1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) 1999 жылдың 20 шiлдесiне дейiн мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен Қаржы жүйесiн ақпараттандыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен "Банкаралық және қаржы телекоммуникацияларының орталығы" жабық акционерлiк қоғамын жарғылық капиталына мемлекет 100 % қатысатын "Мемлекеттiк қаржы жүйесiнiң ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету орталығы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - АТҚО) етiп құра отырып бiрiктiру жүргiзсiн.