"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1, 19-баптарына сәйкес қаулы етемін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 12.08.2011 № 139 Жарлығымен. (18.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 18.04.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1, 19-баптарына сәйкес қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесін бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР 18.04.2011 № 61 Жарлығымен (27.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(12.04.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс 3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 23.04.2008 № 575 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді ҚР Президентінің 27.09.2010 № 1072 (01.11.2010 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс), 18.04.2011 № 61 Жарлықтарымен.(12.04.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеменің штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
2) Агенттікке оның қызметін қамтамасыз етуге қажетті мүлік беруді жүзеге асырсын;
3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қолдансын.
5. Агенттік төрағасының үш орынбасары болады деп белгіленсін.
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.05.2007. № 326 жарлығымен. (22.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлдегi атауы жазылған мөрi және мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ банктерде шоттары болады.
Агенттiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі" мемлекеттік мекемесi.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 10.12.2004. № 1495 Жарлығымен. (31.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Агенттiктi қаржыландыру және ұстау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) бюджетiнiң (шығыстар сметасының) қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Агенттiктi қаржыландырудың жалпы сомасын бекiтудi Ұлттық Банктiң Басқармасы Агенттiк Төрағасының ұсынымы бойынша жүзеге асырады.
4-1. Агенттiк қаржы жылы iшiнде шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi:
1) заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiндегi;
2) қайта ұйымдастырылуға орай Агенттiкке құқықтар мен мiндеттер берумен байланысты;
3) қаржы ұйымдарының қызметкерлерi үшiн Агенттiк ұйымдастырған оқыту шығыстарын өтейтiн;
4) қызметтiк емес сипаттағы көлiктiк қызмет, қалааралық және халықаралық сөйлесулер үшiн өтем ретiнде Агенттiк қызметкерлерiнен алынған;
5) шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi жинақтайды.
4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 18.01.2006. № 20 Жарлығымен.
4-2. Қаржы жылының нәтижелерi бойынша, Ұлттық Банкпен келiсiлген мерзiмде, Агенттiк Төрағасының не оның орнындағы адамның шешiмi негiзiнде осы Ереженiң 4-1-тармағында көзделген қаржылық түсiмдер Ұлттық Банктiң бюджетiне аударылады.
4-2-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 18.01.2006. № 20 Жарлығымен.
5. Агенттiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiредi.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, Агенттiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабын бiтiруге құқығы бар.
7. Агенттiктiң құрылымын және жалпы штат санын Агенттiк Төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би, 67.
9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 10.12.2004. № 1495, өзгертілді - 18.01.2006. № 20 Жарлықтарымен. (31.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
9-1. Агенттік өзiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдары негізiнде және оларды орындау үшiн барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметтерiн тұтынушылардың, басқа да заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшiн мiндетті нормативтік құқықтық актiлердi шығарады.
Агенттіктің нормативтік құқықтық актiлерi оның "Қаржы хабаршысы", "Финансовый вестник" ресми басылымында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жарияланады.
9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 10.12.2004. № 1495 Жарлығымен.
2-тарау. Агенттiктiң мақсаттары, мiндеттерi және функциялары
10. Агенттіктiң мақсаттары:
1) қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
2) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiсiнше деңгейiн қамтамасыз ету;
3) қаржы ұйымдарын қаржы нарығындағы адал бәсекенi қолдау, бағытталған қызметi үшiн тең құқылы жағдайлар жасау болып табылады.
11. Агенттіктің мiндеттерi:
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтарды болдырмау жөнiндегi шараларды iске асыру;
2) адал бәсеке принциптерiнде қаржы ұйымдарының тиiстi түрлерiнiң жұмыс iстеуi үшiн тең жағдайлар жасау;
3) қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды пайдалану;
4) қаржы ұйымдары қызметінiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру шараларын жасау;