Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 23 тамыздағы N 72 өкімін орындау үшін Бұйырамын:
Отправить по почте
Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 986.
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 жылғы № 06-7/32 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 23 тамыздағы N 72 өкімін орындау үшін Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 сәуірде N 732 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізу туралы 1999 жылғы 15 сәуірдегі N А-33 қағидасы бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстері жөніндегі агенттiгi 1999 жылғы 24 қарашада N А-202 бұйрығымен бекітілген
: Қағидада бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік орган басшысының" деген сөздерден кейін тиісінше ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы", ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының" деген сөздермен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 03.09.2007. № 02-01-02/113 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы
Осы Қағида мемлекеттiк органдардағы әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң (бұдан әрi - конкурс) шарттары мен тәртiбiн айқындайды, және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзiрлендi.
1. Жалпы ережелер
1. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
2. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бұдан әрi - мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi.
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 02-2-4/98 бұйрығымен.
3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады.
4. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс
4-1. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің жолдауы бойынша олардың қызметкерлері үмiткерлермен әңгiмелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсiне қатыса алады.
: 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
5. Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады.
5-1. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс.
: 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi
6. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:
1) жасы он сегiзден төмен емес;
2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес.
7. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:
1) осы Қағиданың 6-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес емес;
2) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;
3) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;
3-1) мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
3-2) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
3-3) мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
3-4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3-5) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.
4) алынып тасталды.
#$: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
8-11. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Тармақтар алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
12. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейiн мемлекеттiк органға қажеттi құжаттарын тапсырған азаматтар конкурсқа қатысушы бола алады.
13. Конкурс комиссиясының шешiмi негiзiнде тестiлеуге жiберiлген конкурсқа қатысушылар бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлер (бұдан әрi - үмiткерлер) бола алады.
14. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды, оларды тестiлеудiң нәтижелерiн қарайтын, үмiткерлермен әңгiмелесу өткiзетiн және бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi түпкiлiктi iрiктеудi iске асыратын алқалы орган болып табылады.
15. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:
1) мемлекеттiк орган өткiзетiн конкурс туралы хабарландыруларды жариялау;
2) конкурс комиссиясын құру;
3) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын
қабылдау;
4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының әкiмшiлiк
мемлекеттiк лауазымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын-ала қарау;
5) үмiткерлердi өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте тестiлеу;
6) үмiткерлермен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
7) конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi.
16. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (тестiлеу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
3. Конкурс туралы хабарландыру
: 17, 18, 19 тармақтар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 18 қаңтардағы № 02-1-7/3 бұйрығымен.
17. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволарда конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
17-1. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2, 3-тармақтары мен 14-бабының 10-тармағы бойынша конкурстық рәсімдері аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
: 17-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
18. Конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1) мекен-жайы көрсетілген мемлекеттiк органның атауы, пошта адресi, телефондары мен факс нөмiрлерi;
2) алынып тасталды;
3) негiзгi функциональдық мiндеттерi, қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
4) мемлекеттiк орган анықтаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес
конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
5) құжаттарды қабылдаудың мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кезден бастап 15 күнтiзбелiк күн);
6) алынып тасталды;
7) өкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлген сынақ өткiзудің мерзiмi мен орны;
8) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
9) алынып тасталды;
Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн қосымша ақпараттармен мазмұндала алады.
#$: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 02-1-7/16 бұйрығымен, 2000 жылғы 16 маусымдағы № 02-1-7/60 бұйрығымен, 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен, 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
19. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми WEB-сайтында орналастырылады.
: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
4. Конкурс комиссиясын құру
20. Конкурс комиссиясын осы Қағидамен анықталған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы құрады.
21. Конкурс комиссиясы төрағадан, хатшыдан (кадр қызметiнiң өкiлi) және комиссия мүшелерiнен тұрады.
22. Тиісті мемлекеттік органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы бекітетін конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік орган басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының шешімімен өзге де адамдар енгізіледі.
: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы № 02-01-02/80 бұйрығымен.(бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Мемлекеттiк орган құрған және орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшенің басшысына конкурстық iрiктеудi жүзеге асыратын конкурс комиссиясының құрамына орталық мемлекеттiк органның өкілдерi, және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмшiлiгiнiң өкiлi, келiсiмi бойынша кiреді.
#$: 23-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
23-1. Конкурстық комиссияның құрамына тиісті бос лауазымға орналасу конкурсына қатысушы кіре алмайды.
: 23-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
23-2. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазым үшін сол лауазымға талаптанған үміткерлерге міндетті тәртіпте және бірдей көлемде қойылатын сұрақтардың тізбесін бекітеді.
: 23-2-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы № 02-01-02/80 бұйрығымен.(бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
5. Құжаттарды қабылдау
24. Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:
1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш (N 1 қосымша);
2) кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның iшiнде байланыс, көрсетiлуi тиiс);
3) өкiлеттi орган белгiлеген нысанда толтырылған анкета (N 2 қосымша);
4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;
5) еңбек кiтапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;
7) 3х4 үлгідегi 1 фотосурет;
8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ескертпе: осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған, мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады.
#$: 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 02-1-7/16 бұйрығымен, 2000 жылғы 3 қарашадағы № 02-1-7/154 бұйрығымен, 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
25. Азаматтар бiлiмiне еңбек тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және мiнездемелерi туралы (бiлiктiлiгiн көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, кепiлдемелер, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қосымша ақпараттарды бере алады.
26. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
#$: 26-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
27. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың кадр есебi жөнiндегi жеке iс парақтары мен өтiнiштерi және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады (кадр қызметiнде).
: 27 тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы № 02-1-7/154 бұйрығымен.
6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
28. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
29. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына және 24-тармаққа сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн талдайды.
30. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды талдау негiзiнде олардың тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды сынаққа жiберу туралы шешiм қабылдайды, ол хаттама түрiнде ресiмделiп және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды. Тестiлеуге жiберiлмеген конкурсқа қатысушыларды шешiм қабылданғаннан кейiн конкурс комиссиясы хабарландырады.
#$: 30 тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы № 02-1-7/154 бұйрығымен.
31. Тестiлеуге жiберу туралы шешiм әр өткiзiлген конкурс бойынша конкурс комиссиясы бекiткен үмiткерлердiң тiзiмi түрiнде ресiмделедi және өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне берiледi.
32. Конкурс комиссиясы, хабарландырудың жарияланған сатысында, өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiмi бойынша, тестiлеу өткiзудің кестесiн жасайды. Кестеге сәйкес конкурс комиссиясы үмiткерлерге тестiлеу өткiзудiң уақыты мен орны туралы хабарландырады.
33. Yмiткерлерге өкiлеттi органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өту құқығы берiледi. Өкiлеттi органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өткiсi келетiн үмiткерлер бұл туралы конкурс комиссиясына хабарлайды. Осының негiзiнде конкурс комиссиясы белгілi үмiткердiң тестiлеуден өтетiн орны туралы өкiлеттi орган мен оның тиiстi бөлiмшесiне хабарлайды.
#$: 33-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
7. Yмiткерлердi тестiлеу
34. Тестiлеудiң мақсаты үмiткердің бiлiмi мен қабiлетiн әдiл бағалау болып табылады.
35. Тестiлеудің тәртiбiн өкiлеттi орган анықтайды.
35-1. Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі бес жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өтеді.
: 35-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
36. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына байланысты өкiлеттi орган тестiлеудің әр түрлi бағдарламаларын белгілеуi мүмкiн. Құжаттарын әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың әр түрлi санаттарына жататын екi немесе одан да көп бос лауазымдарға орналасуға берген және тестiлеуге жiберiлген үмiткерлер тиiстi бағдарламалар бойынша тестiленедi.
36-1. Үміткердің белгілі бір күрделілік бағдарламасы бойынша (нормативтік құқықтық актілердің саны мен шекаралық мәнінің деңгейі бойынша) тестілеудің оң нәтижелері соңғы тестілеу бағдарламалары бірдей немесе күрделілік деңгейі төмен болған жағдайда басқа санатты бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысуға жарамды болып табылады.
: 36-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
37. Yмiткердiң лауазымның белгілi бiр санаты үшiн белгiленген тестiлеу бойынша тестiлеуiнiң нәтижесi, егер тестiлеудiң бағдарламасы өзгертiлмеген жағдайда, тестiлеуден өткен сәтiнен бастап 1 жыл бойы күшiнде болады.
38. Yмiткердің алдыңғы тестiлеуден соң үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн бiр бағдарлама бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы болады.
#$: 38-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 16 маусымдағы № 02-1-7/60 бұйрығымен; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы № 02-1-7/154 бұйрығымен.
39. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi тестiлеудiң нәтижелерiн тестілеуден өткен үміткерлерге және тиiстi мемлекеттiк органның конкурс комиссиясына бередi.
: 39-тармақ толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
40. Тестiлеуден өткiзу кезiнде лауазымның осы санаты үшiн өкiлеттi орган белгiлеген түпкiлiктi мәннен төмен емес бағалар алған үмiткерлер әңгімелесуге жiберiледi. Тестiлеу нәтижелерi негiзгi мәннен төмен болған үмiткерлер әңгiмелесуге жiберiлмейдi. Бұған қоса, әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесуден өту үшiн шақырылады.
#$: 40-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
8. Yмiткерлермен әңгiмелесу
41. Әңгiмелесудің мақсаты үмiткерлердiң кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
41-1. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны тестілеуден өткеннен кейінгі бес жұмыс күнінің ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
: 41-1-тармақпен толықтырылды, өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен, 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
42. Yмiткердің кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің лауазымдық нұсқауларға сүйенедi.
42-1. Әрбiр үмiткермен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi немесе техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
Үмiткермен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, үміткер, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады. Жазба тасығыштар конкурс комиссиясының хатшысында сақталады.
Әңгімелесу кезінде үмiткер де техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
: 22-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
43. Әңгiмелесуден өткен үмiткерлердің құжаттарын конкурс комиссиясы өзiнiң қорытынды мәжiлiсiнде қарайды.
9. Конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi
44. Конкурс комиссиясы қорытынды мәжiлiсiнде әңгімелесу өткiзгеннен кейiн екi жұмыс күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс үмiткерлердi берген құжаттары, тестiлеу мен өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос әкiмшiлiк лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi iске асырады.
: 44-тармақ толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 02-1-7/16 бұйрығымен, 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
45. Конкурс комиссиясының шешiмi үмiткер қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
46. Конкурс комиссиясының шешiмi егер мәжiлiске оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
47. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда үмiткер дұрыс баға алады. Дауыстар бiрдей болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
48. Конкурс комиссиясының өкiлеттi органға әңгiмелесуден өткен үмiткерлердi кадр резервiне есепке алуға ұсыныстама жасауға құқығы болады.
#$: 48-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы № 02-1-7/154 бұйрығымен.
49. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.
50. Конкурс комиссиясы мәжiлiсi хаттамасының көшiрмесi өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi.
51. Егер конкурс нәтижесiнде конкурс комиссиясы берiлген бос лауазымдарға үмiткерлердi анықтамаса, мемлекеттiк орган қайтадан конкурс жариялауы мүмкiн.
52. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен үмiткерлерге конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн 5 күн iшiнде хабарлайды.
52-1. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң шешімін алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетіндей жерлерге ілінеді.
: 52-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы № 02-01-02/80 бұйрығымен.(бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
10. Үмiткердiң қызметке орналасуы
53. Мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы конкурс комиссиясының дұрыс қорытындысына ие болған үмiткердi жарияланған қызметке қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметке түсу үшiн заңдарда қарастырылған талаптар сақталуға тиiс.
53-1. Жауапты хатшы мемлекеттік орган басшысының келісімімен, орталық атқарушы органының департаменті мен басқарма бастықтарына және аумақтық құрылымдық органдарының басшылары мен орынбасарларына жарияланған лауазымдар бойынша конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткерді қабылдайды.
: 53-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 03.09.2007. № 02-01-02/113 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
54. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтерi анықталған конкурс комиссиясынан дұрыс қорытынды алған азаматты ұсыну тиiстi бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қабылдаудан бас тартуға негiздеме болады.
11. Шағым беру тәртiбi
55. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, болмаса сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағым беру құқығы бар.
56. Өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс комиссиясының шешiмiне келiп түскен шағымды қарайды және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, осы Қағиданы, мемлекеттiк қызмет туралы басқа да заңдардың бұзылғаны анықталған жағдайда, конкурс комиссиясына қабылданған шешiмдi жоюды ұсынады.
: 56-тармақ өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы № 02-01-02/80 бұйрығымен.(бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
57. Өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысын конкурс комиссиясы бұрынғы құрамымен өткiзiлген өз мәжiлiсiнде қарайды. Осы мәжiлiсте конкурс комиссиясы бұрын қабылданған шешiмiн жояды және жаңасын енгiзедi, не болмаса оны еш өзгерiссiз қалдырады. Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданғаннан кейiн он күн мерзiм ішiнде, өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурсқа қатысушыға немесе үмiткерге хабарлайды.
58. Конкурс комиссиясының бұрынғы қабылдаған шешiмін жоюы және жаңасын енгiзуi мемлекеттiк орган басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының тиiстi шешiмiн өзгертуi немесе қабылдауы үшiн негiздеме болады.
59. Егер конкурс комиссиясы бұрынғы қабылданған шешiмдi өзгерiссiз қалдырған жағдайда, өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi, сондай-ақ шағым берген конкурсқа қатысушы немесе үмiткер осы шешiмдi сот тәртiбiнде шағым беру құқығы болады.
60. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өздерiне қатысты бөлiгiне, сондай-ақ өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеудiң және әңгiмелесудің нәтижелерiмен танысу құқығы болады.
: Қағида № 1, 2 қосымшалармен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 02-1-7/16 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегі агенттiгiнің
төрағасының 2000 жылғы
25 ақпанындағы N 02-1-7/16
бұйрығына N 1 қосымша
__________________________________
(мемлекеттiк орган)
Өтініші
Мені бос тұрған мынадай ________________________________________
________________________________________________________________
______________________________________ қызмет орнына тағайындалуым
үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.
Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс
өткiзудiң Қағидасының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен
келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
__________________ _____________
Қолы Аты-жөні
___ _____________ 2000 ж.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегі агенттiгiнің
төрағасының 2000 жылғы
25 ақпанындағы N 02-1-7/16
бұйрығына N 2 қосымша
: қосымша өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы № 02-01-02/80 бұйрығымен.(бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
АНКЕТА
(Өз қолымен толтырылады)
1. Тегi __________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесiнiң аты _____________________________________________________
2. Азаматтығы ____________________________________________________
Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз ______________________________
3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн _________________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз
Болған елiңiз ____________________________________________________
Болған уақытыңыз _________________________________________________
Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ______________________________
5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген
деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін ____________________________
6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн _______________________________
7. Сіз мынадай:
1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба________________
__________________________________________________________________
_________________ 2000 ж. __________________
(қолы)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |