беру есепке алу объектісін тізілімнен алып тастауға негіз болып табылмайды.
Тізілімінен алынып тасталған есепке алу объектісі туралы деректер тізілім деректері базасының мұрағатына көшіріледі.
23. Мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімге мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген бірыңғай әдістеме және деректер форматы бойынша мемлекеттік заңды тұлғалар теңгерімінде бекітілген мүлікке жүргізілген түгендеу нәтижесін енгізуді қамтамасыз етеді.
24. Жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша тізілімнің деректері мен мемлекеттік заңды тұлғалардың бухгалтерлік есебінде анықталған алшақтықтарды мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімде осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген тәртіппен күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейінгі екі ай ішінде жояды.
24-1. Мемлекеттік заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ ұйымдарды тіркеу, қайта ұйымдастыру (қайта құру, біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару), тарату, қайта тіркеу үшін:
Қағидалар 24-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
мемлекеттік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ ұйымдар бірыңғай операторға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - тіркеуші орган) белгілеген нысан бойынша толтырылған және уәкілетті адам қол қойған өтініштің бланкісін береді;
бірыңғай оператор өтінішті алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген мемлекеттік заңды тұлға немесе ұйым бойынша тізілімдегі ақпаратты тексереді, тізілімге қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді және өтініштің бланкісіне тиісті белгі қояды;
мемлекеттік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ ұйымдар тіркеуші органға бірыңғай оператордың белгісі бар өтінішті береді.
24-2. Ұйымның жарғылық капиталының мөлшері өзгерген кезде тіркеуші органға осы Қағидалардың 24-1-тармағында көзделген тәртіппен бірыңғай оператор растаған өтініш беріледі.
Қағидалар 24-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-3. Тіркеуші орган бес жұмыс күні ішінде бірыңғай операторға тізілімге өзгерістер енгізу үшін жүргізілген мемлекеттік заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы не тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартылғандығы туралы хабарлайды.
Қағидалар 24-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне мемлекетке тиесілі бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, облыстық уәкілетті органның немесе аудандық уәкілетті органның бағалы қағаздармен мәмілесін тіркеуге арналған бұйрығы бірыңғай оператордың белгісімен беріледі.
Қағидалар 24-4-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес айқындалған бірыңғай тіркеуші бес жұмыс күні ішінде тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін мемлекетке тиесілі бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу не тіркеуден бас тарту нәтижелері туралы бірыңғай операторға хабарлайды.
24-5. Мемлекеттік мүлікті сатып алу-сату, кепілге немесе сенімгерлік басқаруға беру шарттарының бір тарапы болып табылатын мемлекеттік орган мәмілені тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін шартты жасасу туралы бірыңғай операторға хабарлайды және тиісті шартта бірыңғай оператордың белгісі қойылады.
Қағидалар 24-5-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-6. Осы Қағидалардың 24-5-тармағында көрсетілген шарт бұзылған жағдайда, шарттың бір тарапы болып табылатын мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бірыңғай операторға шарттың бұзылғандығы туралы хабарлайды.
Қағидалар 24-6-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-7. Орталық атқарушы орган құзыреті шегінде банкроттық рәсімдердің жүргізілуін бақылау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган мемлекеттік заңды тұлғалар, ұйымдар таратылған жағдайда, тарату туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай операторға тарату рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.
Қағидалар 24-7-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылы № 182 (28121) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тізілімге қолжетімділік
25. Тізілімді жүргізу тізілімді басқаруды оңтайландыруға және деректердің сенімділігі мен сақталуын қамтамасыз ететін ақпаратқа қолжетімділікті әкімшілендіруге мүмкіндік беретін мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендер негізінде ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйе құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.
26. Тізілім деректеріне қолжетімділікті Бірыңғай оператор тізілімнің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді.
27. Тізілім веб-порталына қолжетімділік деңгейі бойынша пайдаланушылар мынадай санаттарға бөлінеді:
1) жеке тұлғалар;
  • 1
2) мемлекеттік заңды тұлғалар;
  • 1
3) тиісті саланың уәкілетті органдары;
  • 1
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
  • 1
5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;
  • 1
6) облыстық уәкілетті орган;
  • 1
7) аудандық уәкілетті орган;
  • 1
8) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеті мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға және коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруға өкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар.
28. Тізілім деректеріне қолжетімділікті беру үшін:
1) осы Қағидалардың 27-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және  8) тармақшаларында көрсетілген пайдаланушылардың ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ болуы тиіс;
2) тиісті саланың уәкілетті органы, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган және облыстық (аудандық) уәкілетті орган жыл сайын Бірыңғай операторға тізілімге қолжетімділік беру үшін өз қызметкерлерінің өзекті етілген тізімін жолдайды.
29. Жеке тұлғалар үшін тізілімнің веб-порталында мынадай функциялар қолжетімді:
1) ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар мен оларға бекітіліп берілген жылжымайтын мүліктің тізбелерін қарау;
2) тізілім бойынша құқықтық және анықтамалық ақпаратпен танысу;
3) мемлекеттік меншік объектілерінің сауда-саттыққа қойылу кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпаратты, оның ішінде «Acrobat Reader» электрондық форматында мүліктің нарықтық құнын бағалау бойынша есептерді, сондай-ақ баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша алдағы сауда-саттық туралы ақпараттық хабарларды қарау;
4) мемлекеттік мүлікті жалға алушылардың, сенімгерлік басқарушылардың олармен жасалған жалға алу және сенімгерлік басқару шарттары бойынша, атап айтқанда шарттың талаптары, осы шарт бойынша есептеулер, өсімпұлдар және бюджетке аударылған төлемдер бойынша ақпаратты қарауы.
30. Мемлекеттік заңды тұлғалар үшін тізілімде осы мемлекеттік заңды тұлғаға қатысты мынадай қызметтер қолжетімді:
1) мыналарға:
байланыс деректерін өзгертуге;
мүлікпен жасалатын мәмілені жүргізуге арналған бұйрықтарды тіркеу;
2) тіркелген бұйрықтың мәртебесін қарау:
бұйрықтың тіркелген уақыты мен күні;
тіркелген бұйрықтың орындалу уақыты және күні;
бұйрықтың орындалу нәтижесі.
31. Тиісті саланың уәкілетті органы үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді:
1) басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асыратын ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелерін және олар бойынша тізілімнің қосымша кіші бөліміне енгізілген ақпаратты қарау;
2) басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі бойынша тізілімде сақталған және орындалған бұйрықтарды қарау;
3) басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асыратын ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша есептілікті қалыптастыру.
32. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді:
1) коммуналдық және республикалық мүлікке жатқызылған ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелері мен олар бойынша мәліметтерді қарау;
2) республикалық және коммуналдық мүлік бойынша талдамалық және статистикалық есептілікті қалыптастыру.
33. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді:
1) республикалық меншіктегі ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелерін қарау;
2) тізілімнің қосымша кіші бөліміне республикалық меншікке жатқызылған ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) республикалық меншікке жатқызылған мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкімен мәмілелер жүргізуге арналған бұйрықтарды орындау;
4) республикалық меншіктегі мемлекеттік мүлік жөніндегі талдамалық және статистикалық есептілікті қалыптастыру.
34. Облыстық уәкілетті орган үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді:
1) облыстық коммуналдық меншікке жатқызылған ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелерін қарау;
2) тізілімнің қосымша кіші бөліміне облыстық коммуналдық мүлікке жатқызылған ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) облыстық коммуналдық мүлікке жатқызылған мемлекеттік заңды тұлғалар мүлкімен мәмілелер жүргізуге арналған бұйрықтарды орындау;
4) облыстық коммуналдық мүлік бойынша талдамалық және статистикалық есептілікті қалыптастыру.
35. Аудандық уәкілетті орган үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді:
1) аудандық коммуналдық меншікке жатқызылған ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелерін қарау;
2) тізілімнің қосымша кіші бөліміне аудандық коммуналдық мүлікке жатқызылған ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) аудандық коммуналдық мүлікке жатқызылған мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкімен мәмілелер жүргізуге арналған бұйрықтарды орындау;
4) аудандық коммуналдық мүлікке жатқызылған мемлекеттік мүлік бойынша талдамалық және статистикалық есептілікті қалыптастыру.
36. Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеті мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға және коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруға өкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді:
1) басқаруды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүзеге асыратын ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелерін және олар бойынша тізілімнің қосымша кіші бөліміне енгізілген ақпаратты қарау;
2) басқаруды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі бойынша тізілімде сақталған және орындалған бұйрықтарды қарау;
3) басқаруды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүзеге асыратын ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша есептілікті қалыптастыру.
37. Тізілімге қолжетімділік тәулік бойы қамтамасыз етіледі.
38. Бірыңғай оператор осындай ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыра отырып, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды тізілімнің жұмысында жоспарланып отырған техникалық үзілістер туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
39. Тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар Бірыңғай оператордың жазбаша сұрау салуы бойынша тізілімнің негізгі және қосымша кіші бөлімдерінің көрсеткіштерін өзекті ету және нақтылау үшін сұрау салынған деректерді өтеусіз береді.
40. Республикалық меншікті есепке алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
41. Коммуналдық меншікті есепке алумен, қолдаумен және тізілімге қолжетімділікті қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.