Toggle Dropdown
Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 17 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5168 болып енгізілді.
Редакция 12.02.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжат айналымы департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрықты ол мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 12 ақпандағы
N 61 бұйрығымен бекітілген
"Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының Үлгі Біліктілік сипаттамалары"
1. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің лауазым Үлгі Біліктілік сипаттамалары
Жоғары оқу орнының ректоры
Қызметтік міндеттері: Оқу орнының Жарғысына сәйкес білім ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерін жүргізеді. Жоғары оқу орнының қызметіне ағымды және алдағы жоспарлау ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы білім жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуі, ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен, ғалымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүргізеді, осы заманғы ақпараттық технологияларды белсенді түрде пайдаланып, дамытады. Жоғары оқу орнының қаржы ресурстарына иелік етеді, оларды тиімді әрі мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Заңнамалыққа сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, жарналарды уақтылы аударып отыруды жүзеге асырады. Білім ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді. Еңбек заңнамалығына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және шығару мәселесін шешеді, қызметкерлерді ынталандыру мен жазалау шараларын қолданады. Бекітілген тәртіпте ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің аттестациясын, оқытушы-профессор құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурстар өткізеді. Қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде жоғарылатып отыруды, ғылыми-педагогикалық кадрларды магистратура, докторантура, ғылыми іс-тәжірибе, тәжірибеден өту арқылы даярлауды қамтамасыз етеді. Ғылыми кеңес пен Қамқоршылар кеңесінің жұмысына басшылық етеді. Білім қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес студенттер контингентін қалыптастыруды ұйымдастыруға бақылау жүргізеді, оқу-материалдық базаны есепке алу, сақтау мен толықтыруды қамтамасыз етуге, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнама талаптары мен басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарын қадағалауға, жоғары оқу орнының келісім-шарттық міндеттемелерін орындауға бақылау жасайды. Еңбекақы қорының үнемді әрі ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы заңнамалығы белгілеген шекте білім ұйымының мүліктері мен қаражаттарына иелік етеді. Білім саласындағы уәкілетті органға жоғары оқу орнының оқу, ғылыми қызметінің нәтижелері бойынша жыл сайын есеп тапсырады. Жоғары оқу орнының мүддесін барлық органдарда білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамалары тыйым салмаған және жоғары оқу орнының Жарғысында қаралған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдары мен/немесе білімді басқару органдарында басшы қызметтегі еңбек өтілі 7 жылдан кем болмауы.
Жоғары оқу орнының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры
Қызметтік міндеттері: Білім ұйымы мен жоғары оқу орны басшысы бөлген қызметтік міндеттерге сәйкес оқу әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық бір немесе бірнеше қызмет бағытына басшылық жасайды. Тиісті құрылымдық бөлімшенің қызметін ағымды және алдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Жетекшілік жасайтын бөлімшенің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін жүргізу үшін қажетті барлық құжаттамаларды дайындауға басшылық пен бақылау жасайды (курстық және курс аралық шараларды бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми жабдықтау, басшының бұйрықтарына, өкімдеріне мониторинг). Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып, оның өту барысына бақылау жасауды әдістемелік қамтамасыз етеді. Білім ұйымының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады. Білім ұйымының құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеп, кадрлардың біліктілігін арттыру мен кадрларды даярлау жұмыстарын жүргізеді, білім ұйымының басшысы бекітуге арналған құжаттарды дайындайды. Жоғары оқу орны қызметкерлерін ынталандыру мен шара көру туралы ұсыныстар енгізеді. Еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі мен қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөнінде заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қадағалауға бақылау жүргізеді. Жоғары оқу орнының тиісті құрылымдық бөлімшесі қызметінің нәтижесі туралы жыл сайын есеп дайындайды. Жоғары оқу орны Жарғысында қаралған қызметті жүзеге асырады. Мемлекеттік аттестациялық комиссия мен қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
Қызметтік міндеттері: Жоғары оқу орны факультетінің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие қызметтеріне жалпы басшылық жасау. Факультет қызметіне ағымды және алдағы жоспарлау жұмысын, оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеп, жетілдіру, оқу сабақтары мен емтихан кестелерін жасауды ұйымдастырады, олардың орындалуына, студенттердің сабаққа қатысуы мен сабақ үлгірімдеріне, топ тәлімгерлерінің жұмысына, өндірістік тәжірибелерге бақылау жасайды. Инновациялық оқыту технологияларын, техникалық оқыту құралдарын қолдануды ұйымдастырып, енгізеді. Кафедралардың жұмыс жоспарларын, факультет қызметкерлерінің жеке жұмыс жоспарларын, оқу пәндерінің бағдарламаларын бекітеді. Факультеттің оқытушы-профессор құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемелерін орындауларына, лекциялық, лабораториялық және практикалық сабақтар, семинарлар мен басқа да оқу сабақтары түрлерінің, өндірістік және дипломалды практикалардың өтуіне, кафедраларда жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының факультеттің негізгі ғылыми қызмет бағыттарына сәйкестігіне бақылау жасайды. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік мәжілістер, семинарлар мен конференциялар өткізуді ұйымдастырады. Магистранттар дайындау, оқытушы-профессор құрамының біліктілік жоғарылату жұмыстарын ұйымдастыруға бақылау жасайды. Факультет қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми мақалаларын жариялауға ұсынады. Факультет кеңесінің жұмысын өткізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік аттестациялық комиссия мен жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылады. Факультет кеңесінде төрағалық етеді. Факультеттің оқу, ғылыми қызметінің нәтижелері туралы жылдық есеп береді. Жоғары оқу орнының Жарғысында қаралған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
Қызметтік міндеттері: Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Кафедра студенттерінің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие, өндірістік жұмыстары мен практикаларына басшылық етеді. Инновациялық оқыту технологиясын енгізуге, техникалық оқыту құралдарын қолдануға, тәлімгерлердің тәрбие жұмыстарына, кафедралардың жұмыс жоспарларын, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын, кафедраның оқу пәндерінің жұмыс бағдарламаларын орындауларына, оқытушы-профессор құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемелерін орындауларына, лекциялық, лабораториялық, практикалық сабақтар, семинарлар, оқу, өндірістік және дипломалды практикалардың өтуіне бақылау жасайды. Кафедраның алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ғылыми-әдістемелік мәжілістер, семинарлар, оқытушылардың ашық сабақтарын өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Оқытушы-профессор құрамының біліктілігін жоғарылату жұмыстарын, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады. Кафедра мәжілістеріне төрағалық етеді. Кафедра қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарын жариялауға ұсынады. Кафедра жұмысы туралы есепті белгіленген мерзімде жоғары оқу орнының басшылығына береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, не болмаса ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
Қызметтік міндеттері: Лекциялық сабақтар, курстық және дипломдық жобалар өткізеді. Жоғары оқу орнының тақырыптық жоспарында қаралған ғылыми-зерттеу жұмыстарының даярлау мен орындалуын ұйымдастырады, сәйкес білім салалары бойынша оларды дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайды. Аға оқытушылар, оқытушылар мен ассистенттердің пәнді оқыту сапасына, олардың сабақ өткізуге дайындығына бақылау жасайды, жоғары деңгейде сабақ оқытуды қамтамасыз ету үшін тікелей ғылыми-әдістемелік көмек береді. Жоғары білім саласындағы қазіргі жетістіктер негізінде инновациялық оқыту технологияларын енгізеді, оқулықтар, оқу құралдары, лекциялық курстар мен практикумдарды баспаға даярлайды. Бекітілген тәртіпте жеке жұмыс жоспарын орындау жөнінде кафедра басшылығына есеп береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.
Қызметтік міндеттері: Лекциялар оқиды, курстық және дипломдық жобалар жөнінде кеңес беру өткізеді. Оқытушылар мен ассистенттердің өткізетін сабақтарының сапасына бақылау жасайды, оларға әдістемелік көмек береді. Оқулықтар, оқу құралдары, лекциялар курстары, практикумдар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, оқу және өндірістік практикалар бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды баспаға даярлайды. Бекітілген тәртіпте жеке жұмыс жоспарын орындау жөнінде кафедра басшылығына есеп береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде аға оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.
Қызметтік міндеттері: Жоғары оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімімен лекциялар оқиды. Лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, басқа да білім беру қызмет түрлерін өткізеді. Өз пәні бойынша ассистенттердің сабақ өткізуіне басшылық етеді, оларға әдістемелік көмек береді. Жоғары білім саласындағы қазіргі жетістіктер негізінде оқытудың белсенді әдістері мен технологияларын енгізеді. Оқулықтар, оқу құралдары, лекциялар курстары, практикумдар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, оқу және өндірістік практикалар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар даярлау жұмыстарын жүргізеді. Ассистент өткізетін оқу сабақтарының сапасына бақылау жасайды. Ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырады. Оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бекітілген тәртіпте жеке жұмыс жоспарын орындау жөнінде кафедра басшылығына есеп береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD (философия докторы) академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, оның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.
Қызметтік міндеттері: Лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, оқу және технологиялық практикалар өткізеді. Теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін жүйелі түрде жоғарылатып отырады, жоғары білім саласындағы қазіргі жетістіктер негізінде оқытудың белсенді әдістері мен технологияларын енгізеді. Лабораториялық-практикалық сабақтар, оқу және технологиялық практикалар, кафедралық тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар даярлауға қатысады. Ғылыми семинарлар, кафедра мәжілістерін өткізуді ұйымдастыруға қатысады. Бекітілген тәртіпте жеке жұмыс жоспарын орындау жөнінде кафедра басшылығына есеп береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы.
Қызметтік міндеттері: Тиісті оқу пәндерінен лабораториялық-практикалық сабақтар өткізеді, теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін жүйелі түрде жоғарылатып отырады. Ғылыми семинарлар, конференцияларға қатысады. Студенттерге кеңестер беріп, лабораториялық және практикалық жұмыстарын қабылдайды. Тәлімгерлік және басқа тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы.