Toggle Dropdown
1
Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 165 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3700
Toggle Dropdown
Редакция 01.02.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының, 3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына, "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ережесінің 15-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Ұсынылып отырған клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Toggle Dropdown
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 28 мамырдағы
N 265 қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ереже
Toggle Dropdown
1. Осы ереже клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі тәртібін, нысанын және мерзімін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Инвестициялық портфельді басқарушы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қағаз және электронды тасымалдағышта есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын мыналарға:
Toggle Dropdown
өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін Клиенттер (активтері инвестициялық басқарудағы әр клиенттер бөлігінде) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ереженің 1, 2 (1, 2-нысандарды), 3, 4-қосымшаларына сәйкес;
Toggle Dropdown
есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына (3, 4, 5-насандарды) сәйкес есепті береді.
Toggle Dropdown
3. Қағазға шығарылып жасалған, басшы, бас бухгалтер қол қойған және инвестициялық портфельді басқарушылардың мөрі басылған есептерге еркін нысанда жасалған ілеспе хат қоса беріледі.
Toggle Dropdown
4. Электронды нысанда жасалған есептер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
Toggle Dropdown
5. Есептердің барлық беттері нөмірленеді, беттердің жалпы саны ілеспе хат уәкілетті органға жіберілген кезде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Ұсынылған есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда инвестициялық портфельді басқарушылар уәкілетті органға өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізу қажеттігін түсіндіре отырып, есептің түзетілген нұсқасын береді.
Toggle Dropdown
7. Уәкілетті орган есепті қарау кезінде инвестициялық портфельді басқарушылардан есепте көрсетілген ақпаратты тексеруге қажет болған мәліметтер мен құжаттарды сұратады.
Toggle Dropdown
8. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.
Toggle Dropdown
Клиенттер мен инвестициялық
портфельді басқарушылардың
меншікті активтерін
инвестициялау туралы жасалған
мәмілелердің есебін ұсыну
жөніндегі ережеге 1 қосымша
Toggle Dropdown
_______________ бастап __________________ кезең аралығында
Toggle Dropdown
Активтерді инвестициялау жөнінде жасалған мәмілелер туралы
ЕСЕП
Toggle Dropdown
[Клиенттің ілік септігіндегі атауы]
Toggle Dropdown
[Инвестициялық портфельді басқарушының ілік септігіндегі атауы]
Toggle Dropdown
1-нысан. КЛИЕНТТЕР АКТИВТЕРІ ЕСЕБІНЕН
САТЫП АЛЫНҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
Toggle Dropdown
| N | Мәміле жасалған күн | Бро- кердің/ дилердің атауы | Қызметке төлем жасау | Мәмі- ленің түрі | На- рық 2 | Бағалы қағаз- дың түрі және оның эмитен- тінің 3 атауы |
Бро- кер- дилер | банк- тің | бир- жа- ның |
| | | | | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Ұлт- тық біре- гей- лен- діру нө- мірі | Номи- налдық құнды валюта (орна- лас- тыру баға- сы) 4 | Бір бағалы қағаз- дың номи- налды құны (орна- лас- тыру баға- сы) | Мә- міле кө- лемі (ба- ғалы қа- ғаз- дың дана- сы) | Тө- лем ва- лю- та- сы 4 | Бір ба- ғалы қа- ғаз- дың сатып алу баға- сы 5 | Бағалы қағаз бо- йынша кіріс- тілік (про- цент- пен) 6 | Мә- міле сома- сы 7 |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
1 Мәміле түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу және басқалар).
Toggle Dropdown
2 сауда жүйесінде мәміле жасаған не мәмілені ұйымдастырылмаған нарықта жасаған сауда-саттық ұйымдастырушысы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3 эмитенттің атауы және бағалы қағаздар түрі көрсетіледі. Мәміледе халықаралық нарықта жасалған жағдайда REUTER жіктеуі бойынша сауда кодтары пайдаланылады.
Toggle Dropdown
4 Валюталар кодтары Қазақстан Республикасының "Валюталар мен қорларды белгілейтін кодтар" 07 ИСО 4217-2001 мемлекеттік жіктеліміне сәйкес көрсетіледі.
Toggle Dropdown
5 Сатушыға төленген сыйақыны ескере отырып, мәміленің жасалғандығын растайтын бастапқы құжатта көрсетілген баға үтірден кейін төрт белгіге дейін нақты көрсетіледі (биржа куәлігі, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау).
Toggle Dropdown
6 Борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістілік жылдық процент бойынша көрсетіледі (облигациялармен мәмілелер бойынша - шеттету немесе сатып алу нәтижесі бойынша пайда болған кірістілік; "репо" және кері "репо" операциялары бойынша - репо мәмілелерін жасау бойынша пайда болған кірістілік).
Toggle Dropdown
7 Мәмілелер жасауға байланысты шығыстарды ескермей, үтірден кейін екі белгіге дейін нақты беріп, соманы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2-нысан. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНДЕГІ
ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫМДАР
Toggle Dropdown
N | Ақша ауда- рыл- ған күн 1 | Банк- тің атауы | Салым бо- йынша опе- ра- ция- лар 2 | Жасал- ған күні және банк салымы шар- тының нөмірі | Салым мер- зімі (күн- мен) | Сыйақы став- касы (жыл- дық про- цент- пен) | Салым валю- тасы | Салым со- масы 3 |
| | | | | | | | |
Toggle Dropdown
1 салым енгізілген жағдайда 1-бағанда клиенттің шотынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі банктік шотқа ақшаның аударылған күні көрсетіледі не мерзімінен бұрын қайтарылған немесе шарт бұзылған жағдайда - ақшаның клиенттің шотына қайтарылған күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2 Салым бойынша операциялар 3-бағанда көрсетіледі (ақшаны салымға енгізу, салым бойынша сыйақы төлемін жасау, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімінің бітуіне байланысты салымды қайтару).
Toggle Dropdown
3 8-бағанда жинақталған сыйақы сомасы үтірден кейін екі белгіге дейін нақты бере отырып, көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Клиенттер мен инвестициялық
портфельді басқарушылардың
меншікті активтерін
инвестициялау туралы жасалған
мәмілелердің есебін ұсыну
жөніндегі ережеге 2-қосымша
Toggle Dropdown
(инвестициялық портфельді басқарушының атауы ілік септігінде)
меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есебі
Toggle Dropdown
Меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар
Toggle Dropdown
| N | Мәміле жасалған күн | Брокердің/ дилердің атауы | Қызмет ақысы | Мәміле түрі | Нарық 2 | Бағалы қағаздың түрі және оның эмитентінің атауы3 | Ұлттық сәйкестендіру нөмірі |
| Брокер- дилердің | Банктің | Биржаның |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 1 | 7 2 | 8 3 | 9 |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Номиналдық құн валютасы (орналастыру бағалары)4 | Бір бағалы қағаздың номиналдық құны (орналастыру бағасы) | Мәміле көлемі (бағалы қағаздар данасы) | Төлем валютасы4 | Бір бағалы қағаз үшін сатып алу бағасы | Бағалы қағаз үшін сатып алу бағасы5 | Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (пайызбен)6 | Мәміле сомасы |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертулер:
Toggle Dropdown
1 Мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу және басқалар) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2 Сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3 Эмитенттің атауы және бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
Toggle Dropdown
4 Валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
Toggle Dropdown
5 Сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
Toggle Dropdown
6 Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - репо мәмілесін жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен мәмілені орындаумен байланысты, шығыстарды ескерусіз сома көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар
Toggle Dropdown
| N | Ақша аудары латын күн1 | Банктің атауы | Салым бойынша операциялар2 | Банктік салым шартының жасалған күні және нөмірі | Салым мерзімі (күнмен) | Сыйақы ставкасы (жылдық пайызбен) | Салым валютасы | Салым сомасы3 |
| | | | | | | | |
Toggle Dropdown
1 Салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа инвестициялық шоттан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2 Салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен жиналған сыйақыны ескеріп, сома көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған бағалы қағаздар
Toggle Dropdown
| N | Мәміле жасалған күн | Брокердің/ дилердің атауы | Қызмет ақысы | Мәміле түрі1 | Нарық 2 | Бағалы қағаздың түрі және оның эмитентінің атауы3 | Ұлттық сәйкестендіру нөмірі |
| Брокер- дилердің | Банктің | Биржаның |
| | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Номиналдық құн валютасы (орналастыру бағалары)4 | Бір бағалы қағаздың номиналдық құны (орналастыру бағасы) | Мәміле көлемі (бағалы қағаздар данасы) | Төлем валютасы4 | Бір бағалы қағаз үшін сатып алу бағасы5 | Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (пайызбен)6 | Мәміле сомасы | Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер |
| Атауы | Қызмет түрі | Орналасқан орны |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертулер:
Toggle Dropdown
1 Мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2 Сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3 Эмитенттің атауы және бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
Toggle Dropdown
4 Валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
Toggle Dropdown
5 Сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
Toggle Dropdown
6 Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - репо мәмілесін жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен мәмілені жасасумен байланысты, шығыстарды ескерусіз сома көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар
Toggle Dropdown
| N | Ақша аудары латын күн1 | Банктің атауы | Салым бойынша операциялар2 | Банктік салымшартының жасалған күні және нөмірі | Салым мерзімі (күн мен) | Сыйақы ставкасы (жылдық пайызбен | Салым валютасы | Салым сомасы3 | Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер |
| Атауы | Қызмет түрі | Орналасқан орны |
| | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертулер:
Toggle Dropdown
1 Салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа инвестициялық шоттан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2 Салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен жиналған сыйақыны ескеріп, сома көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған өзге мүлік 1
Toggle Dropdown
| N | Мүліктің түрі мен қысқаша сипаттамасы | Сатып алу күні | Мүліктің орналасқан орны | Сатып алу құны | Сатып алу мақсаты | Соңғы қайта бағалауды жүргізу күні күні | Жүргізілген қайта бағалауға сәйкес құны | Есептік күніндегі ағымдағы (баланстық) құны | Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер | |
| Атауы | Қызмет түрі | Орналасқан орны |
| | | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертулер:
Toggle Dropdown
1 Меншігіндегі немесе тұрақты жерді пайдалану құқығындағы жер;
Toggle Dropdown
меншігіндегі ғимараттар мен құрылыстар;
Toggle Dropdown
көлік құралдарын қоспағанда, машиналар мен жабдықтар.
Toggle Dropdown
1, 2-нысандар есептік кезең (ай) бойынша толтырылады, 3, 4, 5-нысандар қолданыстағы шарттар негізінде есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша толтырылады."
Toggle Dropdown
Клиенттер мен инвестициялық
портфельді басқарушылардың
меншікті активтерін
инвестициялау туралы
жасалған мәмілелердің
есебін ұсыну жөніндегі
ережеге 3-қосымша
Toggle Dropdown
____________ ________________ аралығындағы (клиенттің атауы ілік септігінде) (инвестициялық портфельді басқарушының атауы ілік септігінде) клиенттердің активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есебі
Toggle Dropdown
| N | Мәміле жасалған күн1 | Брокердің/дилердің атауы | Туынды қаржы құралының түрі 2 | Нарық 3 | Базалық актив және оның рейтингі 4 | Мәміле талаптарын сипаттау | Хиджерлеу объекті5 | Инвестициялық шешімнің нөмірі мен күні6 | Клиенттің атауы7 | |
| | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Клиенттердің активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға лер:
Toggle Dropdown
1 "Күні/айы/жылы" форматында мәміле жасалған күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2 Туынды қаржы құралының түрі көрсетіледі (опцион, фьючерс, форвард, своп және басқа туынды қаржы құралдары).
Toggle Dropdown
3 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және "қор биржасының атауы/елі" форматында оның резиденттік елі не мәміле "ұйымдастырылмаған нарық" форматында қор биржасында жасалмағаны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4 Туынды қаржы құралының базалық активі (бағалы қағаздың және оның эмитентінің атауы, валютасы, пайыздық ставкасы, тауар және өзге базалық активтер) және "базалық актив/рейтинг (рейтингтік агенттік)" форматында рейтингтік агенттік берген (бар болса) базалық активінің рейтингі көрсетіледі. Егер базалық активте рейтингтер болмаса, онда базалық актив көрсетіледі және "базалық актив/рейтингі жоқ" форматында рейтингтің жоқтығы аталады.
Toggle Dropdown
5 Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалса, "иә/ хеджирлеу объектісінің деректемелері" деген форматта "иә" деген сөз және хеджирлеу объектісінің деректемелері (бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, мөлшері, валютасы) көрсетіледі. Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалмаса "жоқ" деген сөз көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6 Инвестициялық комитеттің мәміле жасалғаны туралы инвестициялық шешімді қабылдау нөмірі мен күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7 Инвестициялық портфельді басқарушы клиенттердің активтерін инвестициялау бойынша мәмілелер жасаған жағдайда толтырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне 4-қосымша
Toggle Dropdown
___________ бастап __________________ кезең аралығында
__________________________________________________________
(инвестициялық портфельді басқарушының ілік септіктегі атауы)
клиент активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы
ЕСЕБІ
Toggle Dropdown
| № | Активтердің түрі (СА/КА) 1 | Клиенттің атауы | Клиенттің аффилиирленгендігінің белгісі 2 | Мәмілені жасасу күні 3 | Нарық4 | Мәміле түрі 5 | Мәміле бойынша қарсы серіктестің атауы 6 | Қарсы әріптестің аффилиирленгендігінің белгісі 7 |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Қаржы құралының параметрлері |
| Қаржы құралының түрі | Қаржы құралын шығарған (ұсынған) эмитенттің атауы | Ұлттық сәйкестендіру нөмірі 8 | Бір бірлігінің бағасы 8 | Мәміленің көлемі 8 (дана) | Мәміле сомасы9 (теңге) | Банктік салым шартының аяқталу күні | |
Toggle Dropdown
Аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға
Toggle Dropdown
* Тәуекелді инвестициялаудың жабық инвестициялық пай қорларына қатысты толтырылады және уәкілетті органға беріледі.
Toggle Dropdown
1 Инвестициялық портфельді басқарушының меншікті немесе клиент активтері көрсетіледі. Егер мәміле клиент активтері есебінен жасалған жағдайда, 2 және 3-бағаналар толтырылады.
Toggle Dropdown
2 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес клиент инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3 «Күні/айы/жылы» форматында мәміленің жасалған күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және «қор биржасының атауы/елі» форматында оның резиденттік елі не мәміле «ұйымдастырылмаған нарық» форматында қор биржасында жасалмағаны не «халықаралық нарықта» жасалғаны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
5 Мәміленің түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, «репо» ашылу және жабылу операциясы, банктік салым шартын жасасу және өзге мәмілелер). «Репо» операциялары бойынша сонымен қатар «репо» операцияларының түрі көрсетіледі: тікелей немесе кері «репо». Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша «» деген бағанада мәмілені жасау әдісі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болған (брокер мүддесінде әрекет еткен тұлғаны көрсетіп) жағдайда, «В» символы қолданылады және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретінде болған жағдайда "D" символы қолданылады. Банктік салым ашылған жағдайда, банктің атауы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес қарсы серіктес инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8 8, 9 және 10-бағаналар сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы бойынша мәмілелер үшін толтырылады.
Toggle Dropdown
9 Мәмілелер жасауға байланысты шығыстарды ескермей (сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы және өзге), жиналған сыйақыны ескеріп (банктік салымды ашу), үтірден кейін екі белгіге дейін нақты беріп, сома көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10 «Күні/айы/жылы» форматында банктік салым шартының аяқталу күні көрсетіледі.