• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2042 Қаулысы
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 3-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Биржа саудасының үлгі ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                             К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 8 желтоқсандағы
 N 2042 қаулысымен
 бекітілген
Биржа саудасының үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Биржа саудасының үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді жасау кезіндегі тауар биржасының мүшелері қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Үлгі ереже негізінде әрбір тауар биржасы Биржа саудасының ережесін (бұдан әрі Ереже) әзірлейді және бекітеді.
3. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ашу бағасы - биржалық сауда басталатын баға не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша бірінші биржалық мәміле жасалған баға;
2) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім - Үлгі ережеге сәйкес биржалық мәміле жасау үшін қажетті барлық жағдайларды қамтитын биржалық саудаға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысы (оферта) немесе биржалық саудаға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысты қабылдауы туралы хабарламасы (акцепт);
3) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттің тапсырмасы бойынша соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
4) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
5) биржалық саудаға қатысушылар - белгіленген Ереже бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер және дилерлер;
6) биржалық тауар - айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген мерзімді келісім-шарт;
7) биржалық сауда-саттық - биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған Ереже шеңберінде жүргізілетін үдеріс;
8) биржалық алым - тауар биржасы биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру үшін алатын комиссия;
9) есептік ұйым - банк немесе онымен тауар биржасы және (немесе) клирингтік орталық биржалық сауда-саттық өткізу кезінде өзара әрекеттесу тәртібі және биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есептерді жүзеге асыру туралы шарттар жасаған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйым;
10) клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокер және (немесе) дилер көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
11) классикалық сауда режимі - мәмілелерге міндеттемелер бойынша алдын ала төлемсіз биржалық сауда-саттық;
12) қосарлы қарсы аукцион режимі - сатушылар да, сатып алушылар да бәсекеге түсетін, осы баға бойынша сатушылар саны сатып алушылар санына тең болатын, ал баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін нысаны;
13) маклер - биржалық саудаға қатысушылар жасаған биржалық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті тауар биржасының қызметкері;
14) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
15) сауда режимі - өтінімдерді жариялау және тауар биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасасу шарттарының жинағы;
16) стандартты аукцион режимі - дауысты сауда-саттық өткізу жолымен тауар биржасының сауда жүйесі пайдаланылмайтын биржалық сауда-саттық;
17) тауар биржасының сауда жүйесі - тауар биржасының материалдық-техникалық құралдар, бағдарламалық өнімдер, ішкі құжаттар және өзге де қажетті активтер мен рәсімдер кешені, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмілелер жасалатын сауда-саттық солардың көмегімен жүзеге асырылады;
18) тауар биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға;
19) трейдер - биржалық сауда-саттыққа қатысушының, онымен биржалық сауда-саттыққа қатысушының атынан мәмілелерді жасасуға байланысты тауар биржаларының әрекеттерін тауар биржасының сауда жүйесінде жүзеге асыруға өкілдік берілген және белгілеген тәртіппен тауар биржасында тіркелген қызметкер.
4. Ереже биржалық сауданың барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылады.
5. Тауар биржасы биржалық сауданың барлық қатысушыларына биржалық мәмілелердің жасалуы бойынша тең шарттарды қамтамасыз етеді.
2. Тауар биржасына мүшелікке қабылдаудың, мүшелікті тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртібі
6. Тауар биржасының мүшелері тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылады.
7. Биржа мүшелерінің саны үшеуден кем болмауға тиіс.
8. Тауар биржасына мүшелік биржалық сауда-саттыққа қатысуды қамтамасыз етеді.
9. Тауар биржасының мүшелігіне қабылдау үшін үміткер тауар биржасына мына құжаттарды ұсынады:
1) мынадай мәліметтер көрсетілген тауар биржасы мүшелігіне қабылдау туралы өтініш:
толық атауы;
орналасқан орны, телефон және факс нөмірі, электрондық почта мекенжайы;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні мен нөмірі;
ол арқылы мәміле бойынша есеп айырысу жүзеге асырылатын осы шот өзінің шоты болып табылатындығы көрсетіле отырып, банктік шоттардың деректемелері;
2) жарғының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) уәкілетті орган берген тауар биржасындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (салыстыру үшін тұпнұсқалар берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
4) кіру жарнасын төлегені туралы түбіртек;
10. Үміткерді тауар биржасының мүшелігіне қабылдау туралы шешімді Үлгі ереженің 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде тауар биржасы қабылдайды. Үміткерге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарланады.
Үміткерге тауар биржасының мүшелігіне қабылдау туралы шешім негізінде Ережеде көзделген нысан бойынша тауар биржасының мүшелігіне қабылдау туралы куәлік беріледі.