• Мое избранное
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығы

Тақырып өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (29.12.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығына сәйкес
Редакция 24.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (29.12.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтіні;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
29 желтоқсандағы № 319
Жарлығымен бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің анты
Ант өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (29.12.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халқыма адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.
А.Ә.Т. ________________________________________________________
  
_______________________________________________________________
(қолы, күні)
Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319
Жарлығымен бекітілген
  • 2
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (29.12.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік қызметке тұңғыш рет кіре отырып, ант береді.
2. Мемлекеттік қызметті тоқтатқан адамдар мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан кіре отырып, антты қайтадан береді.
3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымға тағайындалған немесе сынақ мерзімінен табысты өткен күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.
4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мемлекеттік органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.
  • 1
5. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса, «А» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік қызметшілері:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерiне – облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдері аппараттарының басшылары; облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері ант береді.
  • 1
6. Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары тиісті орталық атқарушы органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері облыс, астана, республикалық маңызы бар қала мәслихатының сессиясында ант береді.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері облыстар аудандарының әкімдеріне ант береді.
2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібі
7. Ант салтанатты жағдайда мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамның не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган (құрылымдық бөлімше) қызметкерлерінің қатысуымен қабылданады. Ант беру рәсіміне өзге де лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
8. Белгіленген уақытта мемлекеттік орган басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адам не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдар, тиісті мемлекеттік органның (құрылымдық бөлімшенің) қызметкерлері, шақырылған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба орнатылған үй-жайға жиналады.
9. Ант беру салтанаты мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамның не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдардың кіріспе сөз сөйлеуімен басталады. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) өкілі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді шақырып, оларға ант мәтіні бар бланкілерді тапсырады. Содан кейін әрбір ант беруші мемлекеттік әкімшілік қызметші жиналғандардың алдында ант мәтінін мемлекеттік тілде не орыс тілінде оқиды.
Ант берілген күні көрсетілген, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қолы қойылған ант мәтіні бар бланк оның жеке істері материалдарында сақталады.
Ант берілгеннен кейін мемлекеттік органның басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адам не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдар, сондай-ақ шақырылған лауазымды адамдар (соңғылар – қалауы бойынша) құттықтау сөз сөйлейді. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады, қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
10. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік тізіміне ант бергені туралы тиісті жазба енгізіледі.