Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1332 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (21.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 21.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, орталық, жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңеспен бірлесіп, Тұжырымдамада көзделген ережелерді іске асыру жөнінде мынадай қажетті шаралар қабылдасын:
1) осы қаулы қабылданған сәттен бастап төрт ай мерзімде белгіленген тәртіппен көрсетілген Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде келісілген іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Үкіметке енгізсін;
2) тиісті шешімдер мен бағдарламалық және жоспарлы құжаттарды әзірлеу кезінде осы Тұжырымдама басшылыққа алынсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1332 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мәтіндегі "Самғау" АҚ" сөздер "Зерде" АҚ" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 21.11.2008. № 1080 Қаулысымен. (28.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Астана, 2007 жыл
Мазмұны
Кіріспе
1. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау
2. Миссия, көкжиек, мақсат пен басымдықтар
Бірінші басымдық. Бәсекеге қабілетті ментальділік.
Екінші басымдық. Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта.
Үшінші басымдық. Инновациялық және технологиялық.
Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілері.
Бесінші басымдық. Тиімді бизнес
Алтыншы басымдық. Орнықты даму, халық тұрмысының жоғары сапасы, қазіргі заманғы білім беру жүйесі.
3. Тұжырымдаманы іске асыру тетігі.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет үшін елдің ішкі және сыртқы саясатының 30 аса маңызды бағытын іске асыру және Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің біртұтас тұжырымдамасын қалыптастыру қажеттілігі айқындалды.
Бұл қазіргі заманның ерекшелігімен байланысты және әлемде экономиканың бәсекеге қабілеттілігі деңгейінің "көрнекі бетпердесі" ретінде көрсетілетін жаңа халықаралық экономикалық нақтылықты жасаумен сипатталады.
Оның үстіне елдің бәсекеге қабілеттілігі - кез келген елдің дамуы үшін қағидатты мәселе, өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің бірден-бір объективті өлшемі болып табылады.
Осындай міндетті шешу бәсекеге қабілеттілік рейтингінде белгілі бір дәрежені қағаз жүзінде иеленумен емес, қазақстандық қоғам өмірінің кең ауқымды бағыты бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізу болып табылады.
Сондықтан да Қазақстанның алдына әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену және орнығу өршіл міндеті қойылып отыр.
Әлемдік тәжірибе ұлттық экономика дамуын бағалаудың көптеген әр түрлі әдістерін көрсетті және Қазақстанның өзін-өзі бағалау үшін осы әрі басқа әдістемені таңдауы нақты әдіске шоғырланбауы тиіс.
Осыған байланысты Тұжырымдаманы іске асыру қолда бар әдістемелерді біріктіруді және елдің өзіндік бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін кейіннен қалыптастыруды кезең-кезеңімен қамтамасыз етуі тиіс.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекет, бизнес қоғамдастығы мен қоғамдық сектор арасында елдің нақ бәсекеге қабілеті өсімі аясындағы келісілген стратегиялық және тактикалық іс-қимылдарды ұйымдастыру, оған жәрдемдесу және оны қамтамасыз ету болып табылады.
Тұтастай алғанда, Тұжырымдама үдемелі экспорттық саясат, тұрақты дамуға, білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшу, сондай-ақ елдің озық дамуына кедергі болатын бар және келешектегі қауіптерді болдырмау, бейтараптандыру не жою есебінен Қазақстанның өз нарықтық кеңістігін ұлғайту көмегімен ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге бағытталған.
Тұжырымдаманың басымдықтары жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан (Дүниежүзілік экономикалық форумның әдістемесінде қолданылатын тәсілдерді ғана емес, сондай-ақ бірқатар басқа рейтингтік агенттіктердің әдістемелерін пайдалану), әлемдегі қолданылатын елдердің бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту мәселелері бөлігінде жүйелі тәсілдерді ескере отырып, сондай-ақ қоғамдық пікірде жиі қолданылатын Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда проблемалық мәселелер жөніндегі АВС-талдау әдістерін қолдана отырып (БАҚ материалдарын, зерттеу есептер мен басқа материалдарды зерделеу нәтижесінде алынған 60-тан астам проблемалар талданған болатын) Қазақстанның жағдайына талдау нәтижесі негізінде анықталған болатын.
1. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау
Жаһандану Қазақстан қоғамында болып жатқан барлық процестерге дерлік біртіндеп әсер етуде. Кезең-кезеңімен еркін сауда саясатын жылжыту жүзеге асырылуда. Бірқатар секторлардың өндірістерін трансұлттық ету процесі күшейіп отыр. Қазақстанның ақпарат кеңістігі бірыңғай ақпараттық кеңістікке барынша кірігуде.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Шағын ішкі нарығы бар және әлемдік нарыққа қол жеткізуге мұқтаж ел үшін ашық сауда саясатының объективті қажеттігі анық.
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттіліктері мен әлемдік қоғамдастыққа кірігу мәселелеріне басты назар аударылып отыр.
Американдық Heritage Foundation зерттеу қоры The Wall Street Journal-мен бірлесе отырып ұдайы жариялайтын экономикалық еркіндік рейтингінің деректеріне сәйкес республика өзінің көрсеткіштерін тұрақты түрде жақсартуда. Мәселен, Index of Economic Freedom шеңберінде 2005 жылы Қазақстан 131-орынды, Index of Economic Freedom 2006 жылы - 113-орынды, Index of Economic Freedom 2007 жылы - 75-орынды иеленді. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі елдер арасында Index of Economic Freedom рейтингіне сәйкес 2007 жылы мынадай көрініс орын алған болатын: Эстония - 12-орын, Литва - 22-орын, Армения - 32-орын, Грузия - 35-орын, Латвия - 41-орын, Қырғызстан - 79-орын, Молдавия - 81-орын, Тәжікстан - 98-орын, Әзербайжан - 107-орын, Ресей - 120-орын, Украина - 125-орын, Өзбекстан - 132-орын, Белоруссия - 145-орын, Түркіменстан - 152-орын.
Сонымен бірге Қазақстан "АТ Kearney" рейтингіне сәйкес барынша инвестициялық тартымды 25 елдің тізіміне кірген.
2007 жылы салық төлемдерінің қарапайымдылық дәрежесін көрсететін Дүниежүзілік банктің рейтингінде Қазақстан әлемнің 178-елдері ішінде 44-орынды иеленді. 2006 жылы еліміз 66-орынды иеленді. Дүниежүзілік банктің баяндамасында 2006 - 2007 жылдары салықтардың төленуін жеңілдеткен реформатор-елдерінің қатарына кіруі атап көрсетілген, бірақ реформалар әлі де қажет. Салық төлеушілердің салықтық әкімшілендіру мен дауларды шешу салаларында елеулі проблемалармен бетпе-бет келуі жалғасуда.
Жалпы алғанда, бәсекеге қабілеттіліктің (және бәсекеге қабілетсіздік) аспектілерін қарай келіп, мыналарды назарға алу қажет.
Қазақстанның танымал бәсекелі басымдықтарының қатарына қолайлы геостратегиялық орналасу орны мен бай, табиғи минералдық-шикізат ресурстары, сондай-ақ саяси тұрақтылық, макроэкономикалық теңгерімділік, капиталдың жоғары деңгейде ағылуы, бизнес бастамаларға жәрдемдесу жатады.
Әзірше ірі пайдалы қазба қорларының болуы Қазақстанның ең қомақты салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып қалуда. Қазақстан осы артықшылықты тірек ете отырып, ұлттық экономикадағы дағдарысты еңсерді, экономикалық өсуді қамтамасыз етті, бірқатар маңызды экономикалық реформалар жүргізді.
Алайда, жаһанданудың тегеуірінді талаптары мен республиканың жалпыәлемдік процестерге жылдам енуі экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігінің танымал проблемаларын шиеленістіріп отыр. Экономика шикізат ресурстары нарығындағы конъюнктураларға тәуелді. Өңдеу өнеркәсібі баяу қарқынмен дамуда және жаңартылуда. Шетелдік инвестициялардың негізгі бөлігі өндіруші өнеркәсіпке жіберіледі, бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпке салынатын барлық инвестициялардың 4 % ғана бағытталды. ЖІӨ-нің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2003 жылы 14,2 %-дан 2005 жылы 12 %-ға дейін, 2006 жылдың қорытындылары бойынша 11,6 %-ға дейін, ал өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 2003 жылы 48,3 %-дан 2006 жылғы 39,3 %-ға дейін төмендеді. Кәсіпорындардың айтарлықтай техникалық және технологиялық артта қалушылығы байқалуда. Отандық өнімнің негізгі бөлігінің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік нарықта ғана емес ішкі нарықта да төмен болып қалып отыр. Ғылымның даму деңгейі айтарлықтай емес және өндірістен мүлдем қол үзген дерлік.
Осы және басқа да проблемалардың орын алуын Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 2006 - 2007 және 2007 - 2008 жылдардағы есебінің нәтижелері растайды. ДЭФ-ның есептеріне сәйкес орнықты өсу мен жоғарғы деңгейін өнімділіктің жоғары даму деңгейіне қол жеткізген елдер ғана қамтамасыз ете алды. Өнімділік сапалы бизнес орта мен аса жетілген (білікті) бизнес сияқты екі өзара байланысты құрамдас элементтерден тұратын микроэкономикалық деңгейдегі экономиканың мүмкіндіктеріне тәуелді.
ДЭФ-тің соңғы есебіне сәйкес Қазақстанда тиімділіктің базалық талаптары мен факторлары бойынша 9-тармаққа, инновациялық факторлар бойынша 11-тармаққа ел рейтингінің төмендеуі байқалып отыр.
Бағаланатын елдер санының 125-тен 131-ге артуы, сондай-ақ әдістеменің түрленуі осы және де өткен жылдардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінің есептерінде көрініс тапты. Мәселен, 2006 жылы 56-орынды иеленген Қазақстан, жаңа үлгімен есептеуде 2006 жылы - 50-орынды, 2007 жылы 61-орынды иеленді.
Бағалау моделіндегі (9-факторлы модельден 12-факторлыға өту) және орташа салмақтар схемасындағы өзгерістер өз рөлін атқарды. 2007 жылы бағалауға тауарлар нарығының тиімділігі, еңбек нарығының тиімділігі, қаржы нарықтарының дамуы үшін жағдайлар, сондай-ақ нарық көлемдері қосымша бағалауға ұшырай бастады. Сонымен бірге сауалнама деректерін өңдеу жүйесіне де өзгерістер енгізілген болатын, мұнда "жылжымалы орташа" жаңа әдістемесі бойынша Қазақстан мен басқа да елдердің қорытынды рейтингіне елеулі әсер ететін 1.5:1.0 қатынасында 2007 жыл және 2006 жыл нәтижелерінің орташа өлшенген мөлшерлері қолданылды.