1. Қосымшаға сәйкес өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
Отправить по почте
Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 18 сәуір N 517
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 691 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Редакция 29.12.2002 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының N 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мемлекеттік органдар бір апта мерзімде Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының тиісті кандидатуралардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 517 қаулысына қосымша
Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша)