• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысы

Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын: 
Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым; 
Божко Владимир Карпович - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк Koмитеті төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша); 
Уақпаев Марат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша); 
Гамарник Геннадий Николаевич - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі; 
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; 
Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі 
Курбатов Владимир Николаевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi 
Тасболатов Абай Бөлекбайұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасары 
Жошыбаев Рәпiл Сейiтханұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары 
Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары 
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілiсiнiң Аппараты Басшысының орынбасары (келiсiм бойынша) 
Тәжияқов Бейсенғали Шамғалиұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк төрағасының орынбасары (келісім бойынша) 
Мұқашев Рахмет Желдiбайұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары 
Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi 
Жәкенов Асқар Серiкжанұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Заң бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары 
Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі 
Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия 
Ағатаева Күләш Әбдiбекқызы - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)      
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2001. № 430, 27.09.2001. № 1256, 20.02.2002. № 231, 03.04.2002. № 397, 10.06.2003. № 547, 03.04.2002. № 397, 12.08.2003. № 802, 25.11.2003. № 1175, 08.04.2004. № 389, 23.11.2004. № 1227, 21.12.2004. № 1352, 205.04.28. № 398, 23.05.2005. № 493, 22.09.2005. № 941, 30.12.2005. № 1327 қаулыларымен.
1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже; 
2)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.08.2003. № 840 қаулысымен. (12.08.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.
4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiнің барысын ай сайын қорытындыласын, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық заңдардың жай-күйiне шолуларды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiп отырсын; 
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын.