• Мое избранное
"Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі" нұсқаулықты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі" нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1797.

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 жылғы № 842 Бұйрығына сәйкес
Редакция 23.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру мен жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі" нұсқаулық бекітілсін. 
2. Астана, Алматы қалалары және облыстардағы ішкі істер департаментінің бастықтары:  
1) осы Нұсқаулықты жол полициясының, жол қозғалысын қадағалауға тартылатын ішкі істер органдарының басқа да қызметтері мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің оқып-үйренуін қамтамасыз етсін;  
2) жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын.
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 23.02.2011 № 88 бұйрығымен (15.09.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Ішкіісминнің Жол полициясы департаментіне (Н.Т.Мырзабеков) жүктелсін.
: 3-тармақ өзгертілді - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 168 бұйрығымен.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
генерал-лейтенант
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер Министрінің
 2002 жылғы 21 ақпандағы
 N 103 бұйрығымен
 бекітілген
Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Мәтiндегi "комитеті" сөз "департаменті" сөзбен ауыстырылды; барлық мәтін бойынша "кешендік тексеру", "кешенді тексеруді", "кешенді тексерулердің", "кешенді (21.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)(тоқсандық) тексеру", "бақылау тексерулер", "бақылаулық тексерулер", "тоқсандық тексерулерді" сөздер тиісті септіктерде "кешенді байқау", "қорытынды тексеру", "тоқсандық тексеру" сөздермен, «департаменті», «департаментінің» сөздер «комитеті», «комитетінің» сөздермен, ал «Астана қаласы Ішкі істер басқармасының (бұдан әрі - ІІБ), Алматы қаласының Ішкі істер бас басқармасының (бұдан әрі - ІІББ), облыстардағы ІІББ-ІІБ-ның» сөздер «Астана, Алматы қалалары және облыстардағы ІІД-нің» сөздермен ауыстырылды - Ішкі істер министрлігінің 16.03.2005 № 168, 15.09.2005 № 548, 23.02.2011 № 88 бұйрықтарымен.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Нұсқаулық жол полициясы бөлімшелерінің автомобиль жолдарды (бұдан әрі - жолдар), жол құрылғыларды, темір жол өткелдерін және электр көлігі желілерін жобалау, құрылысын салу, қайта жаңарту, жөндеу, қалпына келтіру және ұстау кезінде ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын, автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін мемлекеттік қадағалау мен бақылау тәртібін жол қозғалысы жағдайларын зерделеу және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру шараларын қабылдауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды. 
2. Жол полициясының бөлімшелері жолда қызмет ету бөлігіндегі ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруді мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің кесімдерін, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады. 
3. Жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруде мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру ішкі істер органдарының жол полициясы қызметінің жол тексеру бөлімдеріне (бөлімшелеріне, топтарына) және аудандардың (қалалардың) жол полициясы бөлімшелеріне жүктеледі. 
4. Жол тексеру бөлімдері (бөлімшелері, топтары) және аудандардың (қалалардың) жол полициясы бөлімшелері:  
1) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген:  
жол қозғалысының, көше-жол желісінде және жолдардың бөлу сызықтарында көліктік және өзге де қызметті жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдердің, нормативтердің, ережелердің және стандарттардың;  
жол қозғалысы мен автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттардың;  
қалаларды, елді мекендерді, тұрғын үй массивтерін, өнеркәсіптік аймақтар мен кәсіпорындарды жобалау және олардың құрылысын салу кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде ережелердің, нормативтердің және стандарттардың;  
автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылғыларын, темір жол өткелдерін және электр көлігі желілерін жобалау, құрылысын салу, қайта жаңарту, жөндеу және қалпына келтіру кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде ережелердің, нормативтердің және стандарттардың;  
автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылғыларын және темір жол өткелдерін жол қозғалысы үшін қауіпсіз жағдайда ұстау ережелерінің;  
жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын шығару, орнату және пайдалану жөніндегі ережелердің, нормативтердің және стандарттардың;  
автокөліктермен жолаушылар мен жүктер тасымалдаудың  ережелерінің сақталуына мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады;  
2) жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі - ЖКО), сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқық бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттердің себептері мен жағдайларын анықтайды және талдайды, оларды жою шараларын қабылдайды, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;  
3) жол қозғалысының жағдайын зерделейді, көлік құралдары мен жаяу жүргінші қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын сараптау, жол қауіпсіздігі бойынша мамандар даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;  
4) министрліктерге, агенттіктерге, ведомстволарға және өзге де ұйымдарға жол қозғалысының қауіпсіздігі деңгейін арттыру, азаматтарды, заңды тұлғаларды және мемлекетті жол-көлік оқиғаларының зардаптарынан қорғау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;  
5) ережелердің, нормативтердің және стандарттардың талаптары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде сақталмаған жағдайда тиісті органдарға азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс объектілерін, жолдарды, жол құрылғыларын, темір жол өткелдерін және электр көлігі желілерін жобалауды, құрылысын салуды, қайта жаңартуды, жөндеуді және қалпына келтіруді не ұстауды қаржыландыруды тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізеді;  
6) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың, ережелердің, нормалардың, нормативтердің және стандарттардың талаптарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың орындауы үшін міндетті ұйғарымдар береді;  
7) автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылғыларын, темір жол өткелдерін, электр көлігі желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;  
8) өз құзыретінің шегінде автомобиль жолдары бойынша тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат беруге келіседі. 
2. Автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылғыларын, 
 темір жол өткелдерін және электр көлігі желілерін жобалау 
 кезінде ережелердің, нормативтердің және стандарттардың 
 сақталуына мемлекеттік қадағалау және бақылау 
5. Автомобиль жолдарының, көшелердің, жол құрылғыларының, темір жол өткелдерінің электр көлігін желілерінің құрылысын салу, қайта салу, жөндеу және қалпына келтіру жоба құжаттарын тексеру кезінде ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау және бақылау. 
6. Жоба құжаттарының құрамы мен мазмұнына байланысты қосымша:  
1) жобаланған және тұрғылықты көше-жол желісін байланыстыру, көлік қиылыстарын әр деңгейде қолдануға;  
2) қозғалысты ұйымдастырудың озық әдістерін енгізу мүмкіншілігіне, соның ішінде жол қозғалысын автоматтандырылған жүйемен басқаруға және маршруттық бағдар жүйесін келесі сатыларда жобалауға;  
3) жобамен қабылданған автомобиль жолдарының санаттары болашақтағы қозғалыстардың жүйелілігіне сәйкестігіне;  
4) автомобиль жол құрылысының және елді мекенді айналып өтетін жолдардың бірнеше нұсқасы болуына;  
5) автомобиль жолдарының геометриялық параметрлерінің қабылданған санатқа сәйкестігіне;  
6) көлік қиылыстарының орналасуына және олардың түрлерін, қозғалысты, соның ішінде автомобиль және темір жолдар қиылысатын орындарда ұйымдастырудың нобайларын таңдауға;  
7) бір-бірінен бөлініп жатқан елді мекендерді көлік байланысымен қамтамасыз етуге;  
8) маршруттық көлік құралдары үшін аялдама, тұрақ орны, демалыс алаңы және басқа да сервис объектілерінің болуы және орналасуы, оларға кіре беріс жолдардың болуына көңіл бөлу қажет. 
7. Жұмыс құжаттарын (инженерлік жобаны) қарай отырып:  
1) жолдар және жол құрылғылар жоспарының геометриялық элементтер параметрлерінің, көлденеңдік және бойлайтын профильдердің дұрыс тағайындалуына;  
2) жүріс бөлігінің үстіңгі қабатының түрін таңдауға;  
3) жол жоспарындағы аз радиусты қисықтарда вираждың (жалтарыс) немесе өтпелі қисықтардың бар-жоғына, сондай-ақ қажетті жүріс бөлігінің кеңейтілуіне;  
4) жолдардағы жоспар мен профильдегі қисықтарда, олардың қиылыстарында және темір жол өткелдерінде көріністі қамтамасыз етуге;