• Мое избранное

Отправить по почте

18

Қазақстанның Даму банкі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 28 желтоқсан N 531

Мемлекеттік инвестициялық қызметті одан әрі жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өндірістерді дамыту, экономиканың нақты секторына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде " Қазақстанның Даму банкі " (бұдан әрі - Банк) жабық акционерлік қоғамын құрсын. 
1) орта және ұзақ мерзімді негізде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге және жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа өндірістер құруға несие беру және/немесе кепілдік беру; 
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қайтарымды немесе қайтарымсыз негізде іске асырылатын инвестициялық жобалар жөніндегі қаржы агентінің функцияларын орындау болып белгіленсін. 
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен: ,  
1) Банк қызметінің тұжырымдамасының жобасын бір ай мерзімде әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін; 
2) екі ай мерзімде Банкті құрумен байланысты қажетті заң актілерінің жобаларын әзірлесін; 
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2001 жылға арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу және нақтылау кезінде құрылатын Банктің жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларды көздесін.