"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5223 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 189 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.10.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 5 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4408 тіркелген, 2006 жылдың 20 қазанындағы N 254-255 (24508) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Даму департаменті:
1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бұйрықтың күшіне енуіне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған бағалы қағаздар осы бұйрықпен бекітілген бағалы қағаздардың тиісті листингілік санаттарына осы бұйрықтың күшіне енген күннен бастап бір ай өткеннен кейін аударылуы тиіс.
7. Осы бұйрық қосымшасының 8-12 тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келмейтін, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына аударылатын болады.
8. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне тек осы бұйрық қосымшасының 8, 9 және 12-тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар ғана қосылатын болады.
Осы бұйрық қосымшасының 10, 11 тармақтарына сәйкес 2009 жылғы 31 желтоқсанына дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар өтеу күніне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің тиісті санатында қалатын болады.
8-тармаққа өзгеріc енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 03.08.2010 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.
Төраға А. Арыстанов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің төрағасы
________________ Е. Бахмутова
2008 жылғы 14 мамыр
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына қосымша
Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар
Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар (әрі қарай - Талаптар) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (әрі қарай - қаржы орталығы) арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
3) борыштық бағалы қағаз - иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;
4) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) индекстік қор - активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретіндерге ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
6) индекстің өкілдік тізімі – өлшемдері қор биржасының қандай да болмасын индикаторын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;
7) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
8) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімі - енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің Талаптарда белгіленген шарттарға сәйкес келетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізімі;
9) қаржылық емес ұйым - қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;
10) листингтік компания - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;
11) маркет-мейкер - қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
12) ресми тізім секторы – осы секторға белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бөлігі;
13) рұқсат беру бастамашысы - бастамасымен бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қаржы орталығының қатысушысы (қор биржасының мүшесі);
14) сауда алаңы - қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;
15) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
16) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспары не «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдерінің кешені.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2012 № 332 (24.08.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
2. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Нарық туралы заң) және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, оның ішінде базалық активі Нарық туралы заңға және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (жіберіледі).
Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының айналымына, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (жіберілген) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары жіберіледі.
Ресми тізімі мынадай секторлардан тұрады:
1) акциялар;
2) борыштық бағалы қағаздар;