• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгі құрылымын бекiту туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 28.11.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгі құрылымын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң  58-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi: 
1) жергілiктi мемлекеттiк басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн; 
2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын.
3. Орталық мемлекеттiк органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 3-тармақты қоспағанда 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 4 қазандағы
 N 1022 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi
 мемлекеттік басқару үлгi құрылымы
Құрылым жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 20.03.2008 № 276, өзгертілді - 30.07.2008. № 720 Қаулыларымен. (20.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Облыстық әкімдік
1. Облыс әкімінің аппараты 
2. Сәулет және қала құрылысы басқармасы 
3. Ішкі саясат басқармасы 
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы 
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау            басқармасы 
6. Денсаулық сақтау басқармасы 
7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар            басқармасы 
8. Мәдениет басқармасы 
9. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен            дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру            басқармасы 
10. Білім басқармасы 
11. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 
12. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы