Toggle Dropdown
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 Қаулысы
Редакция 12.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 715 қаулысымен
бекітілген
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы
1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы » 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы » 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданған әрі аттестаттау жүргізудің және шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер берудің тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттау кезінде теориялық білімін тексеру, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) емтихан комиссияларының емтихан алуы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша кеме жүргізушілеріне шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік (бұдан әрі – куәліктер) беріледі.
3. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттауға жасы он сегізге толған, шағын көлемді кемелерді басқаруға денсаулығының жай-күйі бойынша жарамды деп танылған, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгі бағдарламадан төмен емес шағын көлемді кемені басқару бойынша теориялық арнайы дайындығы бар адамдар жіберіледі.
4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, олар Комитеттің аумақтық органдарында есепке алынуы тиіс.
2. Емтихан комиссияларын құру және олардың жұмысын ұйымдастыру тәртібі
5. Қазақстан Республикасының әрбір өңірі үшін емтихан комиссияларының құрамы мен олардың жұмыс тәртібі Комитеттің аумақтық органы басшысының бұйрығымен айқындалады.
Емтихан комиссияларының төрағалары болып Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары тағайындалады.
6. Емтихан комиссияларының құрамына Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері, жоғары немесе орта арнайы білімі бар су көлігінің мамандары және тәжірибелі кеме жүргізуші-практиктер, сондай-ақ қызмет бабына сәйкес су қоймаларында құқықтық тәртіпті жүзеге асыратын, су қорғау және балық қорғау талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
7. Әрбір кезекті отырысқа емтихан комиссиясының сандық және дербес құрамын алдағы жұмыстың көлемін негізге ала отырып, бірақ үш адамнан кем емес құрамда оның төрағасы белгілейді.
8. Шағын көлемді кемелердің жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың оқытушылары өздері сабақ берген топтардың түлектерінен емтихан алу жөніндегі емтихан комиссиясының құрамына енгізілмейді.
9. Емтихан билеттері мен тестілік бағдарламаны осы Қағиданың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бекітеді.
3. Емтихан тапсыруға жіберу тәртібі
10. Куәлік алу үшiн өтініш беруші Комитеттің аумақтық органына мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме жүргізушінің жеке карточкасының бланкісіндегі өтініш;
2) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама);
3) № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
4) 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екi фотосурет;
5) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі.
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттауды өткізу туралы өтінішті Комитеттің аумақтық органдары жиырма жұмыс күн ішінде қарайды.
Комитеттің аумақтық органдарының есебінде тұрмайтын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы құжаттар қабылданбайды.
11. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктен айыру мерзімі аяқталғаннан кейін аттестатталушы тұлға осы Қағиданың 10-тармағына көзделген құжаттарды тапсыра отырып, теориялық дайындық бойынша емтихандар тапсырады.
12. Талап етілетін құжаттарды толық көлемде тапсырмаған аттестатталушы тұлға емтихан тапсыруға жіберілмейді.
13. Аттестатталушы адамды шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихан тапсыруға (осы Қағиданың 22-тармағында көзделген мән-жайларға байланысты сұхбаттасуға) жіберуді емтихан комиссиясының төрағасы осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды тексергеннен кейін жүргізеді.
14. Аттестатталатын адамды емтихан тапсыруға жіберу туралы қабылданған шешім кеме жүргізушісінің жеке карточкасының бланкісінде жазбаша ресімделіп, оған бес жұмыс күн ішінде емтихан комиссиясы отырысының орны, күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Емтихан тапсыруға жіберуден бас тартылған жағдайда тапсырылған сәттен бастап он жұмыс күн ішінде кеме жүргізушісінің жеке карточкасы бас тарту себептері көрсетіліп, ұсынылған құжататтармен бірге кеме жүргізушіге қайтарылады.
15. Аттестатталушы адамның емтихан тапсыруға рұқсат беруден бас тарту себептерімен келіспегені туралы түскен өтінішін Комитеттің аумақтық органының басшысы олар түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды.
16. Емтихан комиссиясының хатшысы емтихан тапсыратын адамның жеке басын куәландыратын құжаты негізінде оған емтихан тапсыруға (сұхбаттасуға) жіберу туралы белгісі бар кеме жүргізушінің жеке карточкасын береді, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес тегін, атын, әкесінің атын жазады және емтихан тапсыру (сұхбаттасу) тәртібін түсіндіреді.
17. Шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихандар тиісті жүзу ауданы үшін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін кеме жүргізу бойынша даярлаудың үлгі бағдарламасының көлемінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы, Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы бойынша, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, кеме мен қозғалтқышты орналастыру және техникалық пайдалану бойынша тапсырылады.
18. Емтихан билеттері сұрақнамаларды қолданумен қағаз жеткізгіште тест немесе компьютерде тестілеу үшін тестілік бағдарлама нысанында құрастырылады. Шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихан тапсыру нысандарын аттесттатталушы адам таңдайды.
Тиісті бағыттар үшін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілігіне үміткерлер үшін тестілік бағдарлама блоктарға топтастырылған:
2) 2-блок – (МШКК) гидроцикл.
Әрбір блок бойынша сұрақтардың саны мен тестілеу жүргізу уақытын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі айқындайды.
19. Білімді бағалау сынақ жүйесі бойынша жүргізіледі.
Емтихан нәтижелері кеме жүргізушінің жеке карточкасында емтихан алушылардың тиісті жазбасымен ресімделеді («сынақтан өтті» немесе «сынақтан өткен жоқ»).
20. «Сынақтан өткен жоқ» дегенді алған, яғни тестілеу кезінде сексен пайыздан кем дұрыс жауап берген адамдар емтихандарды қайта тапсыруға кемінде жеті жұмыс күні өткеннен кейін жіберіледі.
21. Теориялық емтихандарды кеме жүргізушілер курстарын бітіргеннен кейін он екі ай ішінде тапсырмаған немесе он екі ай ішінде үш реттен артық тапсыра алмаған адамдар оқыту курсын қайтадан жалпы негіздерде өтеді.
22. Осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың құрамында кеме жүргізуші лауазымдарына орналасуға құқық беретін дипломдарын (куәліктерін), сондай-ақ яхта капитандарының дипломдарын, яхта рульдеушісінің куәлігін, ұлттық немесе халықаралық кеме жүргізуші құжаттарын ұсынған адамдар тиісінше өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихан тапсырудан босатылады. Бұл адамдарға куәлік беру олармен емтихан комиссиясының отырысында шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидалары талаптарының көлемінде сұхбаттасу нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Сұхбаттасу емтихан комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді және жеке карточкаға тиісті жазба жазылады.
23. Кеме жүргізушілерінің жеке карточкалары емтихан (сұхбаттасу) нәтижелерімен бірге емтихан комиссиясының хатшысына тапсырылады.
24. Емтихан комиссиясының отырысы аяқталғаннан кейін хаттамаға емтихан комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Хаттамада түзетулерге жол берілмейді.
25. Емтихан комиссиясының хатшысы емтихан тапсырудың нәтижелерін ресімдегеннен кейін дәл сол күні куәлікті алу немесе емтихандарды қайта тапсыру және апелляциялық арыз беру тәртібі туралы мәліметтерді ақпараттық стендіге орналастыру жолымен хабардар етеді.
26. Білімін бағалау нәтижесімен келіспеген жағдайда аттестатталушы адам Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) шағын көлемді кеменің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша аттестаттауды жүргізудің белгіленген тәртібін бұзу және (немесе) шағын көлемді кеменің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі аттестаттаудың нәтижелерімен келіспейтіні туралы жазбаша апелляциялық арыз (бұдан әрі – апелляция) бере алады.
27. Апелляция уәкілетті органға түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
28. Аттестатталушы тұлға апелляцияны емтихан бойынша баға жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күні береді. Бұл ретте аттестатталушы адамның нәтижелер жарияланған күні өзінің емтихан жұмысымен танысуына болады.
29. Апелляцияны қарау кезінде уәкілетті орган жұмыс мазмұнына және емтихан комиссиясының оны дұрыс бағалағанына талдау жүргізеді.
30. Апелляцияны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган емтихан комиссиясы бағасының тестілеу нәтижелеріне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім шығарады.
31. Аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тарту не бағасын өзгерту туралы шешім аттестатталушы адамға және емтихан комиссиясының төрағасына жіберіледі.
32. Уәкілетті органның шешіміне сәйкес емтихан комиссиясы бағаны хаттамаға және аттестатталушы адамның кеме жүргізушінің жеке карточкасына жазады.
33. Хаттамамен ресімделген шешімді емтихан комиссиясының хатшысы аттестатталатын адамның назарына жеткізеді. Көрсетілген шешіммен танысу фактісі аттестатталатын адамның қолымен куәландырылады. Емтихан комиссиясының хатшысы аттестатталатын адамға куәлік алу тәртібі туралы хабарлайды.
34. Емтихан хаттамалары, медициналық анықтамалар, кеме жүргізушілердің жеке карточкалары Комитеттің аумақтық органдарында сақталады.
5. Шағын көлемді кемелерді басқару дағдыларын тексеру
6. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына арналған куәліктерді ресімдеу және беру
39. Теориялық емтихандарды жақсы тапсырған емтихан тапсырушы адамдарға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес он жыл мерзімге шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беріледі (бұл туралы «Ерекше белгілер» бағанында тиісті жазба жасалады), ол кейіннен ауыстырылады. Емтихан комиссиясы отырысының хаттамасында, кеме жүргізушісінің куәлігі мен жеке карточкасында кеме жүргізушісіне басқаруға рұқсат етілетін шағын көлемді кемелердің түрлері (қозғалтқыштың қуаты, желкендердің ауданы, жүзу ауданы) туралы тиісті белгілер жасалады.
40. Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілеріне 3,68 киловатт және одан жоғары қозғалтқышы бар шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беріледі.
41. Желкенді кемені басқару құқығы туралы белгі куәлікке кеме жүргізуші мынадай біліктілік құжаттарын:
1) желкеннің ауданы 60 және одан көп шаршы метр болатын кемені басқару үшін яхта капитанының дипломын;
2) желкеннің ауданы 60 шаршы метрге дейін болатын кемені басқару үшін 1-сыныпты яхта рульдеушісі куәлігін;
3) желкеннің ауданы 22 шаршы метрге дейін болатын кемені басқару үшін 1-сыныпты яхта рульдеушісінің куәлігін;
4) желкеннің ауданы 12 және одан көп шаршы метр болатын кемені басқаруға 3-сыныпты яхта рульдеушісі куәлігін көрсеткен кезде қойылады.
42. Кеме жүргізушіге басқаруға рұқсат етілген қозғалтқыштың қуаты куәлігіне мынадай тәртіппен:
1) шағын көлемді кемені басқаруда практикалық дағдысы жоқ кеме жүргізушіге (курстық желіде практикалық жүргізуден басқа) қозғалтқыш қуаты 25 ат күші жазылады;
2) шағын көлемді кемеге жеке меншік құқығы жоқ, бірақ шағын көлемді кемені пайдалану құқығына сенімхаты бар кеме жүргізушіге кеме жүргізуші кемені пайдалану тәжірибесі бар кемеге орнатылған қозғалтқыштың қуаты жазылады;
3) шағын көлемді кемеге жеке меншік құқығы бар кеме жүргізушіге, оның кемесіне орнатылған, бірақ курстық торапта практикалық жүргізу жүзеге асырылатын кеменің қозғалтқыш қуатынан кем емес қозғалтқыш қуаты көрсетіледі;
4) қозғалтқыштың қуатын ұлғайту туралы келесі жазулар (егер ол қажет болса) қадағалаушылықпен айқындалатын қуат қатарының шегінде кемінде бір навигация мерзімінде жүргізіледі.
Бұл ретте кеме жүргізуші үміттеніп отырған қозғалтқыш қуаты бар шағын көлемді кемені басқару бойынша дағдыларды тексеру жүргізіледі.
43. Желкеннің рұқсат етілген көлемі туралы жазба осы Қағиданың 42-тармағына сәйкес осындай тәртіппен 5,4 шаршы метрден бастап жүргізіледі.
44. Жүзуге рұқсат етілген аудан туралы мынадай белгілер:
1) «ТЖ» – егер кеме жүргізуші Теңiзде кемелердiң соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары туралы 1972 жылғы Лондон Конвенциясы қабылдаған Теңізде кемелердің соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары қолданылатын Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда кемені басқару құқығына емтихан тапсырса (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысы );
2) «ІСЖ» – егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы қолданылатын ішкі су жолдарында кемені басқару құқығына емтихан тапсырса;
3) «ТЖ» және «ІСЖ» – егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда және ішкі су жолдарында кеме басқару құқығына емтихан тапсырса;
4) «ІСЖӨ» (өзен учаскелері үшін) және «ІСЖК» (көл учаскелері үшін) – егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасында кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су қоймаларында ғана шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихан тапсырса қойылады.
45. Егер кеме жүргізуші теңізде жүзу мақсатында пайдаланылатын он екіден астам жолаушы таситын серуендік кемені басқару құқығына емтихан тапсырса, рұқсат ететін белгілер «ТЖ» және «Катер» жолдарына қойылады. Бұл ретте куәліктің осы бетінің төменгі жағына «Ерекше белгілер» бөліміне, емтихан комиссиясы отырысының хаттамасына және кеме жүргізушінің жеке карточкасына осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес «Теңізде серуендеу кемесі» деген мөртабан қойылады.
46. Куәлікке енгізілген жүзу ауданын және (немесе) кеме түрін өзгерту тиісті жүзу ауданына және шағын көлемді кеме түріне арналған теория бойынша емтихан тапсырғаннан кейін кеме жүргізушісінің жазбаша арызы бойынша жүргізіледі. Мұндай жағдайларда шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлік беріледі, ал бұрынғы куәлік кеме жүргізушісінен қайтарылып алынады, оның өтелуі туралы белгі қойылады және бір жылдан кейін жойылады.
47. Куәлік бланкісі хаттаманың негізінде толтырылады, оған Комитеттің аумақтық органының басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады. Ресімделген куәлік емтихан хаттамаларын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кеме жүргізушіге беріледі.
48. Ресімделген куәлікті беру осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық органында жүргізілетін куәліктер беруді тіркеу журналына кеме жүргізушінің жеке қолтаңбасы қойылып жүргізіледі.
49. Куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін кеме жүргізуші жаңа куәлік алу үшін Комитеттің аумақтық органына осы Қағиданың 10-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ бұрын берілген куәлікті береді.
Жаңа куәлік құжаттар берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі кеме жүргізушісі емтихан тапсырмайды.
Бұрын берілген куәлік кеме жүргізушісінен қайтарып алынады және бір жылдан кейін жойылады.
50. Куәлікті жоғалтқан жағдайда, кеме жүргізушісі осы Қағидаға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті Комитеттің аумақтық органына береді, ал ол өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде куәліктің телнұсқасын береді. Өтінішке 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi бір фотосурет, сондай-ақ өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі қоса беріледі.
Куәліктің телнұсқасын беру куәліктер беруді тіркеу журналындағы деректерді тексергеннен кейін жүргізіледі.
Жоғалған куәліктің орнына берілген куәлікке «Телнұсқа» деген белгі қойылады, ал кеме жүргізушінің жеке карточкасы мен куәліктер беруді тіркеу журналына куәлік телнұсқасының берілгені туралы жазба жазылып, оның сериясы мен нөмірі көрсетіледі.
7. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібі
51. Комитеттің аумақтық органдары кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүзеге асырады.
52. Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан кезде Комитеттің аумақтық органдарына:
1) оқытушылар құрамының жоғары немесе орта техникалық бiлiмi дипломдарының көшiрмелерiн;
2) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса беріп, қызметтің басталуы туралы хабарлама жолдайды.
Хабарлама «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
53. Кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасының негізінде әзірлейді және оқу ұйымы басшысының өтініші негізінде курстың ашылуы басталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органының басшысымен келісіледі.
54. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
55. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
56. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
57. Оқу ұйымының басшысы шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуы туралы Комитеттің аумақтық органына жыл сайын хабарлайды. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың қызмет етуі туралы ақпарат бір жыл ішінде (мерзімі курстар ашылған күннен бастап есептеледі) берілмеген жағдайда бұл курстар есептен шығарылады.
58. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар Комитеттің аумақтық органының есебінен шығарылғаннан кейін курстар есептен шығарылған кезеңнен бастап курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) жарамсыз деп есептеледі.
8. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру
59. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқыту бағдарламасын меңгерген адамдар оқу ұйымдарында оқытудың толық курсы көлемінде қорытынды емтиханнан өтеді.
60. Жүргізілген емтихан қорытындылары бойынша курс тыңдаушылары оқытқан ұйымның атауы, сағатпен көлемі және меңгерген пәндері бойынша сынағы көрсетілген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің курстарын бітіргені туралы куәлік (анықтама) алады. Емтихан тапсыру қорытындылары емтихан ведомосінде ресімделеді. Куәлік (анықтама) оқу ұйымы басшысының қолымен, оқу ұйымының мөрімен куәландырылады.
9. Оқу үдерісін ұйымдастыру
61. Оқу ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде бағалау жүйесін, оқыту нысанын (күндізгі немесе қашықтан) таңдауды, кадрларды іріктеуді, орналастыруды, қаржылық, шаруашылық және өзге де қызметтерді дербес жүргізеді.
62. Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын негізге ала отырып жоспарланады.
63. Теориялық сабақтар арнайы жабдықталған сыныптарда (кабинеттерде) өткізіледі.
64. Меңгерілген оқу материалдарының сапасын және әрбір оқушы мен тұтастай алғанда оқу тобының білімін бағалау үшін оқу ұйымында кеме жүргізу бойынша қорытынды теориялық емтихандар мен сынақ жүргізіледі. Барлық өткен оқу пәндері бойынша жақсы баға алған тұлғалар Комитеттің аумақтық органдарына аттестаттауға жіберіледі.
65. Теориялық емтихан тапсыра алмаған оқушылар практикалық кеме жүргізу бойынша сынақты тапсыруға жіберілмейді.
66. Қорытынды емтихан тапсырған адамдарға шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің курстарын бітіргені туралы куәлік (анықтама) беріледі.
67. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курсты бітіргені туралы куәлік (анықтама) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін құжаттар болып табылмайды және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік алуға аттестаттаудан өту үшін Комитеттің аумақтық органдарына беріледі.
68. Оқу ұйымдарында оқу жоспарларын, бағдарламаларды іске асыру және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау мен қайта даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқуды оқу сыныптарында (кабинеттерінде), оқытудың техникалық құралдары, оқыту және көрнекі құралдардың көмегімен жүргізеді.
69. Тақырыптарды зерделеген кезде плакаттар, макеттер, бейне техника қолданылады.
11. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы
70. Нақты бағдарламаларды, тақырыптық және жұмыс жоспарларын жасау кезінде әзірлеушілер топ дайындалатын кемелердің үлгісіне бағдарланады.
71. Шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдысын пысықтауға бөлінетін сағат санын оқу ұйымы оқушының шағын көлемді кемені басқаруға жеке дайындығына байланысты белгілейді.
Оқу нәтижесінде кеме жүргізушісі мынадай пәндер бойынша білім алады:
1) шағын көлемді кемелердің жіктелуі және кеме теориясының негіздері;
3) шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүзу қабілеті және маневрлік қасиеттері;
4) кемедегі құрылғылар, жүйелер және жабдықтар (құтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдар);
5) кемелерге қызмет көрсету мен оларды жөндеу (такелаждық және сырлау жұмыстары);
6) іштен жанатын қозғалтқыштардың сыныпталуы (қысқаша техникалық сипаттамасы, шағын көлемді кемелерде қолданылуы);
7) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары, сыныпталуы мен қағидаттық құрылысы;
8) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштарына қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
9) шағын көлемді кемелердің сыныпталуы, құрылысы және желкенді жабдықтары;
10) желкенді кемені басқару техникасының негізі, оған қызмет көрсету және жүзудің кауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары;
12) су жолдарының жалпы сипаттамасы мен оған қысқаша шолу;
13) гидрометеорологияның негіздері, ішкі кеме жүзу жолдарының лоциялары;
14) ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы;
15) теңіз навигациясының негіздері мен теңіздердің лоциясы, теңіздердің навигациялық жабдықтарының құралдары (НЖҚ);
16) кемелердің теңізде соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары;
17) шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізудің әдістері мен күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жүзу кезінде басқару ерекшеліктері;
18) алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетудің негіздері.
72. Осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес үлгілік бағдарламада шағын көлемді кемелердің жүзу аудандары бойынша оқу сағаттары көрсетілген.
Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау қағидасына
1-қосымша
Фотосуретке арналған орын
М.О.
Кеме жүргізушісінің жеке карточкасы
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі Көліктік
бақылау комитетінің
__________ облысы (қаласы) бойынша
аумақтық органының басшысы
__________________________________
(Т.А.Ә.)
__________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, ЖСН)
Маған______________________________________________ауданында
(жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК, ТЖ және ІСЖ көрсету керек)
__________________________________________________________________
(шағын көлемді кеменің үлгісін (үлгілерін) көрсету керек: катер, мотоқайық, желкенді, гидроцикл)
басқару құқығына куәлік беруді сұраймын.
Жүзу (білемін/білмеймін) _______________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1. ____________________________________
2. ____________________________________
3. ____________________________________
4. ____________________________________.
Мекенжайы, байланыс телефондары (факс)
__________________________________________________________
20 ____ ж. «___» ___________ _____________________________
(өтініш берушінің қолы)
Пәндердің және жүзу аудандарының атауы
|
Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ)
|
Емтихан қабылдау күні
|
Ескертпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары
|
|
|
|
|
|
|
ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары
|
|
|
|
|
|
|
ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су айдындары
|
|
|
|
|
|
|
ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары
|
|
|
|
|
|
|
_______________________________________________________________
(кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
__________________________________________________________________
(кеме (кемелер) үлгісі, желкендердің ауданы)
басқару құқығына емтихан тапсырылды
Жүзу ауданында (аудандарында)_______________________________
20__ж. «__» _____________
Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидасына
2-қосымша
Емтихан комиссиясы отырысының 20__ ж.«___»___________________________
№____хаттамасы_____________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органының атауы)
Тераға___________________________Хатшы_______________________________
Комиссия мүшелері____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жүмыстың басталуы_.___сағ.__.мин. Жұмыстың аяқталуы ___сағ.__ мин.
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Туылған күні | Емтихан жұмысының түрі | Емтихан нәтижесі (тестілеу әңгімелесу | Берілді |
Жүзу ауданы | Кеменің үлгісі |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Төраға_______________________________________________________________
Комиссия мүшелері____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
М.О. Хатшы__________________________________________
Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидасына
3-қосымша
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік
Удостоверение на право управления маломерным судном
(алдыңғы беті ) (артқы беті)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік Удостоверение на право управления маломерным судном Фотосуретке арналған орын/ Место для фотографии | Тегі/ Фамилия ___________________________ Аты / Имя _______________________________ Әкесінің аты/Отчество ___________________ Туған жылы, ай-күні/ Дата рождения ___________________________ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің ______________ облысы (қаласы) бойынша «_________» Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы берді/Выдано территориальным органом Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан _________________________ (лауазымды тұлғаның қолы/подпись должностного лица) 20__ж./г. «___» __________ (айы/месяц) М.О. М.П. № серия | ҚАЗАҚСТАН КАЗАХСТАН |
Басқаруға рұқсат берілген кемелердің санаты/ Категория судов, которыми разрешено управлять | Рұқсат беретін белгілер/ Разрешающие отметки |
гидроцикл/ гидроцикл | |
мотоқайық/ мотолодка | |
катер/ катер | |
| |
Желкендердің ауданы: желкенді кеме/ парусное судно с площадью парусов | до 12 ш/м (кв.м) дейін | |
до 22 ш/м (кв.м) дейін | |
до 60 ш/м (кв.м) дейін | |
более 60 ш/м (кв.м) артық | |
Жүзу үшін рұқсат етілген аудан/ Разрешенный для плавания район | ТЖ/МП | |
ІСЖ/ВВП | |
ІСЖӨ/ВВПР және/ и ІСЖК/ВВПО | |
ТЖ/МП және/ и ІСЖ/ВВП | |
Айрықша белгілер/ Особые отметки № серия |
Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидасына
4-қосымша
«55 кВт және одан да артық теңізде серуендеу кемесі
55 кВт және одан да артық теңізде серуендеу кемесі |
Мөртабан ұзындығы - 17 мм.
Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидасына
5-қосымша
Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер беруді есепке алу журналының нысаны
№ | Құжаттың атауы | Құжаттың сериясы және нөмірі | Тегі аты әкесінің аты | Туылған күні | Үй мекен-жайы | Хаттама | Берілді | Берілген күні | Алғаны туралы қолтаңба |
№ | Күні | Жүз ауданы | Кеме үлгісі |
1 | Куәлік | | | | | | | | | | |
2 | Куәлік | | | | | | | | | | |
3 | Куәлік | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау қағидасына
5-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі Көліктік
бақылау комитетінің
__________ облысы (қаласы) бойынша
аумақтық органының басшысы
__________________________________
(Т.А.Ә.)
__________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, ЖСН, үйінің мекенжайы,
байланыс телефоны)
Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын.
20__жылғы «__» ________ өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік мынадай мән-жайларда жоғалған: ____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1. ____________________________;
2. ____________________________.
20 ____ жылғы «___» ___________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидасына
6-қосымша
Шағын көлемді кемелерді жүргізушілерді даярлау жөніндегі үлгілік бағдарлама
р/с № | Бөлімдер мен тақырыптардың атауы | Жүзу аудандарына арналған оқу сағаттарының саны |
ТЖ | КСІСЖ | ІСЖӨ, ІСЖК | ТЖ, КСІСЖ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Кемелер теориясының негіздері және шағын көлемді кеменің құрылысы |
1 | Шағын көлемді кемелерді сыныптау және кеме теориясының негіздері. Кемелердің құрылысы. Корпус | 4 | 4 | 4 | 4 |
2 | Шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүру және маневрлік қасиеттері | 10 | 8 | 4 | 10 |
3 | Кеме кұрылғылары, жүйелер мен жабдықтау. Кұтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдар | 6 | 4 | 4 | 6 |
4 | Кемелерге қызмет көрсету және оларды жөндеу. Такелаж және бояу жұмыстары | 4 | 2 | 2 | 4 |
2. Кеме қозғалтқыштары мен қозғаушылары, оларды пайдалану. Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары |
5 | Шағын көлемді кемелерде қолданылатын іштен жанатын қозғалтқыштардың үлгілері | 4 | 2 | 2 | 4 |
6 | Шағын көлемді кемелердің қозғаушылары, жіктелуі мен қағидаттық құрылысы | 4 | 2 | 2 | 4 |
7 | Шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары мен қозғаушыларына техникалық қызмет көрсету. Қауіпсіздік шаралары | 4 | 2 | 2 | 4 |
8 | Желкенді шағын көлемді кемелердің жіктелуі, құрылысы және желкенмен жабдықталуы | 4 | 4 | 2 | 4 |
9 | Желкенді кемені басқару техникасының негіздері, оған қызмет көрсету және жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету | 6 | 6 | 4 | 6 |
10 | Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары | 6 | 6 | 4 | 6 |
3. Кеме жүргізу |
11 | Су жолдарының жалпы сипаттамасы және оларға қысқаша шолу | 6 | 6 | 4 | 6 |
12 | Гидрометеорология негіздері. Ішкі кеме журетін жолдардың лоциясы | 4 | 4 | 4 | 4 |
13 | Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы | 6 | 12 | 4 | 12 |
14 | Теңіз навигациясының негіздері және теңіздер лоциясы | 14 | 1 | 1 | 14 |
15 | Теңіздердің навигациялық жабдық құралдары (НЖҚ) | 6 | 1 | 1 | 6 |
16 | Кемелердің теңізде соқтығысуын болдырмаудың халықаралық қағидасы | 8 | 1 | 1 | 8 |
17 | Шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізу әдістері. Күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда басқару ерекшеліктері | 4 | 4 | 4 | 4 |
4. Су қоймаларында жүзу қауіпсіздігін,құқық қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету |
18 | Суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидасы мен әдістері | 4 | 4 | 4 | 4 |
19 | Шағын көлемді кемелерді және олардың тұруына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы. Кеме жүргізушінің әкімшілік жауапкершілігі | 4 | 4 | 4 | 4 |
Барлығы | 108 | 77 | 57 | 114 |