Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1398 Қаулысы
Редакция 16.01.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1398 қаулысымен бекітілген
"Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігі туралы" техникалық регламент (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін және Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы, " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 желтоқсандағы, " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, " Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы техникалық регламенттің талаптары техникалық реттеу объектілері болып табылатын мына лак-бояу материалдары мен еріткіштерге: Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін лактар, бояулар, эмальдар, тығыздағыштар, бітегіштер, еріткіштер мен олардың қалдықтарына қолданылады. Техникалық реттеу объектілерінің тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада белгіленген.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) химиялық зат - табиғатта өндірілген немесе өнеркәсіптік жолмен алынған химиялық қосылыс немесе химиялық қосылыстар қоспасы;
2) зиянды химиялық зат - қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда адам организмімен жанасу кезінде жұмыс кезеңінде де қазіргі және одан кейінгі ұрпақ өмірінің барынша ұзақ мерзімінде де қазіргі заманғы әдістермен анықталатын жарақаттар, аурулар немесе денсаулық жағдайының ауытқуын, ауру тудыруы мүмкін химиялық зат;
3) лак-бояу материалы - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғаушы, әсемдік немесе арнайы техникалық қасиеттері бар лак-бояу жабынын түзетін сұйық паста немесе ұнтақ түріндегі химиялық заттар қоспасы;
4) еріткіш - лак-бояу материалы құрамына кіретін және оның тұтқырлығын реттеу, пигментті еріту және/немесе материал бөлшектерін байланыстыру үшін қолданылатын сұйықтық түріндегі химиялық зат немесе химиялық заттар қоспасы;
5) су қосатын лак-бояу материалы - еріткіші су болып табылатын, тұтқырлығы суды қолданумен реттелетін лак-бояу материалы;
6) су-дисперсиялық лак-бояу материалы - су органикалық дисперсиялар жөніндегі лак-бояу материалы;
7) органикалық еритін лак-бояу материалы - еріткіші органикалық зат болып табылатын, тұтқырлығы органикалық еріткішті қолданумен реттелетін лак-бояу материалы;
8) ұнтақты лак-бояу материалы - құрамында еріткіш жоқ, ұнтақ түріндегі лак-бояу материалы;
9) лак - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін мөлдір лак-бояу жабынын түзетін лак-бояу материалы;
10) бояу - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін жартылай мөлдір немесе мөлдір емес лак-бояу жабынын түзетін, өсімдік майлары немесе полимерлер жөніндегі лак-бояу материалы;
11) эмаль - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғаушы-әсемдік мөлдір емес лак-бояу жабынын түзетін лак-бояу материалы;
12) бітегіш - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғайтын лак-бояу жабынын түзетін лак-бояу материалы;
13) тығыздағыш - үстіңгі бетті түзеу үшін қолданылатын, сұйық немесе паста түріндегі лак-бояу материалы;
14) лак-бояу материалына арналған жылдамдатқыш - лак-бояу материалына енгізген кезде оның кебу процесін тездететін химиялық зат;
15) лак-бояу материалына арналған қатайтқыш - лак-бояу материалымен өзара әрекеттесетін және оның кебуін қамтамасыз ететін химиялық зат;
16) лак-бояу материалына арналған сиккатив - ауа оттегісінің қатысуымен лак-бояу материалымен өзара әрекеттесетін және оның кебуін қамтамасыз ететін химиялық зат;
17) химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты - химиялық өнімнің сипаттамалары және онымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер қамтылған құжат;
18) лак-бояу материалдары мен еріткіштердің жарылыс қауіпсіздігі - ол кезде жарылыс мүмкіндігін болдырмайтын немесе ол туындаған жағдайда жарылыстан пайда болған қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсерін болдырмайтын және мүлікті сақтау қамтамасыз етілетін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану, олардың қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою процестерінің жай-күйі;
19) өрт қауіпсіздігі - ол кезде өрттің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын немесе ол туындаған жағдайда өрттен пайда болған қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсерін болдырмайтын және мүлікті сақтау қамтамасыз етілетін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сақтау, тасымалдау, іске асыру, қолдану, олардың қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою процестерінің жай-күйі;
20) лак-бояу материалдары мен еріткіштердің химиялық қауіпсіздігі - лак-бояу материалдары мен еріткіштердің адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктерге зиянды әсерінің болмауы;
21) шектік рұқсат етілетін концентрация - ұзақ уақыт бойы күнделікті әсер ету кезінде адам организміне зиянды әсер етпейтін қазіргі заманғы зерттеу әдістерімен табылатын, көлем бірлігіндегі зиянды химиялық заттың ең үлкен мөлшері; ол қоршаған ортаның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын (жұмыс аймағының және елді мекендердің ауасын, су объектілері мен топырақты) бағалау кезінде гигиеналық өлшем болып табылады;
22) лак-бояу материалындағы және еріткіштегі ұшпа органикалық қосылыс - лак-бояу материалында бар, атмосфераның температурасы мен қысымының белгілі бір мәндерінде өздігінен буланатын химиялық зат;
23) ұшпа органикалық қосылыстардың болуы - литрге граммен көрсетілетін (г/л) ұшпа органикалық қосылыстардың салмағы;
24) лак-бояу материалы мен еріткіштің уыттылығы - лак-бояу материалы мен еріткішінің құрамына кіретін химиялық заттарға іштей тән, тірі организммен байланысқа түскен кезде ғана пайда болатын химиялық заттардың зиянды әсер көрсету қабілетін сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы;
25) сенсибилизациялайтын әсер - адам организмінің химиялық заттар әсеріне жоғарғы сезімталдығы құбылысымен пайда болған және аллергиялық аурулардың дамуына әкелетін әрі қоршаған ортаға зиянды әсер тигізетін әсер;
26) мутагенді әсер - химиялық заттардың адамдарда, жануарларда, өсімдіктерде генетикалық деңгейде өзгерістер тудыратын қабілеті;
27) канцерогенді әсер - химиялық заттардың адам организміне әсер еткен кезде қатерлі ісік немесе қатерсіз ісік тудыратын қабілеті;
28) эмбриотроптық әсер - химиялық заттардың адамның, жануарлардың және өсімдіктер тұқымы эмбрионының өлуін тудыратын қабілеті;
29) гонадотроптық әсер - химиялық заттардың адамның, жануарлардың және өсімдіктердің ұрпақтану функциясына және өсімдіктерге зиянды әсер ету қабілеті;
30) тератогендік әсер - химиялық заттардың адам ұрығын ауытқушылық пен даму кемшіліктерін тудыра отырып, оны жоюды тудыратын және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін қабілеті;
31) кумулятивтілік - химиялық заттардың жиналу және адам организміне жиынтық зиянды әсер ету қабілеті;
32) қалдықтар - тұтыну процесінде пайда болған лак-бояу материалдары мен еріткіштерінің қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан лак-бояу материалдары мен еріткіштер;
33) лак-бояу материалының және (немесе) еріткіштің қалдықтарын кәдеге жарату - өтініш берушінің немесе тұтынушының лак-бояу материалының және (немесе) еріткіштің қалдықтарын пайдаланумен немесе қайта өңдеумен байланысты қызметі;
34) лак-бояу материалының және еріткіштердің қалдықтарын жою - өтініш берушінің немесе тұтынушының лак-бояу материалы қалдықтарын жоюмен немесе көмумен байланысты қызметі;
35) орама - лак-бояу материалын және еріткіштерді зақымдалудан және шығындалудан, ал қоршаған ортаны зиянды химиялық заттармен ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін тұтынушылық немесе көліктік ыдыс;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |