Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен жәнә уытқұмарлықпен ауырады деп тану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы N 808 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5952 болып енгізілді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 132-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы N 808 бұйрығымен бекітілген
Адамды маскүнемдікпен, нашақорлыкпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану ережесі