Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 қарашадағы N 1175 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
I-тармақта:
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;
Курбатов Владимир Николаевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi;
Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
Тасболатов Абай Бөлекбайұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасары;
мынадай:
"Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Ақпарат бiрiншi вице-министрi;";
көрсетiлген құрамнан:
Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы, Андрющенко Александр Иванович, Лавриненко Юрий Иванович, Мерзадинов Eрғали Серiкбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |