• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207       
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.10.2004. № 1131 қаулысымен. (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының электр энергиясын беруде үзiлiстерге жол беруге өмiрлiк маңызды объектiлерiн үздiксiз электрмен жабдықтау, бұл объектiлердiң авариялық бронь бойынша тұтынған электр энергиясы үшiн уақытылы кепiлдiктi ақы төлеуiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы объектiлерiнiң жұмысында төлем жасау себебi бойынша кiдiрiске жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:  
1. Қоса беріліп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттары бекiтiлсiн.  
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.10.2004. № 1131 қаулысымен. (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiм iшiнде республикалық маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн жасасын және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын, сондай-ақ оларға арналған авариялық бронның шамасын белгiлесiн.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.10.2004. № 1131 қаулысымен. (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
5.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)       Қазақстан Республикасының 
3,4,5-тармақтар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2004. № 1131 қаулысымен. (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау туралы ереже мен шарттар
Ереже жаңа редакцияда берілді ҚР Үкіметінің 29.10.2004. № 1131 қаулысымен. (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ережелер, электрмен ажыратып тастау адамдардың өмiрi үшiн қауiп тудыратын немесе апаттық немесе экономикалық зардаптарға әкеп соғатын Қазақстан Республикасының шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары электр энергиясымен қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды және оны бергенi үшiн төлем жасаудың тәртiбiн белгілейдi.