• Мое избранное
"Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2157 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 2157 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
«Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын
 талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мен оның тіршілік циклінің үдерісіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты бірдейлендіру таңбалау және ілеспе құжаттары бойынша, белгілері, өлшемдері, көрсеткіштері және талаптары бойынша жиынтығында айырып тану үшін жеткілікті болатын, 1-қосымшада келтірілген Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен жүргізіледі.
3. Техникалық регламент:
1) 115о С-ден жоғары температурадағы су немесе 0,07 МПа (0,7 кгс/см2 ) қысым кезінде қайнау температурасынан асатын температура кезіндегі басқа улы емес, жарылыс өрт қауіпсіз сұйықтықтар қысымымен жұмыс істейтін ыдыстарға;
2) 0,07 МПа (0,7 кгс/см2 ) жоғары бу, газ немесе улы жарылыс өрт қауіпті сұйықтықтардың қысымында жұмыс істейтін ыдыстарға;
3) 0,07 МПа (0,7 кгс/см2 ) жоғары қысымдағы сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарды тасымалдауға және сақтауға, пайдалануға арналған баллондарға;
4) буларының қысымы 50о С дейінгі температура кезінде 0,07 МПа (0,7 кгс/см2 ) қысымнан асатын сығылған және сұйытылған газдарды тасымалдауға және сақтауға арналған цистерналар мен бөшкелерге;
5) қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см2 ) жоғары болғанда, оларды мерзімдік босату үшін берілетін, сығылған, сұйытылған газдарды, сұйықтықтар мен сусымалы денелерді тасымалдауға немесе сақтауға арналған цистерналар мен ыдыстарға;
6) барокамераларға қолданылады.
4. Сақтануды қажет ететін негізгі қауіпті факторлар (қатерлер):
1) қорғалмаған жылжымалы элементтер;
2) шу мен дірілдің жоғары деңгейі;
3) қысымның көтерілуі (жұмыс қысымы барынша көп жұмыс қысымынан аспауы);
4) өрт қауіпті және жарылыс қауіпті элементтер болып табылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу саласындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:
1) үлгі-айғақ - пайдалану үдерісінде материалдың жай-күйін анықтау үшін пайдаланылатын ыдыс тәрізді, сол материалдан және сол технология бойынша дайындалған үлгі;
2) бекемдетілген пластмассалар - пластмассадан (жалғастырушы) және толтырғыштан тұратын құрылымы біркелкі емес материал;
3) баллон - сығылған, сұйытылған немесе газ қысымымен ерітілген газдарды тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға арналған вентильдерді, фланцтерді немесе штуцерлерді орнату үшін бір немесе екі қылтасы бар ыдыс;
4) иректүтік - иілген құбыр түрінде орындалған жылу алмастырғыш құрылғы;
5) композициялық материал (композит) - бірнеше біртекті материалдан (компоненттерден) құралған құрылымы біртекті емес материал;
6) көп камералы ыдыс - әр түрлі немесе біркелкі шарт кезінде (қысым, температура, орта) пайдаланылатын, екі немесе одан көп жұмыс қуыстары бар ыдыс;
7) тығын - штуцердің немесе дөңесшенің саңылауларын қымтап жабатын көлемді бөлшек;
8) қалдық ресурс - объектінің техникалық күйін бақылау сәтінен бастап шекті күйге өтуіне дейінгі оның жиынтық жұмыс көлемі;
9) лейнер - жүктеме бөлігін көтеретін, бекемдетілген пластмассадан жасалған ыдыстың ішкі қымтаушы қабаты;
10) металл емес ыдыстар - біртекті немесе композициялық металл емес материалдардан жасалған ыдыстар;
11) металл пластикалық ыдыстар - ішкі қабаты (қабығы) металдан жасалған көп қабатты ыдыстар; қалған қабаттары бекемдетілген пластмассадан жасалған. Ішкі қабат жүктеме бөлігін көтереді;
12) толтырғыш - пластмассаны бекемдейтін материал; бекемдейтін материал ретінде талшықты, мата және мата емес материалдарды пайдаланады;
13) паспорт — өнім сипаттары және онымен қауіпсіз қатынас жасауды қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы мәлімет қамтитын құжат.
14) цистерна - теміржол вагонының жақтауына, автомобиль шассиінде (тіркемесінде) немесе газ тәрізді, сұйық және басқа заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған басқа да қозғалыс құралдарына тұрақты орнатылатын жылжымалы ыдыс;
15) ыдыс қызметінің есептік мерзімі - ыдысты пайдалануға енгізген күнінен бастап есептелген күнтізбелік жылдардағы қызмет мерзімі;
16) ыдыстың (элементтің) рұқсат етілген қысымы — ыдыстың (элементтің) техникалық куәландыру немесе диагностикалау нәтижелері бойынша белгіленген барынша қолжетімді артық қысымы.
3. Қазақстан Республикасы нарығындағы өнім айналымының шарттары
6. Егер қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес болмаса және адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болса нарықта сатылмайды.
7. Тұтынушыларға ілеспе құжаттамада көрсетілген толық және нақты ақпарат ұсынылады.
Ілеспе құжаттама:
1) жобалық құжаттар мен өнім паспортын;
2) монтаждау жөніндегі нұсқаулықты;
3) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қамтуы тиіс.
8. Дайындаушы әр ыдысты тапсырыс берушіге паспортпен жеткізеді (осы Техникалық регламентке 2-қосымша ).
Паспортқа пайдалану жөніндегі нұсқаулық қоса беріледі.