• Мое избранное
Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 251 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 тамызда тіреклді. Тіркеу нөмірі N 2449

Қаулының күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 77 Қаулысымен (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 03.09.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының  1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
1. Қаржы агенттіктері үшін мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін: 
1) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері - кем дегенде 1 миллиард теңге; 
2) меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті - кем дегенде 0,08. 
2. Меншікті капиталдың мөлшерін, меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициентін есептеу тәртібі осы қаулының 1-қосымшасымен айқындалады деп белгіленсін. 
3. Қаржы агенттіктерінің пруденциалдық нормативтерді сақтауын бақылауды бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 
4. Пруденциалдық нормативтердi сақтауы мақсатында қаржы агенттігі есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың он бесінші күннен Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешiктiрмей осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ресiмделген есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың бiрiншi күнiнiң басындағы жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердi сақтау туралы мәлiметтердi, сондай-ақ бухгалтерлiк баланс және пайда мен зиян туралы есеп электрондық және қағаз тасымалдағышта уәкiлеттi органға ұсынады;
Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.
Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта қаржы агенттігінің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырылады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ қаржы агенттігінде сақталады.
Қаржы агенттігі уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін банктің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 131 (25.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
4-1. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, қаржы агенттігі есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
Қаржы агенттігі ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында қаржы агенттігіне хабарлайды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның лерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
Қаулы 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 131 Қаулысымен.(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
4-2. Пруденциалдық нормативтер мәндері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі сәйкессіздік анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, пруденциалдық нормативтерді сақтамау фактілері мен себептері туралы уәкілетті органға хабарлайды.
Қаржы агенттiгiнiң өтiнiшi бойынша пруденциалдық нормативтердiң мәндерiн осы қаулының талаптарына сәйкес келтiру жөнiнде оларға берiлген жоспар негiзiнде қаржы агенттiгiне құқық бұзушылықтарды жою үшiн қырық бес күннен аспайтын мерзiм берiлуi мүмкiн.
Қаулы 4-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 131 Қаулысымен.(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
5. Уәкілетті орган қаржы агенттігі мәртебесін ұйымның жоғалтуы туралы шешімді мынадай жағдайлардың бірі басталған фактісі анықталғаннан кейін бір ай ішінде: 
1) қаржы агенттігі қаржы агенттігі ұғымына немесе қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда; 
2) осы қаулымен белгіленген пруденциалдық нормативтер бір жыл ішінде орындалмаған жағдайда қаржы агенттігі мәртебесін ұйымның жоғалтуы туралы шешім қабылдайтыны белгіленсін. 
6. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. 
8. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық Банк 
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 "Қаржы агенттігі үшін
 пруденциалдық нормативтер
 және қаржы агенттігі мәртебесін
 жоғалту тәртібі туралы"
 2003 жылғы 25 шілдедегі
 №N 251 қаулысына
 1-қосымша
1. Меншікті капитал: 
жарғылық капиталдың сомасын (алынып тасталған капиталды шегере отырып), өткен жылдардың таза кірісі, сондай-ақ басқа заңды тұлғалар акцияларына салынған сомаларды (жарғылық капиталда қатысу үлесін) алып тастағанда өткен жылдардың бөлінбеген таза кірістері есебінен қалыптасқан қорлар мен резервтерді білдіреді. 
2. Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті басқа заңды тұлғалар акцияларына салынған сомаларды (жарғылық капиталда қатысу үлесін) қоспағанда, активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомаларына меншікті капиталдың қатынасы ретінде есептеледі.
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 "Қаржы агенттігі үшін
 пруденциалдық нормативтер
 және қаржы агенттігі мәртебесін
 жоғалту тәртібі туралы"
 2003 жылғы 25 шілдедегі
 №N 251 қаулысына
 2-қосымша
200____ "____" ___________ 
 пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы мәліметтер
_______________________________________________ 
 (қаржы агенттігінің атауы)
2-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 131 Қаулысымен (25.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
                                                мың теңге 
 ___________________________________________________________________ 
 Құрамдас бөліктерінің атауы                   | Мәні 
 ___________________________________________________________________ 
Жарғылық капитал (алынып тасталған капиталды 
шегере отырып)
Өткен жылдардың таза кірісі есебінен 
қалыптасқан қорлар мен резервтер
Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі
Басқа заңды тұлғалардың акцияларына салынған 
сома (жарғылық капиталда қатысу үлесі)
Меншікті капиталдың жиынтығы
Активтер
Шартты және ықтимал міндеттемелер
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті 
 (кем дегенде 0,08) 
 ___________________________________________________________________
Бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
       _______________________   _________ [мөрі] 
     (аты-жөні)           (қолы) 
       Бас бухгалтер _________________   ___________ 
               (аты-жөні)          (қолы) 
       Орындаушы _____________________   ____________ 
               (аты-жөні)         (телефоны)