Toggle Dropdown
Осы редакция 14.10.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығы
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.
2. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы Агенттіктің аумақтық органдары қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Агенттік Төрағасының бір орынбасары болады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін құрсын;
2) Агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметін қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Агенттік бір ай мерзімде Мемлекет басшысының бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізсін.
6. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері Агенттіктің аумақтық органдарының ұйымдық-техникалық мәселелерін шешуде жәрдем көрсетсін.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 12 қарашадағы N 4141 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, N 40, 361-құжат) күші жойылған деп танылсын.
8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
9. Осы Жарлық 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығымен Бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы Ереже
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік туралы ережені, сондай-ақ оның құрылымы мен штат санын Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Агенттік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Агенттіктің, егер оған заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Агенттік пен оның аумақтық органдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құрайды.
Аумақтық органдар өз қызметін заңдарда белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
5-1. Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында консультативтік-кеңесшi органдары - тәртіптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi Агенттiктiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
6. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
7. Агенттік пен оның аумақтық органдары заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар нысанында шешімдер қабылдайды.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
8. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік қызмет ісін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
3) мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу;
4) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру;
5) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылау.
9. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асыруға қатысады;
2) мемлекеттiк қызмет қызметкерлері жөнiнде республикалық мәлiметтер базасын және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн кадр резервiн түзедi;
2-1) Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резерві туралы ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентiне бекітуге ұсынады;
3) мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесін әзірлейді және қалыптастырады;
4) әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
5) Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттары бойынша тізілімін және өзге де актілерді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
6) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
7) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіреді;
8) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіреді;