• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  • 1
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2013 жылғы № 541 қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 147 Қаулысымен (29.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (24.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 87 Қаулысымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.08.2003 жылғы № 840 Қаулысымен (12.08.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 87 Қаулысымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарының орындалуын жалпы бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.03.2006 жылғы № 172 Қаулысымен (30.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.03.2006 жылғы № 172 Қаулысымен (30.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен уәкілеттi мемлекеттiк органдардың заң жобалау қызметiнiң барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберсiн; 
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын.
6. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Yкiметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттiк кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтыруларды Yкiметпен келiспей енгiзудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi Регламентiнiң 79-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.12.2002 жылғы № 1300, 20.03.2007 жылғы № 217 Қаулыларымен (24.06.2002 ж. редакцияны қараңыз)
7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1376 қаулысымен
бекiтiлген
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.09.2001 № 1256, 24.06.2002 № 690, 10.12.2002 № 1300, 21.08.2003 № 840, 20.03.2007 № 217, 25.12.2009 № 2206, 21.12.2011 № 1575 Қаулыларымен
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.03.2006 жылғы № 172 Қаулысымен (30.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2013 жылғы № 541 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (24.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 87 Қаулысымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1376 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.08.2003 № 840 Қаулысымен (12.08.2003 ж. редакцияны қараңыз)