• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.03.2012 г.
Документ показан в демонстрационном режиме!

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы N 454 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5756 болып енгізілді.

Бұйрықтың күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 29.03.2012 № 31-2/140 бұйрығымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді)
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы, 1-тармағының 17) тармақшасына, 14, 15-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса берілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Министрдің м.а.                                      А. Евниев
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а.
 2009 жылғы 12 тамыздағы N 454
 бұйрығымен бекітілген
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар 
1 бөлім. Арал-Сырдария бассейні бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар 
1 тарау. Шардара су қоймасы және Оңтүстік Қазақстан облысы шегінде Сырдария өзенінің жоғарғы ағысы 
1. Осы тараудың Ережесі Шардара су қоймасы мен оның барлық салаларына және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы (бұдан әрі - ОҚО) шегінде Сырдария өзеніне арналған. 
2. Келесі мерзімде балық аулауға тыйым салынады: 
1) 1 наурызбен 30 маусым аралығында Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы Шығыс тасталым, Күркелес өзені сағасының сызығынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін және Шардара су қоймасының (Шығыс тасталым, Отырлы, Күркелес өзендерінің сағасы, Корей шығанағы) негізгі уылдырық шашатын учаскелерінде; 
2) 1 сәуір мен 20 мамыр аралығында Шардара су қоймасының барлық су айлағында; 
3) 1 желтоқсан мен 28 ақпан аралығында аулармен Шардара су қоймасының бөгет алды учаскесінен Крепость мүйісі (оң жақ жағалау) мен Арнасай шығанағынан (сол жақ жағалауы) Шардара суэлектростанциясының (бұдан әрі - СЭС) бөгетіне дейін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2010 № 208 бұйрығымен. (12.08.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі) сантиметрде (бұдан әрі - см): сазан - 35 см, көксерке - 38 см, ақ амур және дөңмаңдай - 45 см, жайын - 65 см, патшабалық - 17 см, қылыш балық - 31 см, ақмарқа - 31 см, айнакөз - 18 см. 
4. Құрма капрон аулар, тастама аулар, бір-, екі бөшкелі қабадан, электрофикацияланған егіздік трал, ЭЛУ 1 – ЭЛУ 6, жайынға және жыланбас балықтарына арналған қармақ жабдықтарынан басқа, кәсіптік балық аулау құралдарының барлық түрлеріне тыйым салынады. 
5. Кәсіптік аулау құралдарының тор көзінің ең кіші өлшемі миллиметрмен (бұдан әрі - мм), ілгек жабдықтары: 
1) лақтырма сүзекілер - 40 мм; 
2) аулар - 36 мм; 
3) ЭЛУ 1 - ЭЛУ 6 тралдары - 40 мм кем емес; 
4) ілгек жабдығының бір сызығына 10 ілгектен артық емес.
2 тарау. ОҚО шегіндегі Сырдария өзені, ОҚО жергілікті маңызы бар су тоғандары, Шу, Келес, Арыс өзендері 
6. Осы тараудың Ережесі ОҚО шегіндегі жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарына және ОҚО шегінде Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзеніне және оның жағалық су тоғандарына, сонымен бірге Шу, Келес, Арыс өзендеріне арналған. 
7. Келесі мерзімде балық аулауға тыйым салынады: 
1) жыл бойы: 
Сырдария өзеніде Арыс өзені келіп құятын жерден төмен; 
Арыс және Келес өзендерінде; 
2) 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында кәсіптік балықтардың уылдырық шашуына байланысты, ОҚО шегіндегі жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында. 
8. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан - 30 см, көксерке - 38 см, айнакөз - 18 см, патшабалық - 17 см, ақмарқа және қылышбалық - 31 см, ақ амур және дөңмаңдай - 45 см, жайын - 65 см. 
9. Құрма және лақтырма сүзекілер, капрон мен нейлон, құрма мен ықпа, бір-, екі-, үшқабырғалы, әйнек көзді аулар, бір-, екібөшкелі қабадан, электрофикацияланған егіздік тралдар, ЭЛУ 1 – ЭЛУ 6, жайын мен жыланбас балықтарына арналған қармақ жабдықтарынан басқа, кәсіптік аулау құралдарының барлық түрлеріне тыйым салынады. 
10. Кәсіптік аулау құралдарының тор көзінің ең кіші өлшемі, ілгек жабдықтары: 
1) лақтырма сүзекілер - 40 мм; 
2) аулар - 36 мм; 
3) ЭЛУ 1 - ЭЛУ 6 тралдары - 40 мм кем емес; 
4) қабадан – 36 мм; 
5) ілгек жабдығының бір сызығына 10 ілгектен артық емес.
3 тарау. Кіші Арал теңізі және Қызылорда облысы шегіндегі Сырдария өзені 
11. Осы тараудың Ережесі Кіші Арал теңізіне және Сырдария өзенінің төменгі ағысы теңізге құяр сағасынан ОҚО әкімшілік шекарасына дейінгі аралыққа арналған. 
12. Жыл бойы келесі учаскелерде балық аулауға тыйым салынады: 
1) Кіші Арал теңізіне Сырдария өзені құяр жерден Көкарал бөліп тұру бөгетіне дейінгі оңтүстік бағытта; 
2) Кіші Арал теңізіне Сырдария өзені құяр жерден Көкарал жартылай аралына дейінгі солтүстік бағытта; 
3) Кіші Арал теңізіне Сырдария өзені құяр жерден 5 шақырым солтүстік және солтүстік-шығыс бағытта; 
4) Кіші Арал теңізіне Сырдария өзені құяр жерден 5 шақырым өзенмен жоғарғы бағытта. 
Ескертпе: Кіші Арал теңізі мен Үлкен Арал теңізін қосатын жылғадағы балық өлімін болдырмау мақсатында, Үлкен Арал теңізіне түсетін Көкарал бөгетінің төменгі бьефінің жылғасында жыл бойы балық аулау жүргізіледі. 
13. Уәкілетті органның рұқсатымен және ғылыми-зерттеу ұйымның келісуімен балықтардың санын реттеу үшін жүргізілетін аулаудан басқа, келесі мерзімде балық аулауға тыйым салынады: 
1) 1 сәуір мен 10 мауысым аралығында Қызылорда облысы шегіндегі Сырдария өзенінің төменгі ағысынан теңізге құяр сағасынан ОҚО әкімшілік шекарасына дейін; 
2) 1 сәуір мен 30 мамыр аралығында Кіші Арал теңізінің барлық су айлағында. 
14. Кәсіптік балық өлшемі (аулауға мүмкін болатын балықтың ең кіші өлшемі): сазан – 35 см, ақмарқа – 36 см, көксерке – 38 см, табан – 20 см, арал тортасы – 17 см. 
15. Құрма және лақтырма сүзекілер, капрон мен нейлон, құрма мен ықпа, бір-, екі-, үшқабырғалы, әйнек көзді аулар, бір-, екібөшкелі қабадан, электрофикацияланған егіздік тралдар, ЭЛУ 1 – ЭЛУ 6, жайын мен жыланбас балықтарына арналған қармақ жабдықтарынан басқа, кәсіптік аулау құралдарының барлық түрлеріне тыйым салынады.