Осы редакция 10.03.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 Қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 6 мамырдағы
№ 384 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы