Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 347 Қаулысы
Редакция 23.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметтерін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 13 сәуірдегi
N 347 қаулысымен
бекiтiлген
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi.
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi.
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.