• Мое избранное
"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 341 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ  АУЛЫ ЕТЕДІ:  
"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің 
 ЖАРЛЫҒЫ Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені 
 бекіту туралы 
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:  
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін. 
2. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1426 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 400-құжат) күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті                                    Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2009 жылғы "__"_______
 N ____ Жарлығымен
 бекітілген
Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже 1. Жалпы ережелер 
1. Осы Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қызметін реттейді. 
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.
2. Комиссия қызметінің мақсаты 
3. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу комиссия қызметінің негізгі мақсаттары болып табылады.
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары 
4. Комиссияның негізгі міндеттері: 
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
2) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу; 
4) республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу; 
6) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады. 
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және: 
мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің үш жылға арналған болжамдарын; 
бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын; 
бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын; 
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты; 
объектілер бөлінісінде республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесін; 
объектілер бөлінісінде жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін; 
дамуға нысаналы трансферттер мен жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредит беру есебінен қаржыландырылатын, жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін; 
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды; 
бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері мен тетіктерін; 
республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған және республикалық бюджеттен дамуға нысаналы трансферттер мен кредиттерді көздейтін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін айқындайды; 
2) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды 
және: 
республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамдары; 
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы; 
бюджеттік мониторинг нәтижелері мен жүргізілген бағалау нәтижелері; 
орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстары; 
стратегиялық жоспарлар жобаларымен өзара байланыста жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары; 
орталық мемлекеттік органдардың байланыстырылған гранттарды тартуға арналған өтінімдерінің тізбесі; 
жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы; 
республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе кірістерінің азаюын көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобалары; 
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жасаған  төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін бағдарламалардың тізбесі мен көлемі; 
республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі; 
республикалық бюджетті секвестрлеу және түзету; 
мемлекеттік қызмет көрсетулер мен мемлекеттік тапсырма нысанында орындауға жоспарланған инвестициялық жобалардың тізбесі; 
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау; 
бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның арасындағы келіспеушіліктерді реттеу бойынша ұсыныстар әзірлейді; 
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
4. Комиссияның құқықтары 
6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес: 
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға; 
2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге; 
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдар сұратуға және оларды алуға; 
4) комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшыларын, ал олар болмағанда - бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 
5) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін тақырыптық блоктар бойынша кіші комиссиялар құруға құқылы.
5. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі 
7. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. 
8. Комиссия құрамына: 
1) комиссия төрағасы; 
2) комиссия төрағасының орынбасарлары; 
3) комиссия хатшысы; 
4) комиссия мүшелері кіреді. 
9. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын ол тағайындаған комиссия төрағасының орынбасары орындайды. 
10. Комиссия хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды. 
11. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ. 
12. Жұмыстың жоспар-кестесін комиссия белгілейді. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу кезеңінде комиссия жұмысының жоспар-кестесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін республикалық бюджет және төтенше мемлекеттік бюджет жобаларын әзірлеу ережелерінде айқындалған мерзімдерге сәйкес белгіленеді. 
13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы, сондай-ақ комиссия мүшелеріне сауал қою жолымен қабылданады және егер, олар үшін комиссияның қатысушы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. 
14. Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындылары көрсетіле  отырып, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындайтын жағдайларда комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды. Комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделіп, оған төраға мен хатшы қол қояды. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқығы бар, ол отырыстың хаттамасына қоса тігіледі. 
15. Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында ол қабылдаған шешімдерді барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарауға және көрсетілген мерзімде орындауға тиіс. 
16. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган комиссияның жұмыс органы болып табылады. 
17. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін комиссияның жұмыс органы шешеді. 
18. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды комиссия мүшелеріне тарату, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінді көшірмелер жіберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы  Ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.
6. Комиссияның қызметін тоқтату 
19. Қазақстан Республикасы Президентінің комиссия қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады. 
20. Осы ереженің 19-тармағында көрсетілген, комиссияның қызметін тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлар туындаған кезде комиссия Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған жұмыс туралы есеп-хат жібереді.