• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысы

Осы редакция 21.08.2003 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын: 
Жұмабеков Оңалсын Исламұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төраға; 
Баймағанбетов Серік Нұртайұлы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары; 
Әбусейiтов Қайрат Қуатұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бiрінші вице-министрi; 
Божко Владимир Карпович - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк Koмитеті төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша); 
Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi; 
Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi; 
Уақпаев Марат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша); 
Ахметжанов Саян Қылышұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің Заң бөлiмi меңгерушiсiнің орынбасары; 
Гамарник Геннадий Николаевич - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі; 
Мыңбаев Алмас Саятұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) 
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі; 
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; 
Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Дауылбаев                     - Қазақстан Республикасы Бас 
Асхат Қайзоллаұлы               прокурорының орынбасары 
                         (келісім бойынша); 
Қабденова                     - Қазақстан Республикасының 
Мәриям Нұрымқызы                Парламенті Мәжілісінің 
                         Аппараты Басшысының орынбасары 
                         (келісім бойынша);    
Әмрин                         - Қазақстан Республикасының 
Ғұсман Кәрімұлы                 Қорғаныс вице-министрі;
Тәжияқов                      - Қазақстан Республикасының 
Бейсенғали Шамғалиұлы           Ұлттық Банк төрағасының 
                         орынбасары (келісім бойынша);    
Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы  - Қазақстан Республикасының 
                         Парламентi Сенатының Аппараты 
                         Құқықтық сараптама бөлiмiнiң 
                         меңгерушiсi (келiсiм бойынша), 
                         Комиссия мүшесi;    
Мырзадинов                    - Қазақстан Республикасының Iшкi 
Ерғали Серiкбайұлы              iстер вице-министрi
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2001. № 430, 27.09.2001. № 1256, 20.02.2002. № 231, 03.04.2002. № 397
10.06.2003. № 547, 03.04.2002. № 397, 12.08.2003. № 802 қаулыларымен.
2. Қоса берiлiп отырған: 
1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.
4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi: 
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiнің барысын ай сайын қорытындыласын, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық заңдардың жай-күйiне шолуларды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiп отырсын; 
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын.
6. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Yкiметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттiк кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтыруларды Yкiметпен келiспей енгiзудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi Регламентiнiң 69-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.12.2002. № 1300 қаулыларымен. (24.06.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2000 жылғы 11 қыркүйектегі
 N 1376 қаулысымен
 бекiтiлген