• Мое избранное
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 907 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 03.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тауарлық газды тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты;
2) Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты;
3) Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 4 шілдедегі
 № 907 қаулысымен
 бекітілген
  • 2
Тауарлық газды тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты
Шарттың үлгісі өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.09.2013 жылғы № 913 Қаулысымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
_______________________                       20___жылғы ___ ________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі беруші деп аталатын, ________________________________
____________________________________________________________
      (бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
      құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы
      куәлігі* немесе анықтамасы, берілген күні мен берген орган)

оның атынан _______________________________________________ негізінде                         
                                           (құжаттың атауы)
әрекет ететін _____________________________________ бір тараптан және
                        (лауазымы, Т.А.Ж.)
бұдан әрі тұрмыстық тұтынушы деп аталатын ___________________________
_____________________________________________________________________
                        (тұтынушының атауы)
оның атынан________________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________________
                              (Т.А.Ж.)
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) газ – тауарлық газ;
2) беруші – «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларымен белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;
3) беру – газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;
4) есеп айырысу кезеңі – жеткізілген газдың көлемі айқындалатын, берілген газ үшін беруші мен тұрмыстық тұтынушы арасында өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды;
5) тұрмыстық тұтынушы – тауарлық газды кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;
6) тұтыну нормасы – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері тұтынған тауарлық газдың орташа айлық көлемін көрсететін есептік шама;
7) газ тұтыну жүйесі – газ тарату жүйесінен тауарлық газды қабылдауға, сондай-ақ оларды отын ретінде пайдалануға арналған газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ жабдығы кешені;
8) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;
9) смарт-картамен қоса алғанда есепке алу аспаптары – тұрмыстық тұтынушы өзі төлеген газдың барлық көлемін пайдаланған жағдайда газ беруді жабатын салынған бекітпе клапанмен жарақталған смарт-карта арқылы ақы төлеу жүйесімен қоса газды есепке алу аспаптары;
10) уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Осы Шартта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына және Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларына сәйкес қолданылады.
2. Шарттың нысанасы
3. Беруші тұрмыстық тұтынушыға қосылған желі арқылы өзінің тұрмыстық тұтынуы үшін газды беруге, ал тұрмыстық тұтынушы осы Шарттың жағдайларына сәйкес газ үшін ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
4. Газ беруге арналған шартты жасасу жағдайлары газды дұрыс жеткізу үшін құқықтық және техникалық (технологиялық) жағдайларының болуы, оның ішінде тұрмыстық тұтынушы тарапынан – газ тұтыну жүйелерін пайдалану жөніндегі рұқсат ету құжаттарының (техникалық шарт, газбен жабдықтау жобасы, газ тұтыну жабдығының паспорты), газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналып жасалған шарттың болуы тиіс.
5. Осы Шарт бойынша жеткізілетін газ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының талаптарына сай болуы тиіс.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
6. Газды қабылдау-тапсыру пункті есепке алу аспабы, ал ол жоқ болған жағдайда бекітпе қондырғы (іске қосу краны) болып табылады.
7. Осы Шарт бойынша берілетін газ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының талаптарына жауап беруі қажет.
8. Қолданыстағы стандартқа сәйкес газ көлемінің бірлігі үшін Цельсий бойынша 20 градус температура және сынапты бағанадағы 760 мм қысым кезінде бір текше метр газ алынады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
9. Беруші:
1) алынған газ үшін тұрмыстық тұтынушы дұрыс төлем жүргізген және осы Шарттың жағдайлары сақталған жағдайда тұрмыстық тұтынушыға арналған мөлшерде қажетті талап етілетін сапалы газды үздіксіз беруді жүзеге асыруға;
2) газ тұтынуға және газ үшін тұрмыстық тұтынушының ақы төлегеніне бақылау жасауға, есепке алуға;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мерзімдерде газ тұтыну схемасын өзгерту, жаңа және қосымша газ жабдығын орнату бойынша рұқсат алуға тұрмыстық тұтынушының жазбаша өтінімін нақты қарауға;
4) қауіпсіз, авариясыз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге және газды қабылдау-тапсыру пунктіне дейін газдың қысымын ұстауға;
5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы газ бағасының өзгергені туралы ақпаратты тұрмыстық тұтынушының назарына жеткізуге;
6) өз қызметкерлерін тұтынушыға бақылау мақсатындағы тексерулер кезінде көрсетілетін қызметтік куәліктермен қамтамасыз етуге;
7) тұтынушы берген өтініштің және басқа да растаушы құжаттардың негізінде тұратындардың санын өзгертуді, өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүргізуге міндетті.
10. Тұрмыстық тұтынушы:
1) осы Шарттың жағдайларына сәйкес газ үшін ақы төлеуге;
2) газ тұтыну жүйелерін, түтіндік және желдеткіш каналдарын, оның қарамағындағы газ желілерінің учаскелерін қауіпсіз пайдалануды, түтіндік және желдеткіш каналдарын уақытылы тексеру және тазартып тұруды қамтамасыз етуге;
3) берушінің өкілдеріне қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде есепке алу аспаптарын, газ жабдығын, тұрып жатқан тұрғындардың саны жөніндегі деректердің дұрыстығы мен мемлекеттік тексеру туралы қолданыстағы куәліктің бар-жоғын тексеру үшін газ тұтыну жабдықтарына, газ желілеріне және есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
4) беруші жүзеге асыратын газды есепке алу аспаптарының сақталуына, техникалық жай-күйіне және тексерілуіне, сондай-ақ оның салынған пломбасының тұтастығына жауапты болуға;
5) берушінің жазбаша рұқсатын алғаннан кейін ғана газбен жабдықтау схемасын өзгертуді, жаңа және қосымша газ жабдығын орнатуды және іске қосуды жүргізуге;