1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
Отправить по почте
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1246 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.07.2011 № 747 Қаулысымен (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
"Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары Жоспарда белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жыл сайын, 20 маусым мен 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, 30 маусым мен 30 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1246 қаулысымен бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжамды шығыстар, (мың тг.) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Мемлекеттік басқару, заң шығару, іс қағаздарын жүргізу салаларында, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметте мемлекеттік тілді дамыту | ||||||
1. | Қазақстан Республикасының көрнекі ақпаратының жай-күйін зерделеу бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | 2009 жылғы 30 маусым | Барлығы: 3000 оның ішінде: 2009 ж. - 3 000 | Республикалық бюджет |
2. | Халықаралық қызметте, мемлекеттік басқару саласында, прокуратура, қорғаныс органдарында, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету | МАМ-ға ақпарат | БП (келісім бойынша) Қорғанысмині, ІІМ, СІМ | Жыл сайын 20 маусым, 20 желтоқсан | Талап етілмейді | |
3. | Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру | МАМ-ға ақпарат | Орталық атқарушы органдар | Жыл сайын 20 маусым, 20 желтоқсан | Барлығы: 641 168 оның ішінде: 2009 ж. - 315 095 2010 ж. - 326 073 | Республикалық бюджет |
Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілдік дамыту | ||||||
4. | Жалпы білім беретін мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тартуды қамтамасыз ету | МАМ-ға ақпарат | БҒМ (жинақтау) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 20 маусым, 20 желтоқсан | Барлығы: 4 126 720 оның ішінде: 2009 ж. - 2 063 360 2010 ж. - 326 360 | Жергілікті бюджет |
5. | Қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру | МАМ-ға ақпарат | БҒМ | Жыл сайын 20 маусым, 20 желтоқсан | Барлығы: 96 811 оның ішінде: 2009 ж. - 45 845 2010 ж. - 50 966 | Республикалық бюджет |
6. | Қазақ тілінің мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ету | МАМ-ға ақпарат | БҒМ | Жыл сайын 20 маусым, 20 желтоқсан | Барлығы: 261 612 оның ішінде: 2009 ж. - 118 352 2010 ж. - 143 260 | Республикалық бюджет |
7. | Қазақ тілінде балаларға арналған анимациялық және көркем фильмдер шығару | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 424 000 оның ішінде: 2009 ж. - 212 000 2010 ж. - 212 000 | Республикалық бюджет |
8. | Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 20 278 оның ішінде: 2009 ж.- 9 749 2010 ж.- 10 529 | Республикалық бюджет |
9. | Ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептері арқылы ұлттық тілдерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 26 898 оның ішінде: 2009 ж. - 12 932 2010 ж. - 13 966 | Республикалық бюджет |
10. | Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, неғұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеуді және жасауды жүзеге асыратын мамандарды ынталандыру жөнінде іс-шаралар өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 желтоқсан | Барлығы: 13 175 оның ішінде: 2009 ж. - 6 334 2010 ж. - 6 841 | Республикалық бюджет |
Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету | ||||||
11. | Мемлекеттік қызметшілерге қазақ және ағылшын тілдерін жеделдетіп оқытуға арналған жалпы пайдаланылатын қағидалық сөздіктер, оқулықтар, оқу бағдарламалары мен жоспарлар, әдістемелік құралдар, интерактивті оқыту жүйесін, инновациялық-әдістемелік бейнесабақтар әзірлеу және шығару | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 757 469 оның ішінде: 2009 ж. - 419 440 2010 ж. - 338 029 | Республикалық бюджет |
12. | Қазақстан Республикасының ономастикалық атауларын ретке келтіру жөніндегі жұмыстарды жетілдіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 49 338 оның ішінде: 2009 ж.- 23 720 2010 ж.- 25 618 | Республикалық бюджет |
13. | Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретуге ықпал ететін "Балапан" көркем журналын шығаруды жалғастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 16 286 оның ішінде: 2009 ж. - 7 830 2010 ж. - 8 456 | Республикалық бюджет |
14. | Мемлекеттік және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту проблемалары бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 7 887 оның ішінде: 2009 ж. - 3 792 2010 ж. - 4 095 | Республикалық бюджет |
15. | Тілдерді дамытудың өзекті проблемалары, тілдік орта құру, қазақ терминологиясын жасау, көне түрік жазбалары күндерін өткізу жөнінде республикалық (өңірлік) ғылыми-практикалық конференциялар, семинар-кеңестер, конференциялар, "дөңгелек үстелдер" өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 88 577 оның ішінде: 2009 ж. - 42 585 2010 ж. - 45 992 | Республикалық бюджет |
16. | "Тілдарын" республикалық олимпиадасын өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 желтоқсан | Барлығы: 3 975 оның ішінде: 2009 ж. - 1911 2010 ж. - 2 064 | Республикалық бюджет |
17. | Славян жазбалары күндерін өткізу | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым | Барлығы: 4310 оның ішінде: 2009 ж. - 2 072 2010 ж. - 2 238 | Республикалық бюджет |
18. | Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссиясының жұмысын жалғастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Талап етілмейді | |
19. | Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының бюллетеньдерін шығаруды жалғастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 7 752 оның ішінде: 2009 ж. - 3 727 2010 ж. - 4 025 | Республикалық бюджет |
20. | Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 4 786 оның ішінде: 2009 ж. - 2 301 2010 ж. - 2 485 | Республикалық бюджет |
21. | Мемлекеттік терминология комиссиясы жанындағы 30 салалық бағыт бойынша жұмыс топтарының іс-шараларын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 41 732 оның ішінде: 2009 ж. - 20 544 2010 ж. - 21 188 | Республикалық бюджет |
22. | Мемлекеттік тілде топографиялық карталарды дайындау және шығару | МАМ-ға ақпарат | ЖРА | Жыл сайын 20 маусым, 20 желтоқсан | Барлығы: 581 410 оның ішінде: 2009 ж. - 278 187 2010 ж. - 303 223 | Республикалық бюджет |
23. | Тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелері бойынша тұрақты түрде жұмыс істейтін сараптамалық топтың отырыстарын өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 1 565 оның ішінде: 2009 ж. - 753 2010 ж. - 812 | Республикалық бюджет |
24. | "Тіл және қоғам" альманахын шығаруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 11434 оның ішінде: 2009 ж. - 5 497 2010 ж. - 5 937 | Республикалық бюджет |
Мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында тілдік дамыту | ||||||
25. | Қазақстан халқы тілдерінің ХІ-ХІІ республикалық фестивалін өткізу | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 30 желтоқсан | Барлығы: 13 670 оның ішінде: 2009 ж. - 6 572 2010 ж. - 7 098 | Республикалық бюджет |
26. | "Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық конкурсын өткізу | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым | Барлығы: 13 139 оның ішінде: 2009 ж. - 6 317 2010 ж. - 6 822 | Республикалық бюджет |
27. | Мемлекеттік және Қазақстан халқы тілдерін насихаттау бойынша республикалық конкурстар өткізу | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 83 200 оның ішінде: 2009 ж. - 40 000 2010 ж. - 43 200 | Республикалық бюджет |
28. | Мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған теле-, радиохабарлар қазақ тілінде жастарға, балаларға арналған бірегей бағдарламалар дайындауды және трансляциялауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 601 990 оның ішінде: 2009 ж. - 302 495 2010 ж. - 299 495 | Республикалық бюджет |
29. | Этникалық мерзімді басылымдарда мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған арнайы жолдар ашуды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы ның Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 27 000 оның ішінде: 2009 ж. - 12 000 2010 ж. - 15 000 | Республикалық бюджет |
30. | Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін басып шығаруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 1 467 559 оның ішінде: 2009 ж. - 705 557 2010 ж. - 762 002 | Республикалық бюджет |
31. | "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясаты" атты жарнамалық-имидждік (әлеуметтік) роликтер жасауды және эфирге шығаруды қамтамасыз ету | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 желтоқсан | Барлығы: 6 843 оның ішінде: 2009 ж. - 3290 2010 ж. - 3 553 | Республикалық бюджет |
32. | Ақпараттандыру және байланыс, көлік және коммуникация, сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету | МАМ-ға ақпарат | АБА, ККМ, ИСМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 20 маусым, 20 желтоқсан | Талап етілмейді | |
33. | Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін дамытудың ақпараттық жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын 30 маусым, 30 желтоқсан | Барлығы: 355 147 оның ішінде: 2009 ж. - 355 147 | Республикалық бюджет |
34. | Халықаралық тәжірибені жүйелі зерделеу және Қазақстанға енгізу үшін Қазақстанның ЕО елдерімен тіл саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығын құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ, СІМ | 2009 жылғы 30 желтоқсан | Барлығы: 71 309 оның ішінде: 2009 ж. - 35 909 2010 ж. - 35 400 | Республикалық бюджет |
| | | | | 2009 ж. - 5 066 313 | |
2010 ж. - 4 763 727 | ||||||
| Барлығы: | | | | 9 830 040 | |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |