Осы редакция 23.07.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы N 289 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6326 болып енгізілді.
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарындағы мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) 1-қосымшаға сәйкес 2010/2011 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) 2-қосымшаға сәйкес 2010/2011 оқу жылына арналған сырттай оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Доғалова):
1) білім беру гранттарының иегерлеріне білім беру қызметтерін ұсынатын жоғары оқу орындарын анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Қаржы департаменті (Т. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған студенттер контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.