"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 04.02.2016 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысымен бекітілген
Бүкіл мәтін бойынша: "өртке қарсы қызмет органы", "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет органдарында" сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында» сөздер «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде» сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 10.02.2011 № 124 (11.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнiң Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы өрттердiң, олар келтiрген материалдық залалдың және бұл ретте зардап шеккен адамдардың есебiн жүргiзудiң бірыңғай жүйесiн белгiлейдi.
2. Ереже Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ведомстволарының, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың қолдануы үшiн мiндетті.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (11.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне залал келтiретiн бақыланбаған жану;
өрттiң себебi - өрттiң пайда болуына тiкелей негiз болған құбылыс немесе жағдай;
тұтану - азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғаммен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал келтірмеген бақылаусыз жану;
өрттiң зардабы - материалдық, моральдық-құқықтық, әлеуметтiк (адамдардың қаза табуы мен жарақаттануы), басқа да шығындар;
жойылған материалдық құндылықтар - өзiнiң сапасы мен құндылығын толық жоғалтқан, жөндеу жолымен де мақсаты бойынша пайдаланыла алмайтын, одан әрi пайдалану үшiн жарамды күйге келтiрiле алмайтын материалдық құндылықтар;
бүлiнген материалдық құндылықтар - қалпына келтiру (жөндеу) жолымен пайдалану үшiн жарамды күйге келтiруге болатын материалдық құндылықтар;
өрттен болған толық материалдық залал - жойылған және бүлiнген материалдық құндылықтардың, өрттi өшiруге және оның зардабын жоюға арналған, оның iшiнде объектiнi қалпына келтiруге, өрттен болған зиянды әлеуметтiк өтеуге арналған шығындардың құндық көрсетiлуi.
өрттен болған толық материалдық залал тiкелей, жанама және әлеуметтiк материалдық залалдардан тұрады;
өрттен болған тiкелей материалдық залал - егер олар өртке тiкелей байланысты пайда болса азаматтардың жылжымайтын мүлкiне, өзге де негiзгi қорларына, айналымдағы қаражатына, жеке мүлкiне келтiрiлген, жойылған және бүлiнген материалдық құндылықтардың құндық көрсетiлуi;
өрттен болған жанама материалдық залал - өрттi өшiруге, өрттің зардаптарын жоюға, объектiнiң жұмыс iстеуiн қалпына келтiруге арналған шығындардың, сондай-ақ объектiнiң тоқтап тұруынан болған және басқа да шығындардың құндық көрсетiлуi;
өрттен болған әлеуметтiк материалдық залал - өндiрiстiк қызметтен еңбек резервтерiнiң шығып қалуының нәтижесiнде пайдаланылмаған мүмкiндiктерден шығындарды қоса алғанда адамдардың қаза табуының және жарақаттануының салдарынан iс-шаралар жүргiзуге, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар төлеуге арналған шығындардың, санаториялық-курорттық емдеуге, мүгедектерге, сондай-ақ асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша зейнетақылар төлеуге арналған және басқа да шығыстардың құндық көрсетiлуi;
өрт кезiнде зардап шеккендер - өртте қаза тапқан немесе жарақаттанған адам;
тiкелей өрт болған жерде немесе уақиға болған күннен бастап 30 тәулiктiң iшiнде өрттің қауiп факторларының әсерi салдарынан алынған дене зақымдарынан (жарақаттарынан), сондай-ақ өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануынан қайтыс болған адам өрт кезiнде қаза табушы деп танылады;
еңбек қабiлетiн жоғалтуды немесе кемiнде бiр тәулiк мерзiмге емханаға жатқызудың немесе алғашқы медициналық көмек көрсетiлгеннен кейiн амбулаториялық емдеу тағайындауды тудырған өрттiң қауiптi факторларының, сондай-ақ өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануынан дене жарақатын алған адамдар өрт кезiнде жарақат алғандар деп танылады;
дене зақымы (жарақаты) - адамның органдары мен тканьдарының анатомиялық бүтiндiгiнің немесе физиологиялық функцияларының бұзылуы;
өрттiң адамдар үшiн қауiптi факторына: жалын мен ұшқын;
қоршаған орта температурасының көтерiлуi; түтiн; жанудың улы өнiмдерi мен термикалық шiру; кислород концентрациясының төмендеуi жатады;
өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануына: жарықшақтар, бүлiнген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, конструкциялардың бөлiктерi; бүлiнген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивтi және улы заттар мен материалдар; кернеудi конструкциялардың, аппараттардың, агрегаттардың тоқ өткізгіш бөлiктерiне шығарудың нәтижесiнде пайда болған электр тогы; өрттің салдарынан болған жарылыстың қауiптi факторлары; от сөндiрушi заттар;
көлiк құралдары - автомобильдер, мотоциклдер, мотороллерлер, мотоарбалар, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар және басқа да өздiгінен жүретiн механизмдер, теңiз және өзен кемелерi, әуе кемелерi, темiржол көлiгiнiң жылжымалы құрамы, сондай-ақ ат арба көлiгi;
эксаумақтық мәртебесi бар объектiлер - шетел мемлекеттерi елшiлiктерiнiң, дипломатиялық және консульдық өкiлдiктерiнiң, БҰҰ өкiлдiктерiнiң және БҰҰ-ның мамандандырылған халықаралық ұйымдарының, сондай-ақ, егер олардың үй-жайының эксаумақтылығы Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық шартта көзделсе, өзге де халықаралық ұйымдардың аумағына эксаумақтылық мәртебесi берiлген. Эксаумақтылық мәртебесi шетелдiк мемлекеттер елшiлiктерiнiң, дипломаттық және консулдық өкiлдiктерiнiң дипломатиялық мәртебе мен тиiстi артықшылықтар және иммунитеттер берiлген қызметкерлерi (дипломатиялық өкiлдiктiң басшысы, консул, бiрiншi, екiншi және үшiншi хатшылар, атташе және олардың отбасы мүшелерi) тұратын тұрғын үй-жайларға, сондай-ақ олардың жеке автомашиналарына да қолданылады. Елшiлiктер мен дипломатиялық өкiлдiктердiң автомашиналарына да эксаумақтылық мәртебесi берiлген. Елшiлiктермен дипломаттық өкiлдiктердiң техникалық және қызмет көрсетушi қызметшiлерi тұратын тұрғын үй-жайлар мен олардың жеке автомашиналарына эксаумақтылық мәртебесi қолданылмайды.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005 № 662, 10.02.2011 № 124 Қаулыларымен (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Өрттердiң және олардың зардаптарының есебi
4. Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрт, олардың пайда болған уақытына және жерi мен зардаптарына қарамастан, мемлекеттiк есеп жүргізуге жатады.
Эксаумақтылық мәртебесi бар объектiлерде болған өрттер Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларына материалдық залал келтiрiлген немесе басқа да зардаптар болған жағдайларды қоспағанда, оларға келтiрiлген зардаптарға қарамастан мемлекеттiк есепке енгiзiлмейдi.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.02.2011 № 124 Қаулысымен (18.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Өрттердің және олардың зардаптарының мемлекеттік есебі Қазақстан Республикасындағы өрттердің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қалыптастыруға арналған. Өрттердің және олардың зардаптарының мемлекеттік есебін өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Өртті есепке алу карточкалары мен есептілік нысаны мемлекеттік есептілік құжаттары болып табылады. Өрттерді есепке алу карточкалары өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалады. Есептілік нысанын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 10.02.2011 № 124 (18.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
6. Қазақстан Республикасындағы өрттер мен олардың зардаптарының есебiн:
елдi мекендер мен өз мемлекеттік өртті бақылауды жүзеге асыратын объектiлерде өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері;
мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда құрылатын, өз күшiмен ведомстволық бағыныстағы объектiлерде (ормандарда, шахтылардың жерасты құрылыстарында, ашық көмiр кенiштерiнде, метрода, рудниктерде, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы объекттерде, Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшiлiктерiнде, консульдықтарында, өкiлдiктерiнде) өрт қауіпсiздiгi саласындағы функцияларды жүзеге асыратын салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асыратын есеп бойынша деректердi олар ай сайын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.06.2001 № 786, 30.06.2005 № 662, 11.08.2006 № 760, 18.11.2008 № 1068 Қаулыларымен.
7. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының көлiк құралдарындағы өрттердiң есебiн, егер олар республиканың аумағында жол жүрiп бара жатқан кезде немесе уақытша тұрақтарда пайда болса, олардың пайда болған жерi бойынша, ал шетелдiк азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесiлi көлiктерде болса, тиiстi тексерулер материалдарының негізiнде олардың тiркелген жерi бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргiзедi.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Заңды және жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне барлық өрт уақиғалары туралы хабарлауға және оларды тергеу барысында қажетті материалдарды ұсынуға мiндеттi.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өрттердi өрттің фактiсi бойынша жасалған құжаттардың негiзiнде өрттердiң арнаулы есебi журналына тiркейдi.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Әрбір өртке оны жойғаннан кейін бір тәуліктің ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкері басқаратын комиссия өрт туралы акт жасайды. Өрт туралы актінің нысанын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Комиссия құрамына заңды тұлға әкімшілігінің немесе зардап шешушінің, ішкі істер органдарының, сақтандыру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар кіруі мүмкін. Өрт бөлімшелері шақырылмаған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның бөлімшелеріне аумақтық ол туралы хабар (ауызша немесе жазбаша) зардап шеккендерден, ішкі істер органдарынан, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актіні ақпарат алынған сәттен бастап екі тәуліктен кешіктірмей сол құрамдағы комиссия жасайды.
Актіге комиссия қол қойғаннан кейін ол өрт фактісі бойынша тексеру (анықтау) жүргізген органда қалады. Өрттен болған материалдық залалдың сомасы мен оның туындау себебі жөнінде деректер болмаған жағдайда осы мәліметтер 30 тәуліктен аспайтын мерзімде сараптама қорытындыларын не ұйымдардың бухгалтерлік есептілік құжаттарын, сақтандыру ұйымдарының мәліметтерін, сот органдарының шешімдерінен көшірмелерді немесе мүлік иелерінің құжаттарын ұсынғаннан кейін толтырылады. Өрт туралы актінің көшірмесі залалды өтеу, құжаттарды қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша сот органдарына жүгіну үшін өтініш бойынша мүлік иелері мен өрттен зардап шеккендерге, сондай-ақ сот органдарының жазбаша сұраулары бойынша беріледі.
10-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 10.02.2011 № 124 (18.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11. Тексерудің нәтижесiнде белгiленген тiркелмеген өрттердiң фактiлерi бойынша өрт жөнiндегi деректердiң қателiктерiне осы Ережеге сәйкес ескерiлетiн толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiледi. Сонымен бiр мезгiлде уақиға болған кезеңдегi мемлекеттiк есептiлiкке түзету енгiзiледi.
12. Өрт ретiнде:
өндiрiстiң технологиялық процесiнiң ерекшелiктерiне (техникалық регламентке немесе басқа да техникалық құжаттамаға кiргiзiлген) немесе өнеркәсiптiк қондырғылар мен агрегаттардың жұмыс жағдайына, сондай-ақ үйді жылытуға арналған тұрмыстық пештерге байланысты жану жағдайлары;
заттарды қайта өңдеу сапалық сипатын өзгерту мақсатында (кептiру, пiсiру, үтiктеу, қақтау, қуыру, балқыту және басқалары) отпен, жылумен немесе өзге де термикалық (жылулық) әсермен өңдеудiң нәтижесi ретiндегі жану жағдайлары;
статистикалық электрдің өрттiң пайда болуын тудырмайтын жарылыстары, жарқылдары және разрядтары;
электр жабдықтарындағы, тұрмыстық және өнеркәсiптiк электр аспаптарындағы жанудың аппараттан, агрегаттан және механизмнен тысқары таралуын тудырмайтын электр желiлерiнiң қысқа тоғысу жағдайлары;
тұрмыстық электр аспаптарының ақауы кезіндегі түтіндеу және тағамның оны дайындау кезіндегі өрттің пайда болуын тудырмайтын күюі жағдайлары;
ашық аумақтар мен дала алқаптарындағы иесіз ғимараттар мен иесіз көлік құралдарының, құрғақ шөптің, жапырақтардың, терек ұлпасының, тұрмыстық қалдықтардың, аңыздардың, сондай-ақ қоқыс төгетін жерлердегі, бос жерлердегі, үй иесі мен шаруашылық етуші объектілердің аумақтарындағы, жол жиектеріндегі, оны жинауға арналған контейнерлік алаңдардағы, оны жинауға арналған контейнерлердегі (жәшіктердегі), тұрғын үйлердің лифт шахталарындағы (лифтілеріндегі), тұрғын үйлердің қоқыс жинағыштарындағы (қоқыс құбырларындағы), тұрғын үйлердің баспалдақ торларындағы, тұрғын үйлердің жертөле және шатыр үй-жайларындағы қоқыстардың тұтанулары;
өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өлтірген жағдай, егер олар жанудың таралуын тудырмаса;
жол-көлік оқиғасы себебінен болған автокөлік құралдарының өртену жағдайлары;
авиациялық, темір жол авариялары, террористік актілер, ұрыс қимылдары, құқық қорғау органдарының арнайы операциялары, жер сілкіністері себебінен болған өрттер;
пешпен (каминдермен) жылытудан өлімге әкелген улы газбен адамдардың улану жағдайлары;
зардаптар мен залалсыз пирофорлық қосқыштардың өздігінен тұтану жағдайлары есеп жүргізуге жатпайды.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.06.2001 № 786, 30.06.2005 № 662, 10.02.2011 № 124 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
13. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Өрт кезiнде зардап шеккендердiң есебi
14. Өрттер мен олардың зардаптары бойынша алғашқы деректерді қалыптастыру кезінде өрт кезінде қаза болғандар мен жарақат алғандардың барлығы медициналық ұйымдар ұсынатын өлім немесе жарақаттану себебі туралы қорытындылардың негізінде есепке алынады.
Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген жағдайларда адамдардың қаза болу, жарақаттану фактілері мемлекеттік есепке алуға жатпайды және жазатайым оқиғалар, қасақана өлтіру (өзін-өзі өлтіруге) не қасақана өлтіруге (өзін-өзі өлтіруге) әрекет жасау деп саналады.
Сот-медициналық сараптама мекемелері бұдан бұрын өрт кезінде қаза болғандар ретінде есепке алынған адамдардың өрт туындаған сәтке дейін қаза болу фактісін анықтаған кезде көрсетілген тұлғалар өрттерді есепке алудың дерекқордан шығарылады.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005 № 662, 10.02.2011 № 124 Қаулыларымен (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
15. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан медициналық ұйымдар медициналық көмек көрсету үшiн келген немесе әкелiнген өрт кезiнде зардап шеккен адамдар туралы, сондай-ақ өрт кезiнде алынған жарақаттан қайтыс болғандар туралы өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне дереу хабарлауға мiндеттi.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005 № 662, 18.11.2008 № 1068 Қаулыларымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
16. Медициналық ұйымдар өрт бойынша тексеру (анықтау) жүргізушi лауазымды тұлғалардың сұрау салуы бойынша 3 тәулiктен кешiктiрмей адамдардың өрт кезiнде қайтыс болуы немесе жарақаттануы фактiсiн растайтын құжаттарды беруге мiндеттi.
17. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері тоқсан сайын жергiлiктi жердегi денсаулық сақтау органдарымен өрт кезiнде зардап шеккен адамдардың есебi жөнiндегi мәлiметтердi салыстыруды жүргiзуге мiндеттi.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
18. Жолдағы немесе уақытша тұрақтардағы көлiк құралдарындағы өрт кезiнде қаза тапқан адамдар өрт пайда болған жер бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде, ал өрт кезiнде жарақат алғандар медициналық көмекке барған жерi бойынша денсаулық сақтау органдарына есепке алынады.
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
19. Өрт кезiнде қаза тапқан, сондай-ақ термикалық әсердiң салдарынан тану мүмкiн болмаған белгiлi бiр тұрағы жоқ адамдарды, азаматтығы жоқ адамдарды өрт пайда болған жер бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есепке алады.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
20. Шетелдiк мемлекеттердiң өртте қаза тапқан немесе жарақаттанған азаматтарын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есепке алмайды, аталған фактiлер бойынша материалдар тиiстi тексеруден кейiн олар азаматы болып табылатын мемлекеттiң елшiлiгiне және консулдығына берiледi.
20-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Өрттен болған материалдық залалдың есебi
21. Өрттен болған толық материалдық залал дүниежүзілiк тәжiрибе ескерiле отырып тiкелей, жанама және әлеуметтiк залалдан құралады. Өрттен болған толық материалдық залал оның өтелу дәрежесiне қарамастан есепке алынуға жатады.
22. Осы Ереженiң 6-тармағына көрсетiлген субъектiлердiң өрттен болған материалдық залалдың есебiн жүргiзуi өрт болған ұйымның бухгалтерлiк есептiлiгi құжаттарының; сақтандыру ұйымдары мәлiметтерiнiң; сот органдарының шешiмдерi көшiрмелерiнiң; мүлiктiң меншiк иелерi құжаттарының негiзiнде жүзеге асырылады.
23. Объектiлерiнде өрт болған ұйымдар сақтандыру ұйымдары өртпен келтiрілген материалдық залалдың ауқымын растайтын құжаттарды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынуға мiндетті.
23-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662, 18.11.2008 № 1068 Қаулыларымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
24. Өрттерден болған толық материалдық залал өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы бекiткен нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес айқындалады.
24-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005 № 662, 10.02.2011 № 124 Қаулыларымен (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
25. Өрттiң нәтижесiнде эксаумақтық дәрежесi бар объектiлерге (олардағы заттарға) келтiрілген материалдық залал, оны Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өтейтiн жағдайларды қоспағанда, есепке алынбайды.
5. Өрттердің есебі үшін жауаптылық
26. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген субъектілердің лауазымды тұлғалары, өрт объектілерінің меншік иелері, сақтандыру және медициналық ұйымдар өрт туралы деректердің уақытылы берілуі мен дұрыстығы үшін жауаптылықта болады.
27. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген субъектілердің лауазымды тұлғалары деректерді беру тәртібінің бұзылуын және (немесе) оның бұрмалануын анықтаған жағдайда, олар мемлекеттік есепттілікке өзгерістер немесе толықтырулар енгізу үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға хабарлау жөнінде қажетті шаралар қолданады.
27-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005 № 662, 10.02.2011 № 124 Қаулыларымен (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)